Жоба жетекшісі, Ақпараттық технологиялар департаменті

ТОО QazCloud Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
76

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1.        Қоғамның бекітілген Ақпараттық қауіпсіздік саясаты талаптарының сақталуын IT- және цифрлық жобаларды іске асыру кезінде қамтамасыз ету.
2.         ISO/IEC 27001 және ISO/IEC 27017 стандарттарына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.
3.         Қор тобы шеңберінде ақпараттық технологиялар және цифрландыру мәселелері бойынша сараптама жүргізу.
4.         IT-стратегияны және IT-архитектураны басқаруға қатысу, цифрлық және IT-жобаларды іске асыру, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау және мониторингті жүзеге асыру.
5.         IT- және цифрлық жобаларды ұйымдастыру және басқару, оның ішінде жұмыстарды жоспарлау, мерзімдерді, ресурстарды, тәуекелдерді айқындау және нәтижелерге қол жеткізуді бақылау.
6.         Ақпараттық жүйелерді жобалауға қатысу және олардың архитектурасына қойылатын талаптарды қалыптастыру.
7.         Әзірлеушілерге арналған ақпараттық жүйелерді әзірлеу және жетілдіру бойынша міндеттерді қалыптастыру, қою және декомпозициялау.
8.         Ақпараттық жүйелерге арналған техникалық тапсырмалар, техникалық спецификациялар, функционалдық және өзге де талаптарды әзірлеу.
9.         Тапсырыс берушілер, әзірлеушілер, архитекторлар, ақпараттық қауіпсіздік мамандары және жобаның басқа қатысушылары арасында өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
10.       Ақпараттық жүйелерді мемлекеттік органдардың және өзге ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялауды ұйымдастыру және сүйемелдеу, соның ішінде Smart Bridge платформасы арқылы.
11.       Іске асырылып жатқан жобалар шеңберінде жұмыстардың мерзімдерін, сапасын және толық орындалуын бақылау.
12.       Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және жетілдіру нәтижелерін қабылдауды ұйымдастыру, олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру.
13.       Жобалардың іске асырылу барысы мен нәтижелері бойынша жобалық құжаттама, есептер, аналитикалық материалдар және презентациялар дайындау.
14.       Жобаларды іске асыру шеңберінде тәуекелдерді, проблемалық мәселелерді және тәуелділіктерді анықтау, бағалау және басқару.
15.       IT-процестерді, цифрлық шешімдерді және ақпараттық жүйелер архитектурасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау.

Талаптар:

1.         Қазақстан Республикасының ақпараттық технологиялар, цифрландыру, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қызметін және лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де мәселелерді реттейтін нормативтік-құқықтық актілері.
2.         Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар, ақпараттық жүйелер, олардың құрылу, интеграция және автоматтандыру қағидаттары, сондай-ақ IT-архитектура және цифрлық трансформация негіздері.
3.         Жобаларды басқару әдістемелері мен құралдары, оның ішінде жоспарлау, міндеттерді қою, жобалардың мерзімдерін, ресурстарын, тәуекелдерін басқару, нәтижелерді бақылау және мониторинг.
4.         Жобалық және техникалық құжаттаманы дайындау дағдылары, оның ішінде техникалық тапсырмалар, техникалық спецификациялар, функционалдық талаптар және IT-жобаларды іске асыруға қажетті өзге де құжаттар.
5.         Тапсырыс берушілермен, әзірлеушілермен, мемлекеттік органдармен және өзге де мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл дағдылары, оның ішінде жұмыстарды үйлестіру және интеграциялық жобаларды сүйемелдеу.
6.         Ақпараттық қауіпсіздік негіздері және қолданылатын стандарттарға қойылатын талаптар, соның ішінде ISO/IEC 27001 және ISO/IEC 27017.
7.         Жобаларды іске асыру шеңберінде талдау, жүйелік ойлау, шешім қабылдау және командалық жұмысты ұйымдастыру дағдылары.
8.         Ішкі еңбек тәртібі, өндірістік және орындаушылық тәртіп ережелері, сондай-ақ Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына қойылатын талаптар.
9.          Тәжірибелі пайдаланушы. MS Office пакетін жақсы меңгеру.
10.        Қазақ және орыс тілдері жетік.

Шарттары:

- жұмыс кестесі 09:00 - 18:30
- мед. сақтандыру
- жеткізу (тасымалдау)