Электромеханик Өндірістік персонал Атырау өңірлік филиалының Атырау жүк ауласы
- Құрылған күні:
-
14.09.2026
- Берілген өтінім:
- 4
- Қаралған саны:
- 204
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Барлық түрдегі жабдықтардың сенімді әрі ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
- Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты қорғау және өрт қауіпсіздігі саласындағы ережелер мен нормативтік актілерді білу.
- Өздерінің қамқорлығындағы құрылғылар мен жабдықтардың жақсы жұмыс күйінде болуын, сенімді әрі ақаусыз жұмыс істеуін, дұрыс пайдаланылуын және техникалық қызмет көрсету нұсқаулықтарына сәйкес уақытылы, жоғары сапалы жөндеу мен жаңартудан өтуін қамтамасыз ету.
- Ақауларды жою тәртібін білу.
- Электр жабдықтарына жоспарлы техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізу. Ақауларды анықтау және түзету, бөлшектер мен механизмдерді ауыстыру.
- Жаңа электр жабдықтарын орнату және жөндеу, сондай-ақ олардың функционалдылығы мен қауіпсіздігін тексеру.
Біліктілік талаптары:
Қалаулы: Электр қауіпсіздігі бойынша біліктілік тобының болуы (жабдыққа байланысты III немесе IV топтан төмен емес).
Қосымша талаптар:
Қызмет профилі бойынша:Міндетті түрде: Жоғары (техникалық) білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.
Техникалық және кәсіптік (арнаулы орта) білім және жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.
Қажетті қабілеттер
- * Дисциплинированность и ответвенность
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Орташадан жоғары)
- Орыс тілі (Орташа)
Ұқсас вакансиялар