«QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалының сервистік қызметінің технигі
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалы Түркістан қ.Құрметті ізденуші!
Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.
Бос орынға жауап бермес бұрын конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
- Білім, тәжірибе, дағдылар және т.б. туралы ұсынылатын деректердің анықтығына ізденуші жауапты болады.
- Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоғы туралы анықтама беру қажет.
- Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз.
Төменде сіз жарияланған бос орнымен таныса аласыз.
Міндеттері:
«EasyDocs» электрондық құжат айналымы жүйесінде тұтынушылардың сұрау салулары мен хаттарына тиісті жауап жобаларын дайындау.
Тұтынушыларға қызмет көрсету жөніндегі Операциялық қызмет бөлімінен бастапқы/қайта қосу (ПНР) және пломбалау бойынша өтінімдерді (кесте) қабылдау және есепті қалыптастыру.
Тұтынушылардан тұрмыстық газ есептегіштерін (ТГЕ) алу, орнату, ауыстыру бойынша өтінімдерді қабылдау және 1С «Биллинг» электрондық деректер базасына енгізу.
Тұтынушылардан ТГЕ ауыстыруға және орнын ауыстыруға байланысты қайта пломбалау және т.б. бойынша өтінімдерді қабылдау және 1С «Биллинг» электрондық деректер базасына енгізу.
Газ тұтынушылардан сервистік қызметке қатысты мәселелер бойынша келіп түскен хаттар мен өзге де кіріс хат-хабарларды қарау.
Атқарылған жұмыстар туралы есеп жасау, «EasyDocs» электрондық құжат айналымы жүйесінде сервистік қызмет түрлері бойынша түскен қаражатты кіріске қабылдау.
Сервистік қызмет бөлімінің тікелей басшысының жекелеген қызметтік тапсырмаларын орындау.
Газ есептегішінде газдың ағып кетуі, есептегіштердің ақаулары, есептегішті бөлшектеу және монтаждау себептері бойынша авариялық-диспетчерлік қызмет тарапынан авариялық тәртіппен ажыратылған тұтынушылардан өтінімдерді қабылдау және тіркеу жұмыстарын орындау.
Тұтынушылардың есептегіштеріне орнатылған пломбаларды есептен шығару бойынша материалдарды дайындау.
Ақпаратты 1С «Биллинг» электрондық деректер базасына уақтылы және дұрыс енгізу.
1С «Биллинг» электрондық деректер базасына енгізілген ақпарат бойынша есептерді қалыптастыру және ұсыну.
Түзетулерді енгізуге басшылықтың жазбаша нұсқауы негізінде ғана жол беріледі.
Пайдалану қызметіне және газдандырудың дамуына байланысты өзгерістер мен толықтыруларды енгізе отырып, жедел техникалық құжаттаманы, карталар-схемаларды, маршруттық карталарды жасау және түзету; газ реттеу пункттеріне (ГРП), шкафтық газ реттеу пункттеріне (ШРП) және газ құбырларына техникалық қызмет көрсету және жыл сайынғы жөндеу жұмыстарын жүргізу, аралау кестелерін бекіту бойынша маршруттық карталарды жасау жұмыстарын орындау.
ШРП (ГРП) газ құбырларына техникалық қызмет көрсету және жыл сайынғы жөндеу жүргізуге арналған шарттарға сәйкес секторлар бойынша ШРП (ГРП) газ құбырларын аралау кестесін және шарттар тізілімін қалыптастыру.
ШРП (ГРП) газ құбырларына техникалық қызмет көрсету және жыл сайынғы жөндеу жүргізуге арналған шарттардың жасалуына байланысты есептілікті жүргізу.
Бригада мүшелерінің еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауын, сондай-ақ қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес қауіпсіз еңбек тәсілдерін қолдануын қамтамасыз ету.
Рәсімделуі талап етілетін жұмыстарға наряд-рұқсат және басқа да арнайы рұқсаттарды алу, осы жұмыстардың құжатсыз орындалуына жол бермеу.
Газ тұтынушылардан сервистік қызметке қатысты мәселелер бойынша келіп түскен хаттар мен өзге де кіріс хат-хабарларды қарау.
Талаптар:
Жоғары немесе орта кәсіптік (техникалық) білім және мамандығы бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі.
Қажетті қабілеттер
- - Стрессоустойчивость
- - Пунктуальность, высокая ответственность при исполнении поручении
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)
Ұқсас вакансиялар