«ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері» ЖШС жабдықтау жөніндегі сектордың басшысы
- Құрылған күні:
-
12.09.2026
- Берілген өтінім:
- 54
- Қаралған саны:
- 266
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Маркетингтік зерттеулер жүргізуді, серіктестік бойынша жоспарланатын және ағымдағы жылдарға арналған ТЖҚ-ның болжамды бағаларын айқындауды және алынған прайс-парақтардан, коммерциялық/баға ұсыныстарынан жиналған ақпарат негізінде серіктестіктің құрылымдық бөлімшелеріне баға қорытындыларын беруді үйлестіреді;
- Жүзеге асырылуы кідіріссіз сипаттағы бірінші кезектегі сатып алулар тізбесін жасауды және бекітуге шығаруды бақылайды;
- Серіктестіктің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық жоспарын, серіктестіктің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың ұзақ мерзімді жоспарын, серіктестіктің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарларына өзгерістер мен толықтыруларды қалыптастыру және келісу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
- Функционалдық бағыттың міндеттері мен функцияларын орындауды, серіктестіктің ТЖҚ сатып алуды тәртібіне сәйкес жүргізуді ұйымдастырады және бақылайды;
- Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінің сатып алуды жүзеге асыруы кезінде заңдылықтың және тәртіп талаптарына сәйкестіктің сақталуын қамтамасыз етеді;
- Сатып алу веб-порталында серіктестік бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттарға қол қою жөніндегі жұмысты белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұйымдастырады;
- Серіктестіктің жасалған шарттары бойынша орындалған (көрсетілген) жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің, тауарларды қабылдау актілерін келіседі, қол қояды;
- Жасалған шарттардың талаптарына сәйкес хабарламаларды келіседі (кестелер, бұзу, айыппұл санкцияларын есептеу және т. б.);
- Серіктестік бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттардың орындалуына мониторинг жүргізу бойынша бақылауды жүзеге асырады;
- "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ сатып алуды үйлестіру және мониторинг департаментіне ТЖҚ сатып алу жоспарының орындалуы бойынша апта сайынғы есептің (сәрсенбі бойынша), тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы жасалған шарттардың берілуіне бақылауды жүзеге асырады;
- Сатып алу веб-порталында серіктестіктің ТЖҚ сатып алу туралы шарттардың шаблондарын әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
- ТМҚ сатып алу туралы жасалатын шарттар талаптарының орындалуын, олардың толық іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;
- Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінің, заңды және жеке тұлғалардың сатып алу және олар бойынша жауаптар дайындау мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;
- Анықталған тәртіп бұзушылықтарды жою бойынша жазбаша қорытындылар, ұсынымдар дайындайды;
- Сатып алу веб-порталында ТЖҚ сатып алу туралы шарттар бойынша есептілікті ұсынуды бақылайды;
- Серіктестік бойынша сатып алу веб-порталында ТЖҚ сатып алу туралы шарттардың жергілікті мазмұны бойынша ақпараттың орналастырылуын бақылауды жүзеге асырады;
- Серіктестіктің тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін қағаз жеткізгіште сатып алу туралы шарттардың үлгілік жобаларын әзірлеу және келісу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Экономика; Менеджмент; Қаржы; Маркетинг; Есеп және аудит; Ақпараттық жүйелер; Құқықтану; Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Логистика және/немесе теміржол мамандықтары.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 6 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 4 жыл немесе қызмет ауқымы, күрделілігі және кіріс көлемі бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобымен салыстырылатын компанияларда.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр