Локомотив депосы диспетчері (РЦУП-2 қ. Алматы) аға Пайдалану цехі ТЧЭ-28 Алматы локомотив пайдалану депосы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Локомотивтер мен локомотив бригадаларын тиімсіз пайдалану жағдайларын жүйелі есепке алуды, бақылауды және талдауды жүзеге асырады.
- Локомотив бригадаларының жұмыс уақытының шығыны мен локомотивтердің өнімсіз жүрісі себептеріне талдау жасайды, оларды қысқарту бойынша ұсыныстар әзірлейді.
- ҚТЖО (РЦУП) диспетчерлік аппаратымен, ТЧЭ (локомотив пайдалану депосы) жедел қызметкерлерімен және басқа да қатысты бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасайды.
- Локомотив диспетчерлерін Серіктестіктің жедел бұйрықтарымен таныстырады.
- Локомотив диспетчерлерінің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді, локомотив паркі мен локомотив бригадаларын жедел басқаруды, оларды тиімді пайдалануды бақылауды және белгіленген пайдалану көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
- Локомотивтердің негізсіз бос тұрып қалуына, тіркеуден ажыратылуына және басқа да өнімсіз шығындарға жол бермей, жүк және шаруашылық қозғалысында локомотивтерді тиімді бөлуді және пайдалануды қамтамасыз етеді.
- Станция және депо жолдарында, айналым пунктерінде локомотивтер мен локомотив бригадаларының жұмыс күтудегі негізсіз бос тұрып қалуын бақылайды және есепке алады.
- Пайдаланылатын және пайдаланылмайтын локомотив паркін нөмірлік бақылауды және есепке алуды, шекаралық станцияларда жұмыс күтудегі локомотивтердің бос тұрып қалуын, локомотивтердің жүрісін қадағалайды; артық жүріске жол бермейді, техникалық сервистік қызмет көрсетуге және жөндеуге уақытылы жеткізілуін және тіркеуден ажыратылуын қамтамасыз етеді.
- ТЧЭ және ГПТ-ға (басшылыққа) жедел ақпаратты қалыптастыруды және беруді жүзеге асырады, есепке алу және есептілік құжаттарына түзетулер енгізеді.
- Локомотивтер мен локомотив бригадаларын пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі бойынша анықтамалық және талдамалық ақпаратты қалыптастырады және ұсынады.
- ТЧЭ және ГПТ-ға жиынтық есепті жасауды және ұсынуды жүзеге асырады.
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Локомотивтер және локомотив шаруашылығы); Көліктегі тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару (салалар бойынша); Темір жол көлігіндегі тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару.
Жұмыс тәжірибесі: локомотив диспетчері / депо бойынша кезекші / бөлімше бойынша кезекші / локомотив, пойыз немесе торап диспетчері лауазымдарында кемінде 1 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр