Шығыс Қазақстан ПФ (Зайсан қ.) Еңбек қауіпсіздігі және қоршаған орта қызметінің бас маманы

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
166

   Конкурс туралы

Құрметті ізденуші!

Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.

Бос орынға жауап бермес бұрын конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және т.б. туралы ұсынылатын деректердің анықтығына ізденуші жауапты болады.
  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоғы туралы анықтама беру қажет.
  3. Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз.

Төменде сіз жарияланған бос орнымен таныса аласыз.

Міндеттері:

  • ПФ-де еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі саласындағы іс-шаралар жоспарларының іске асырылуын қамтамасыз ету;
    Қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша тәуекелдердің жай-күйіне мониторинг жүргізу, өз құзыреті шегінде Қызмет қызметі барысында анықталған тәуекелдер туралы Қызмет басшысына уақтылы хабарлау. 
  • Жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкерлерге еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша кіріспе нұсқама жүргізу және журналдарға тіркеу.
  • ПФ-тің құрылымдық бөлімшелерімен (бұдан әрі – ҚБ) нұсқаулықтардың әзірленуін, қайта қаралуын, сондай-ақ мамандықтар, жұмыстар түрлері және ПФ-тің өрт қауіпсіздігі бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нұсқаулықтарының бақылануы.
  • Қызметтің қызметіне байланысты тәуекелдерді анықтау және бағалау, оларды барынша азайту бойынша іс-шараларды уақтылы орындау.
  • Еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылау комиссиясына қатысу;
  • ПФ ҚБ-лерінде ішкі бақылау комиссиясы ЦА жүргізген тексерулер барысында анықталған ескертулерді жоюға арналған іс-шаралардың орындалуын бақылау.
  • Қызметтің қойылған мақсаттарына қол жеткізу;  
  • ПФ жұмыс орындарында зиянды және қауіпті факторлардың әсерін төмендету жөніндегі іс-шаралардың әзірленуі мен орындалуына мониторинг және бақылау жүргізу.
  • ПФ-де мерзімді медициналық тексерулерді ұйымдастыруға қатысу.
  • ПФ-де қадағалау органдарының ұйғарымдарының орындалуын мониторингтеу.
  • Қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен, жоғары тұрған және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылға қатысу.
  • ПФ объектілеріндегі жазатайым оқиғаларды, аварияларды, инциденттерді, өрттерді тергеуге қатысу, осындай жағдайлардың алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеу, олардың орындалуын қамтамасыз ету және бақылау.
  • Еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік бойынша есептерді қалыптастыруға қатысу (ай сайынғы, тоқсандық, жартыжылдық және жылдық).
  • Қызмет жауапкершілігі шеңберінде Қоғамның денсаулықты қорғау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау менеджменті жүйесінің талаптарын, сондай-ақ тәуекелдерді басқаруды қызметке енгізу.

Талаптар:

  • Мамандық бойынша жоғары кәсіби (техникалық) білім;
  • Мамандық/инженерлік-техникалық лауазымдар бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
  • Халықаралық стандарттар талаптарын білу: ISO 9001 Сапа менеджменті жүйесі, ISO 14001 Экологиялық менеджмент жүйелері, ISO 45001 Денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі, ISO 50001 Энергия менеджменті жүйесі, ISO 37001 Парамен күресу менеджменті жүйесі, Қолдану бойынша талаптар мен басшылық: СТ РК ISO 9001, СТ РК ISO 14001, СТ РК ISO 45001, СТ РК ISO 50001; СТ РК ISO 37001;
  • ҚР Еңбек кодексін білу; ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексін; ҚР Экологиялық кодексін; «ҚР газ және газбен жабдықтау туралы» Заңын; «ҚР азаматтық қорғау туралы» Заңын.

Шарттар:

  • ҚР ЕК сәйкес ресімдеу;
  • Екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы – сенбі және жексенбі.