Маман Ақбұлақ ЖӨБ

«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шымкент» магистральдық газ құбырлары басқармасы Ақбұлақ а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
12677

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Шаруашылық шығыстар бойынша бюджеттік бағдарламаларды әкімшілендіру және бюджетті жоспарлауға қатысу.
  • Сатып алуға қажетті құжаттарды: техникалық ерекшеліктерді, өтінімдерді, шарттардың жобаларын, қызметтік жазбаларды және өзге де құжаттамаларды дайындау.
  • Мердігерлермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, шарттық міндеттемелердің орындалуын үйлестіру және жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсету мерзімдерін бақылау.
  • Мердігер ұйымдар көрсететін қызметтердің сапасы мен қабылдануын шарттардың талаптарына, техникалық тапсырмаларға және ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес бақылау.
  • Тамақтандыруды ұйымдастыру, персоналды аутстаффингке тарту, әкімшілік ғимараттарды, кеңсе үй-жайларын және оларға іргелес аумақтарды пайдалану мен күтіп-ұстау қызметтерін бақылау.
  • Шарттардың орындалуын растайтын есептік материалдарды, актілерді, жұмыс уақытын есепке алу табельдерін, фотоесептерді және басқа да құжаттарды тексеру.
  • Объектілерге барып тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу, сәйкессіздіктерді анықтау және олардың жойылуын бақылау.
  • Мердігер ұйымдарды тарта отырып, әкімшілік объектілерге техникалық және шаруашылық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
  • Филиалдың корпоративтік, іскерлік, өндірістік және әлеуметтік іс-шараларын жоспарлау және сүйемелдеу.
  • Әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету және қызметкерлердің еңбек жағдайларына қатысты мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасау.
  • Филиалды негізгі құралдармен және материалдық құндылықтармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру: қажеттілікті қалыптастыру, өтінімдер мен сатып алу құжаттамасын дайындау, сатып алуға және қабылдауға қатысу.
  • Негізгі құралдарды есепке алу және есептен шығару, негізгі құралдар мен тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеуге қатысу.
  • Полиграфиялық және жарнамалық тапсырыстардың сапасы мен орындалу мерзімдерін бақылау.

Талаптар:

  • Жоғары білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
  • Арнаулы орта білім, кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.