Ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар бөлімінің инженері

«Karabatan Utility Solutions» ЖШС Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
15

Қаралған саны:
292

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • АТ-инфрақұрылымның аппараттық, бағдарламалық, желілік және сервистік компоненттерінің, соның ішінде СВТ және ЛВС, АТ және байланыс жабдығы, кеңсе техникасы, бейнебақылау жүйелері (ББЖ), кіруді бақылау және басқару жүйелері (КББЖ), бағдарламалық-техникалық кешендер (БТК), ақпараттық жүйелер (АЖ) және Қауымдастық сервистері (бұдан әрі — Қауымдастықтың жабдығы мен жүйелері) сенімді әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • Өндірістің техникалық деңгейін арттыруға, еңбек өнімділігінің өсуіне, өзіндік құнның төмендеуіне, өнім сапасы мен бәсекеге қабілеттілігінің жақсаруына, сондай-ақ еңбек үшін қолайлы жағдайлар мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал ететін Қауымдастықта заманауи жабдықтар мен жүйелерді енгізуге қатысу; 
  • Қауымдастықтың жабдығы мен жүйелерін орнату және баптау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, тестілеу және дұрыс пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және орындау, сондай-ақ олардың дұрыс әрі уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
  • Пайдалануға жаңадан енгізілетін Қауымдастықтың жабдығы мен жүйелерін қабылдауға, сынақтан өткізуге және іске қосу-ретке келтіруге қатысу, олардың орындалу барысын бақылау;
  • Пайдаланылып жүрген және жаңа Қауымдастықтың жабдығы мен жүйелерін меңгеру кезінде қызметкерлерге көмек көрсету және әдістемелік қолдау көрсету;
  • Барлық бөлімшелерден алынған өтінімдерді уақтылы өңдеу, сондай-ақ өз құзыреті мен өкілеттігі шеңберінде қосалқы бөлшектерге, материалдарға, жабдыққа, құралдарға, бағдарламалық қамтамасыз етуге және қызметтерге арналған жалпы өтінімді жасау;
  • Операциялық жүйелерді, серверлік және клиенттік бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату, баптау және сүйемелдеу;
  • Серверлік, желілік, клиенттік, қашықтағы және басқа да жабдықтың, сондай-ақ Қауымдастықтың жүйелері мен желілерінің дұрыс жұмыс істеуі мен пайдаланылуын бақылау, олардың сенімді әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
  • Жүйелердің жұмыс істеуінің бұзылуының барлық жағдайларын анықтау және талдау (жабдықтың істен шығуы немесе ақаулығы, бағдарламалық қамтамасыз етудің іркілісі салдарынан туындаған), және оларды шұғыл жою үшін дереу шаралар қабылдау;
  • ЛВС пен АЖ-ны, корпоративтік электрондық поштаны, жұмыс уақытын есепке алу жүйелерін, кіруді бақылау және басқару жүйелерін, корпоративтік электрондық құжат айналымы жүйелерін және веб-сайтты, сондай-ақ Қауымдастықтың басқа да АЖ-ларын әкімшілендіру;
  • Ақпараттық қауіпсіздік талаптарының орындалуын, корпоративтік АЖ, БТК, ЛВС және телефония деректерін қорғауды қамтамасыз ету және бақылау;
  • Принтерлер, плоттерлер және басқа да кеңсе техникасы үшін шығын материалдарының уақтылы ауыстырылуын бақылау, сондай-ақ олардың шығыны мен қоймадағы қорын есепке алу;
  • Қызмет көрсетілетін жабдықты, материалдарды, негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және Қауымдастықтың тауарлық-материалдық құндылықтарын түгендеуге қатысу;
  • Ақпаратты қорғау бойынша талаптарды сақтау, Қауымдастықтың қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпиясын құрайтын мәліметтердің, деректер мен құжаттардың құпиялылығын сақтау, олар лауазымдық міндеттерді орындау процесінде немесе өзге тәсілмен қолжетімді болған жағдайларда;
  • ISO/IEC 27001:2022 сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі саласындағы Қауымдастықтың ішкі құжаттарының талаптарын сақтау және олардың орындалуын бақылау;
  • Оған тікелей басшысымен және Қауымдастықтың ішкі құжаттарымен жүктелген, оның құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Талаптар:

  • Сәйкес бағыт бойынша жоғары кәсіби білім
  • Жұмыс өтілі кемінде 3 жыл

Шарттар:

Қажетті қабілеттер

  • Высшее професиональное образование в области информационные системы