«Ембімұнайгаз» АҚ сатып алу департаментінің ТЖҚ сатып алу бөлімінің маманы
«Ембімұнайгаз» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымдық міндеттемелер:
- Ашық тендер тәсілімен сатып алуды жүргізу (тендерлік құжаттаманы және тендерлік комиссияны бекіту туралы бұйрықты ресімдеуді, сондай-ақ тендерлік құжаттама жобасын қалыптастыруды қоса алғанда), оның ішінде CCC шеңберінде;
- Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүргізу (сатып алу туралы хабарландыруды қалыптастыруды қоса алғанда);
- Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүргізу;
- Тендерлік комиссияның/комиссияның жұмысын қамтамасыз ету;
- Сатып алу қорытындылары туралы қажеттіліктің бастамашысын хабардар ету;
- Тендерлік өтінімдерді қамтамасыз етуді уақтылы қайтару (банк кепілдігі, электрондық банк кепілдігі) және әлеуетті өнім берушілер тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді ақшалай жарна түрінде ұсынған жағдайда қайтаруға арналған құжатты уақтылы қалыптастыру;
- Өз құзыреті шеңберінде бөлімнің шығыс құжаттарының жобаларын дайындау;
- Қоғам органдарының (Жалғыз акционердің, Директорлар кеңесінің, Басқарманың) шешімдері жобаларын, Қоғам бұйрықтарының жобаларын ресімдеу.
Талаптар:
Білімі (мамандық/біліктілік) : жоғары техникалық/экономикалық/заңгерлік білім
Қызмет профилі бойынша жұмыс тәжірибесі: сатып алу қызметін ұйымдастыру саласында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі
Басқару тәжірибесі: талап етілмейді
ҚМГ компаниялар тобында/мұнай газ саласында жұмыс тәжірибесі : кем дегенде 1 жыл
Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті білім:
- Қызметтік міндеттерін орындауға қажетті деңгейде мемлекеттік тілді меңгеруі;
- Сатып алу саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Сатып алуды жүзеге асыру тәртібін білу;
- Сыртқы ұйымдармен шарттар жасасу тәртібін білу;
- Іскерлік қарым-қатынас әдебін білу;
- Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғаныс қағидалары мен нормаларының негіздерін білу;
- ISO 9001, ISO 14001, ISO 50001, ISO 45001 және басқа да халықаралық стандарттардың негізгі талаптарына сәйкес интеграцияланған басқару жүйесі саласындағы білім.
Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- Компьютерде жұмыс істеу дағдыларының пайдаланушы деңгейінде болуы;
- MS Office бағдарламалық қамтамасыз етуімен (Word, Excel, PowerPoint, Outlook) тәжірибелі пайдаланушы деңгейінде жұмыс істеу дағдылары;
- Корпоративтік ақпараттық жүйелерде (Directum, SAP ERP және басқа) пайдаланушы деңгейінде жұмыс істеу негіздерін меңгеру;
- Кеңсе оргтехникасымен жұмыс істей білу;
- Корпоративтік ақпараттық жүйелерде пайдаланушы деңгейінде жұмыс істеу негіздері: «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ сатып алу веб-порталы (zakup.sk.kz), Маркетингтік бағалар, сатып алуды және қойма қорын есепке алу жүйесі (procu.kmg.kz).
Жұмыс шарттары:
Жұмыс орны: Атырау қ., Ш. Уәлиханов көшесі, 1
Жұмыс кестесі – 5/2
Әлеуметтік пакет
Медициналық сақтандыру