Локомотив депосының диспетчері (РЦУП-2 Алматы қ) пайдалану цех3 Алматы локомотив пайдалану депосы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Локомотивтердің бар болуын, жай-күйін және орналасуын үздіксіз бақылауды жүзеге асырады.
- Қозғалыстың барлық түрлерінде локомотивтердің жұмысы бойынша тәуліктік және ауысымдық жоспардың орындалуын қадағалайды.
- Локомотивтердің техникалық жай-күйін, белгіленген айналым тәртібін және учаскелердегі локомотивтерге деген қажеттілікті ескере отырып, оларды тиімді бөлуді қамтамасыз етеді.
- Локомотивтердің пойыздарға уақтылы қойылуын бақылайды және жарамды локомотивтердің жұмыссыз негізсіз тұрып қалуына жол бермейді.
- Пойыздарды локомотивтермен және бригадалармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ҚТЖО (РЦУП) диспетчерлік аппаратымен, станция бойынша кезекшілермен, ТЧЭ жедел қызметкерлерімен және басқа да қатысты бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасайды.
- Локомотив бригадаларына жедел бақылауды жүзеге асырады; жұмысқа келуін, жұмыстың басталу және аяқталу уақытын, жұмыс күтудегі уақытын, еңбек және демалыс режимінің сақталуын қадағалайды, бригадалардың белгіленген жұмыс ұзақтығының негізсіз асып кетуіне жол бермейді.
- Пойыздың жөнелтілуі кешіккен жағдайда, себебін уақтылы анықтап, локомотив бригадасын тиімді пайдалану бойынша жедел шаралар қабылдайды.
- Локомотив бригадаларының шығынға ұшырау себептерін; пойыздардың уақтылы берілмеуін және жөнелтуді ұзақ күтуді, бригадаларды уақтылы ауыстырмауды, негізсіз ауыстыруларды, бригадаларды реттеу тәртібінің бұзылуын анықтайды.
- Локомотив бригадаларын белгіленген уақыттан артық жұмысқа негізсіз тартуға жол бермейді, бригадалардың жұмыс ұзақтығының асып кету қаупі туындаған кезде оларды ауыстыруды қамтамасыз ету бойынша уақтылы шаралар қабылдайды.
- Локомотивтердің негізсіз бос тұрып қалуына, тіркеуден ажыратылуына және басқа да өнімсіз шығындарға жол бермей, жүк және шаруашылық қозғалысында локомотивтерді тиімді бөлуді және пайдалануды қамтамасыз етеді.
-
Станция және депо жолдарында, айналым пункттерінде локомотивтер мен локомотив бригадаларының жұмыс күтудегі негізсіз бос тұрып қалуын, қозғалыс түрлері бойынша пайдаланылатын және пайдаланылмайтын локомотив паркін, локомотивтердің жүрісін бақылайды және есепке алады, артық жүріске жол бермейді, техникалық сервистік қызмет көрсетуге және жөндеуге уақытылы жеткізілуін және тіркеуден ажыратылуын, сондай-ақ шекаралық станцияларда локомотивтердің жұмыс күтуде бос тұрып қалуын қамтамасыз етеді.
-
Локомотивтердің орналасу орны, олардың жұмыс уақыты, резервпен жүрудегі бос тұрып қалуы, артық жүрісі және пойызаралық жүрісі туралы ақпараттың анықтығын қамтамасыз етеді.
-
Локомотивтер мен локомотив бригадаларын пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі бойынша жедел жағдай туралы ақпаратты қалыптастыруды және ТЧЭ мен ГПТ-ға беруді жүзеге асырады.
Біліктілік талаптары:
-
Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Локомотивтер және локомотив шаруашылығы).
Жұмыс тәжірибесі: жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр