Бас директордың құрылыс жөніндегі орынбасары

«Өскемен Энерго» ЖШС Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
105

   Конкурс туралы

Міндеттері:

- қарамағындағы құрылымдық бөлімшелердің қызметін бағыт және бөлімше жұмысының үйлестірілуі бойынша басқаруды жүзеге асырады, құрылыс саясатын қалыптастыру және реттеу мәселелерін шешеді, өз құзыреті шегінде әкімшілік мәселелерді шешеді, өз міндеттерін «Қоғамдастықтың» Бас директорының жалпы басшылығымен және өзге құрылымдық бөлімшелер басшыларымен өзара іс-қимылда орындайды;

- «Қоғамдастықта» күрделі құрылыс бойынша жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді, инвестициялық ресурстарды мақсатты және ұтымды пайдаланады, қаражатты ұйымды техникалық қайта жарақтандыру мен реконструкциялауға бағыттайды, оларды іске қосылатын объектілерге шоғырландырады, аяқталмаған құрылыс көлемін қысқартады;

 - жобалау-іздестіру жұмыстарын жақсарту және арзандату бойынша жұмысты басқарады, өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруді және құрылыс жүргізудің прогрессивті әдістерін енгізуді қамтамасыз етеді, құрылыс жұмыстарын жүргізуге арналған шығындарды қысқартуға және сапаны арттыруға, сондай-ақ олардың орындалу мерзімдерін қысқартуға ықпал етеді;

 - күрделі құрылыс бойынша перспективалық және ағымдағы жоспарларды әзірлеуді басқарады,
сондай-ақ негізгі өндірістік құралдарды, алаңдар мен қуаттарды пайдалануға енгізу жоспарларын, жаңадан енгізілетін объектілерге құрылыс материалдары мен жабдыққа өтінімдерді, құрылысқа арналған титулдық тізімдерді жасауға қатысады;

 - титулдық тізімдерде көзделген жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді, күрделі салымдардың өтелу мерзімін қысқартады;

 - техникалық қайта жарақтандыру және өндіріс тиімділігін арттыру бөлігінде бизнес-жоспарларды жасауға қатысады, құрылыс, жобалау және жабдық сатып алу үшін қажетті қаржылық қаражатты, оның ішінде инвесторлардың қаражатын айқындауға, сондай-ақ нарықтық шаруашылық жүргізу әдістері жағдайында күрделі құрылыс бойынша жұмыстарды орындауға мердігерлік ұйымдарды қаржыландыру көздерін айқындауға қатысады;

- жобалау-іздестіру және құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша мердігерлік ұйымдармен, ал материалдар мен жабдықты сатып алу бойынша ұйымдармен шаруашылық және қаржылық шарттарды уақтылы жасасу үшін шаралар қабылдайды;

 - жобалау және құрылыс ұйымдарының шарттық міндеттемелерінің орындалуын қадағалайды, қажет жағдайларда шарттарда көзделген санкцияларды қояды, құрылыстың құнын арттыратын және стандарттарға әрі техникалық талаптарға сәйкес келмейтін құрылыс материалдарын, бөлшектерін және бұйымдарды қолдануға жол бермейді;

- құрылыс және реконструкция объектілері бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қажетті барлық материалдарды уақтылы беруді қамтамасыз етеді;

 - жобалау тапсырмаларын келіседі және оларды уәкілетті органдардың бекітуіне дайындайды;

 - құрылыс жұмыстарын өндіру үшін жобалау-сметалық және өзге де техникалық құжаттаманың уақтылы берілуін, инвестициялық қаражаттың мақсатты пайдаланылуын, құрылыс ұзақтығының белгіленген нормалары мен өндірістік қуаттар мен негізгі қорларды іске қосу мерзімдерінің сақталуын, күрделі құрылыс бойынша тапсырмалардың уақтылы орындалуын, қоршаған ортаны қорғау туралы заңнама талаптарының сақталуын, сондай-ақ барлық құрылыс-монтаж және өзге де құрылыс жұмыстарын олардың бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, құрылыс нормаларына, стандарттарға және техникалық талаптарға, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі нормаларына, еңбек ұйымдастыру талаптарына сәйкестігі бойынша техникалық қадағалау мен мерзімдері мен сапасын бақылауды қамтамасыз етеді;

 - техникалық қадағалауды жүзеге асыратын органдармен құрылыс алаңдарында жабдықты орнату, сынау және тіркеуге байланысты мәселелерді келіседі;

 - титулдық тізімге сәйкес жабдық сатып алуға бөлінген қаражаттың жұмсалуын, орнатылмаған жабдықты сақтау тәртібін және консервация сапасын сақтауды бақылайды;

 - мердігерлік ұйымдармен бірлесіп құрылысы аяқталған объектілерді тапсыру, қабылдау және пайдалануға енгізу бойынша жұмысты жүргізеді;

 - құрылымдардың беріктігін төмендетпей және құрылыс жұмыстарының сапасын нашарлатпай, құрылыстың құнын арзандататын және құрылыс мерзімдерін қысқартатын, сондай-ақ күрделі салымдардың өтелу мерзімдерін қысқартатын рационализаторлық ұсыныстар мен жетілдірулерді енгізуге жәрдемдеседі;

 - еңбек ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын енгізуді, оған бағынысты бөлімшелерде еңбек ететін қызметкерлердің кәсіби-біліктілік әлеуетін мақсатты пайдалануды қамтамасыз етеді;

 - күрделі құрылыс бойынша есеп жүргізу және есептілікті құрастыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

 - «Қоғамдастықтың» мақсаттарына және сыртқы әрі ішкі міндеттерді шешуге қол жеткізу үшін серіктестермен, акционерлермен, мемлекеттік органдармен және өзге де мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасайды;

 - «Қоғамдастықтың» қызметін «Қоғаммен», «Қоғамдастықтың» Бақылау кеңесімен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл және үйлестіруді жүзеге асырады;

 - «Қоғамдастықта», «Қоғамда», «Самрук-Қазына» АҚ және өзге ұйымдарда өткізілетін комиссиялардың, жұмыс топтарының құрамына қатысады, сондай-ақ кеңестерге қатысады


Талаптар:

- жоғары білім (техникалық/инженерлік-экономикалық)

- кәсіби салада кемінде 10 жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы

- басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы

- «Самрук-Казына» ҰБҚ «ФНБ» АҚ тобының ұйымдарында және/немесе аффилиирленген ұйымдарда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

- тиісті экономикалық қызмет түрінің даму бағытын айқындайтын барлық заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді білу;

- MBA дәрежесінің халықаралық аккредитациясы бар бағдарлама бойынша болуы немесе басқару (менеджмент) саласындағы қосымша білімнің болуы

- IPMA деңгейі C және одан жоғары сертификатының болуы қалаулы.


Шарттар:

- ресми жұмысқа орналастыру;

- әлеуметтік пакет;

- «Қоғамдастықтың» кеңсесі, Өскемен қ. (Усть-Каменогорск);

- түйіндемелерді қабылдау мерзімі 21.09.2026 жылға дейін.