«ҚазГӨЗ» ЖШС СКД Жобалық-техникалық бөлімінің жобалау-сметалық жұмыстары бойынша жетекші инженері (Назар аударыңыз! Вакансия уақытша, жаңа газ өңдеу зауыты пайдалануға берілгенге дейін.)
«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС Жаңаөзен қ.«ҚазГӨЗ» ЖШС СКД Жобалық-техникалық бөлімінің жобалау-сметалық жұмыстары бойынша жетекші инженеріне қойылатын біліктілік талаптары(Назар аударыңыз! Вакансия уақытша, жаңа газ өңдеу зауыты пайдалануға берілгенге дейін)
Білім деңгейі
Жоғары (техникалық) білім.
Білім бейіні:
-
«Құрылыс»;
-
«Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс»;
-
«Экономика»;
-
«Құрылыс экономикасы».
Мамандығы бойынша және ұқсас лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы): жобалау-сметалық қызмет, баға белгілеу немесе құрылыс саласында кемінде 5 жыл.
Жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау, тексеру және талдау, құрылыс және монтаждау жұмыстарының сметалық құнын есептеу және бақылау, сондай-ақ сметалық есептерді және жобаны іске асыру құнына әсер ететін өзгерістерді келісу мәселелері бойынша жобалау және мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау бойынша расталған практикалық тәжірибенің болуы артықшылық болып табылады.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім мен дағдылар
Міндетті:
-
құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілерін, әдістемелік және басқа да материалдарды;
-
өндірістік және азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың құрамы мен техникалық жай-күйіне мемлекеттік қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді;
-
құрылыс жұмыстарын ұйымдастыруды және технологиясын;
-
өндірістік және азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану қағидаларын;
-
құрылыс нормалары мен қағидаларын;
-
белгіленген құжаттаманы әзірлеу, жүргізу және сақтау тәртібін;
-
техникалық құжаттаманы жасау және ресімдеу бойынша қолданыстағы стандарттарды, техникалық шарттарды, ережелер мен нұсқаулықтарды;
-
құрылыс материалдарына, бөлшектерге және конструкцияларға қойылатын стандарттар мен техникалық шарттарды;
-
құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаудың техникалық шарттары мен кестелерін;
-
өндіріс технологиясының негіздерін, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу тәсілдерін;
-
жобалау-сметалық және басқа да техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібін;
-
құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаудың озық отандық және шетелдік тәжірибесін;
-
жаңа құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды;
-
экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін;
-
«Азаматтық қорғау туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы», «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы», «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін және Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін;
-
өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларын;
-
қауіпсіздік және еңбекті қорғау, газ және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидаларды, нормалар мен нұсқаулықтарды;
-
ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001 халықаралық стандарттарының талаптарын;
-
компьютерді озық пайдаланушы деңгейінде меңгеру, MS Office (Excel, Word) бағдарламаларын білу, есептеу техникасын пайдалану қағидаларын.
Қалаулы:
-
MBA дәрежесінің болуы;
-
ағылшын тілін меңгеру.
Корпоративтік құзыреттер
-
жауапты бол және бастамашылық таныт;
-
әрекет ет және ең үздік нәтижеге қол жеткіз;
-
командада жұмыс істе, компанияның мүдделерін қорға;
-
серпінді бол және дамы;
-
талда, ойлан және ұсыныс жаса;
-
өзіңе сен, әріптестеріңді құрметте және компанияңды мақтан тұт;
-
қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жұмыс істе.
Күні: 16.09.2026 09:24. Электрондық құжаттың көшірмесі. ҚЭЖ нұсқасы: Documentolog 7.23.2. ЭЦҚ тексеру нәтижесі – оң.
Лауазымдық міндеттері
-
лауазым құзыреті шегінде және бекітілген бастапқы деректер негізінде жабдықтардың, ғимараттар мен құрылыстардың және жұмыстардың сметалық құжаттамасы мен құнын есептеуді жасау;
-
бекітілген жұмыс сызбалары мен сметалық есептерді қарау және талдау;
-
іске асырылып жатқан Проектке жататын құрылыс, монтаждау және өзге де жұмыстардың сметалық құнын айқындау үшін бастапқы деректерді дайындау;
-
бекітілген бастапқы деректер, жұмыстардың көлемдері, жобалық шешімдер, баға көрсеткіштері немесе сметалық құнға әсер ететін өзге де факторлар өзгерген жағдайда белгіленген тәртіппен сметалық есептерге нақтылаулар мен түзетулер енгізу;
-
жобалау ұйымдары дайындаған сметалық құжаттаманың дұрыс жасалуын тексеру және өз құзыреті шегінде ескертулер, анықтамалар немесе талдамалық қорытындылар дайындау;
-
бекітілген техникалық шешімдер мен бастапқы деректер негізінде материалдар мен жабдықтарды ауыстыру кезінде сметалық құнның өзгеруіне есептеулер мен талдау жүргізу;
-
берілген өкілеттіктер шегінде мердігерлік және жобалау ұйымдарымен сметалық есептерді келісуге қатысу, сметалық есептердің бекітілген жобалау құжаттамасына, нормативтік талаптарға және шарт талаптарына сәйкестігін тексеру;
-
бекітілген техникалық шешімдер мен сапа және қауіпсіздік талаптарын нашарлатпай, құрылыс және монтаждау жұмыстарының құнын оңтайландыруға бағытталған ұсыныстар мен іс-шараларды әзірлеуге қатысу;
-
Жобалық-техникалық бөлімнің қызметіне қатысты сметалық құжаттама мен есептердің есебін жүргізу және жүйелеу;
-
өз құзыреті шегінде жұмыстардың сметалық құны туралы анықтамалар мен ақпараттық материалдар дайындау;
-
өз құзыреті шегінде орындалған жұмыстардың көлемі мен құнын растайтын құжаттардың дұрыс ресімделуін тексеру және сәйкессіздіктер анықталған жағдайда тиісті ескертулер дайындау;
-
орындалған жұмыстар көлемдерінің жинақтаушы ведомостарын жүргізу және бағалар немесе жұмыстар көлемдері өзгерген жағдайда тиісті түзетулер енгізу;
-
жұмыстардың қосымша көлемдерін қарауға қатысу, олардың негізділігі мен бекітілген жобалық шешімдерге, сметалық құжаттамаға және шарт талаптарына сәйкестігін өз құзыреті шегінде талдау;
-
тікелей басшының тапсырмасы бойынша лауазым құзыретіне жататын мәселелер бойынша анықтамалық, талдамалық және өзге де ақпараттық материалдарды, оның ішінде тезистерді, түсіндірме жазбаларды және нормативтік құжаттардан үзінділерді дайындау;
-
берілген өкілеттіктер шегінде жобалау-сметалық қызметке қатысты құжаттарды өз құзыреті бөлігінде қарау, келісу және визалау;
-
берілген өкілеттіктер шегінде және іс жүргізудің белгіленген тәртібіне сәйкес жобалау-сметалық қызмет мәселелері бойынша Серіктестіктің бөлімшелерімен, «ҚазГӨЗ» ЖШС СКД, мердігерлік, жобалау және өзге де ұйымдармен қызметтік өзара іс-қимылды және хат алмасуды жүзеге асыру;
-
Серіктестікте белгіленген тәртіпке сәйкес қызметтің жеке негізгі көрсеткіштерін қалыптастыруға және орындауға қатысу;
-
жеке үлгісімен қауіпсіз мінез-құлықты және өнеркәсіптік қауіпсіздік, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау талаптарының сақталуын көрсету, сондай-ақ көрсетілген талаптардың басқа жұмыскерлер тарапынан сақталуына ықпал ету;
-
өз лауазымдық міндеттерін орындау кезінде және берілген өкілеттіктер шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)