Локомотив депосының диспетчері (РЦУП-1 Актобе)

441 859 - 457 396
ТЧЭ-2 АКТЮБИНСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО 1 группы Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
34

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1. Локомотивтер мен локомотив бригадаларын тиімсіз пайдалануға байланысты жағдайларды жүйелі түрде есепке алуды, бақылауды және талдауды жүзеге асырады
2. Локомотив бригадаларының жұмыс уақытын жоғалту себептеріне және локомотивтердің өнімсіз жүрісіне талдау жүргізіп, оларды қысқарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді 
3. Локомотив диспетчерлерін Қоғамның жедел өкімдерімен таныстырады 
4. РЦУП диспетчерлік аппаратымен, ТЧЭ жедел қызметкерлерімен және басқа да тиісті бөлімшелермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады 
5. Локомотив диспетчерлерінің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді, локомотив паркі мен локомотив бригадаларын жедел басқаруды, оларды ұтымды пайдалануды және белгіленген пайдалану және белгіленген пайдалану көрсеткіштерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді
6. Жүк және шаруашылық қозғалысында локомотивтерді ұтымды бөлуді және пайдалануды қамтамасыз етеді, олардың негізсіз тұрып қалуынағ ағытылуына және басқа да өнімсіз шығындарға жол бермейді 
7. ТЧЭ және ГПТ жедел ақпаратты қалыптастыруды және беруді жүзеге асырады, есепке алу және есептілік нысандарына қажетті түзетулер енгізеді
8. Локомотивтердің жүрісін бақылауды және есепке алуды жүргізеді, белгіленген жүріс нормаларының артық орындалуына жол бермейді, локомотивтерді техникалық сервистік қызмет көрестуге және жөндеуге уақтылы жіберуді және ағытуды қамтамасыз етеді

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім)
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (локомотивтер және локомотив шаруашылығы); Көліктегі тасымалдауды ұйымдастыру және салалары бойынша қозғалысты басқару; Темір жол көлігіндегі тасымалдауды ұйымдастыру және салалары бойынша қозғалысты басқару;
  • Жұмыс өтілі: локомотивтік аға диспетчер, депо бойынша кезекші, бөлімше бойынша кезекші, пойыздық немесе тораптық локомотивтік диспетчер лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр