Аршалы газ шаруашылығындағы авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының слесарі

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Астана өндірістік филиалы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
1547

   Конкурс туралы

Құрметті ізденуші!

Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.

Бос орынға жауап бермес бұрын конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және т.б. туралы ұсынылатын деректердің анықтығына ізденуші жауапты болады.
  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоғы туралы анықтама беру қажет.
  3. Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз.

Төменде сіз жарияланған бос орнымен таныса аласыз.

Лауазымдық міндеттері:

  • Газ тарату желілері мен газ жабдықтарында авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын орындау.

  • Газдың ағып кетуін анықтау және жою, газ құбырларының зақымдалған учаскелерін жөндеу және ауыстыру.

  • Авариялардың зардаптарын жою (түнгі уақытта және қолайсыз ауа райы жағдайларында).

  • Газ желілері мен жабдықтарына профилактикалық тексеру жүргізу.

  • Авариялық жағдайларды оқшаулауға және жоюға қатысу, авариялық қызметтермен өзара іс-қимыл жасау.

  • Орындалған жұмыстар бойынша құжаттама жүргізу (актілер, есептер жасау).

  • Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтау.

Талаптар:

  • Білімі: Арнаулы орта (кәсіптік) немесе мамандығы бойынша кәсіптік оқудан өту.

  • Тәжірибе: Газ шаруашылығында немесе ұқсас салада слесарь ретінде жұмыс тәжірибесі (қалаулы).

  • Білік: Газ жабдығының құрылымын, газ желілерін пайдалану және жөндеу ережелерін білу.

  • Құжаттар: Газға қауіпті жұмыстарды орындауға рұқсат беретін біліктілік куәлігі.

  • Дағдылар: Газ жүйелерін диагностикалау құралдарымен жұмыс істей білу.

  • Жеке қасиеттер: Физикалық төзімділік, жауапкершілік, ұқыптылық.

Жұмыс шарттары:

  • График: 08:30–18:00 (1,5 сағат түскі үзіліспен).

  • Қосымша: Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы, ресми жұмыс, соцпакет.

Қажетті қабілеттер

  • - исполнительность, пунктуальность, аккуратность, внимательность