Павлодар мұнай құбырлары басқармасының ЭХЗ және ӘЖҚ құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету учаскесінің аға шебері (вахтасыз)
«ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар қ.- Құрылған күні:
-
14.09.2026
- Берілген өтінім:
- 4
- Қаралған саны:
- 189
Міндеттері:
-
1) өндірістік учаскені басқару, Қоғамның өндірістік-шаруашылық қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асыру;
2) өндірісті уақтылы дайындау, жұмысшылар мен бригадалардың орналастырылуын қамтамасыз ету, технологиялық процестердің сақталуын бақылау, олардың бұзылу себептерін жедел анықтау және жою;
3) ЭХЗ және ӘЖ (ЭХЗиВЛ) құрылғылары мен желілік бөліктің басқа да электр жабдықтарының оңтайлы режимдерде апатсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, бекітілген құбыр учаскесінде пайдаланылып жатқан барлық мұнай құбырларының, су құбырларының, коммуникациялардың және басқа да құрылыстардың коррозиядан толық қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында;
4) электр жабдықтары мен электр қондырғыларын пайдалану бойынша белгіленген нысанға сәйкес техникалық құжаттаманы жүргізу;
5) ЭХЗ және ӘЖ (ЭХЗиВЛ) жаңа жабдықтары мен аспаптарын сынау және енгізу. Жаңа техника енгізу жоспарлары бойынша ең заманауи технологияларды енгізу, алдыңғы қатарлы еңбек әдістерін қорғауды жүзеге асыру;
6) жұмыстарды ұйымдастыру және магистральдық мұнай құбырының сенімді жұмысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ өндірістік объектілерді күзгі-қысқы және су тасқыны кезеңіне дайындауға арналған ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерінің және жұмыс берушінің еңбек қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, электрқауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі актілерінің талаптарын орындау. Құрылымдық бөлімшенің жұмысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерінің және жұмыс берушінің еңбек қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, электрқауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі актілерінің талаптарын сақтай отырып ұйымдастыру;
8) қауіпсіздік және еңбек қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау немесе электрқауіпсіздік саласындағы ережелер мен нұсқаулықтардың бұзылуы қызметкерлердің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіруі мүмкін жағдайларда жұмыстарды тоқтата тұру;
9) алкогольдік немесе есірткілік масаю күйіндегі қызметкерлерді жұмысқа жібермеу;
10) жазатайым оқиға, авария, қызметкердің бас тартуы/істен шығуы, ауруы фактісі туралы, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін туындаған жағдай туралы басшылыққа уақтылы хабарлау; қауіпті және авариялық жағдай туындаған кезде, оның пікірінше адамдардың өмірі немесе денсаулығына тікелей қауіп тудыруы мүмкін болса, жұмыстарды дереу тоқтату және бұл туралы басшылыққа кейіннен баяндау; жазатайым оқиғалардың алғышарттары туралы ақпаратты жазатайым оқиғаның алғышарттарын тіркеу журналдарында тіркеу; оған тікелей басшысы және Қоғамның ішкі құжаттарымен жүктелген өзге де міндеттерді орындау;
11) электр қондырғыларын, қорғаныс және сақтандыру құралдарын сенімді және қауіпсіз пайдалану, профилактикалық тексерулер мен сынақтарды, куәландыруды, жоспарлы-алдын алу жөндеулерін уақтылы және сапалы жүргізуді қамтамасыз ету;
12) электр қондырғыларының біржолақты сызбаларын әзірлеу, келісу, өзгерістерді уақтылы енгізу;
13) ЭХЗ және ӘЖ (ЭХЗиВЛ) жабдықтарының істен шығуын жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
14) материалдарға, жабдыққа өтінімдер жасау;
15) күрделі жөндеу кезінде, жаңа ӘЖ құрылыстарын және ЭХЗ электр жабдықтарын монтаждау кезінде мердігер ұйымдардың жұмысына бақылау жүргізу, пайдалануға қабылдауға қатысу;
16) құбырдың және оқшаулау жабынының коррозиялық күйі туралы деректерді жинау және өңдеу, мұнай құбырының қорғалуын талдау жүргізу;
17) жарылысқа қорғалған жабдықты ақаусыз күйде ұстау;
18) өлшеу құралдарына, электротехникалық аспаптарға техникалық қадағалау жүргізу;
19) оған тікелей басшысы және Қоғамның ішкі құжаттарымен жүктелген өзге де міндеттерді орындау.
Талаптар:
- тиісті даярлау бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кәсіби салада, сондай-ақ мұнай-газ саласында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі, немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік білім және кәсіби салада, сондай-ақ мұнай-газ саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
Шарттар:
- 5 күндік жұмыс аптасында 8 сағаттық жұмыс күні, еңбек жағдайлары қалыпты
- Жұмыс орны: Павлодар қ., Солтүстік өнеркәсіп аймағы
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Орташа)
- Орыс тілі (Орташа)