Жетекші заңгер

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атыраудағы филиалы Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
60

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Қол қою кезеңінде шарттардың (келісімшарттардың), келісімдердің және т.б. ҚР заңнамасына сәйкестігіне, сондай-ақ Серіктестік Филиалы үшін қосымша құқықтық тәуекелдерді анықтауға құқықтық сараптама жүргізеді;

  • Филиал сатып алатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшеліктеріне құқықтық сараптама жүргізеді және оларды ҚР заңнамасына әрі «Самұрық-Қазына» АҚ нормативтік құжаттарына сәйкес Серіктестіктің электрондық құжат айналымы жүйесінде келіседі;

  • Сатып алу веб-порталында тендер және БҰҰ тәсілдерімен өткізілген сатып алу қорытындылары бойынша жасалатын шарттардың жобаларын әзірлейді, келісілуін және қол қойылуын ұйымдастырады, жасалған шарттардың БАЖ-ға (ИСЭЗ) ЭОП-қа уақтылы берілуін қамтамасыз етеді;

  • Серіктестіктің бекітілген үлгілік шарттар журналына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, сатып алу веб-порталында тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттардың үлгілерін қалыптастырады;

  • Филиал директорының тапсырмасы бойынша сенімхаттар тізілімін жүргізе отырып, филиал жұмыскерлеріне сенімхаттар дайындайды;

  • Филиал қызметі процесінде пайдаланылуы мүмкін ішкі құжаттарды, бұйрықтардың, мемлекеттік органдарға жолданатын өтініштер мен сұрау салулардың жобаларын, сондай-ақ шарттарды, құқықтық сипаттағы хаттарды және ұсынымдық нысандарды ҚР заңнамасына, Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің Жарғысына және ішкі регламенттеуші құжаттарына сәйкестігіне әзірлейді және/немесе келіседі;

  • Филиалдың талап-арыз жұмысын жүргізеді, белгіленген тәртіппен филиалдың мүліктік және өзге де заңды құқықтары мен мүдделерін, оның ішінде соттарда және өзге де мемлекеттік органдарда білдіреді әрі қорғайды;

  • Аудит сұрау салулары бойынша орындалатын жұмыс шеңберінде ақпарат ұсынады;

  • Филиал қызметі барысында туындаған мәселелер бойынша заңды қорытындылар береді;

  • Еңбек шартымен және осы лауазымдық нұсқаулықпен өзіне жүктелген міндеттерді орындайды;

  • Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, Серіктестік Жарғысының және Серіктестіктің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;

  • Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтайды;

  • Бөлімше қызметіне және жұмыскер жұмысының мазмұнына қатысы бар тікелей басшының өзге де тапсырмаларын орындайды;

  • Бөлімшеге жүктелген міндеттерге сәйкес Бөлімшенің жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады;

  • Бағынысты қызметкерлердің жұмысын үйлестіреді, тапсырмалардың уақтылы әрі толық орындалуын бақылайды;

  • Бағынысты жұмыскерлердің кәсіби дамуын жоспарлайды, бағынысты жұмыскерлердің міндетті оқытудан және бағалаудан уақтылы өтуін қамтамасыз етеді;

  • Тапсырмалардың, тапсырмалардың нақты орындалуын, белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізуді талдайды;

  • Ауытқулар (мерзімдері, тапсырмалар көлемі, орындалған жұмыстың сапасы бойынша) анықталған жағдайда түзету іс-шараларын әзірлейді және іске асырады;

  • Жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес сеніп тапсырылған Бөлімшенің тиімді жұмысын қамтамасыз етеді;

  • Бағынысты жұмыскерлердің нәтижелілігі мен тиімділігінің нысаналы көрсеткіштерін белгілейді, бекітілген мақсаттарға қол жеткізуді бақылайды;

  • Жұмыскерлер мен аутстаффинг персоналының EKS порталында Бөлімше туралы ережемен уақтылы танысуын қамтамасыз етеді;

  • Жұмыскерлер мен аутстаффинг персоналының EKS порталында лауазымдық нұсқаулықпен уақтылы танысуын қамтамасыз етеді;

  • EKS порталында Бөлімше туралы ереженің және лауазымдық нұсқаулықтардың уақтылы әзірленуін қамтамасыз етеді.

    Талаптар:

    • Тиісті қызмет бейіні бойынша жоғары кәсіптік (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

    • Жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде кемінде 2 жыл ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда және/немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бейіні бойынша болғаны жөн;

    • Қазақ тілін білу;

    • Интеграцияланған менеджмент жүйесі (сапа, экология, еңбекті қорғау және денсаулықты сақтау) саласындағы білім;

    • Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру саласындағы «Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдық-ішкі және өкімдік актілері;

    • Талап-арыз жұмысын жүргізу бойынша білім мен дағдылар (сотқа дейінгі талап-арыздарды, талап қою арыздарын, пікірлерді, апелляциялық және кассациялық шағымдарды құрастыру, сондай-ақ соттарда өкілдік ету және т.б.);

    • Microsoft Office бағдарламалық қамтамасыз етуі, электрондық құжат айналымы жүйесі, «Параграф» АЖ және басқа да қажетті бағдарламалық қамтамасыз етулер.

    Шарттар:

    • Атырау қ.

    • Жұмыс кестесі: 5/2






Қажетті білім дәрежесі

  • Маман
  • Орташа білім