Құқықтық сүйемелдеу департаментінің менеджері

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
67

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Қоғамның басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп Қоғамның қызметіне байланысты нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындауға қатысу;
  • құқықтық сүйемелдеу, Қоғам қызметі шеңберінде инвестициялық жобаларға заңгерлік сараптама жүргізу;
  • Қоғам атынан барлық сот инстанцияларына, мемлекеттік органдарға талап арыздарды, пікірлерді, қарсылықтарды және өзге де құжаттарды дайындауға қатысу;
  • сот инстанцияларының, мемлекеттік органдардың барлығында талап-арыздық жұмыс мәселелері бойынша Қоғамның мүдделерін қорғау мақсатында өкілдік ету;
  • сот дауларын қарау нәтижелерін талдау арқылы Қоғам қызметін жақсарту жөнінде басшылыққа мәселелер қою;
  • локалдық актілерге олардың құқықтық тұрғыдан негізділігі тұрғысынан заңгерлік сараптама жүргізу, Қоғамның инвестициялық қызметін реттейтін ішкі құжаттар жобаларын әзірлеу;
  • шарттар, келісімдер жобаларына құқықтық сараптама жүргізу, жобалық қаржыландыру шеңберінде үлгілік шарттар мен келісімдер әзірлеу;
  • Қоғам жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу процесін құқықтық қамтамасыз ету;   
  • ТРУ сатып алуларын жүзеге асыру кезінде тендерлік комиссияларға қатысу;
  • ішкі нормативтік құжаттарға олардың ҚР заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан заңгерлік сараптама жүргізу; Қоғамның басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп шарттар, келісімдер жобаларына құқықтық сараптама жүргізу;
  • Қоғам қызметі барысында туындайтын құқықтық мәселелер бойынша қорытындылар жасау;
  • Қоғам қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша ауызша консультациялар беру;
  • Қоғамның басқару және бақылау органдарының қызметінің заңдылығын қамтамасыз ету;
  • Қоғамның қызметін реттейтін құжаттаманы әзірлеу;
  • сараптамаға келіп түсетін құжаттамаға құқықтық сараптама жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына бұйрықтардың, өкімдердің, нұсқаулықтардың және өзге де ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттардың сәйкестігін алдын ала тексеруді жүзеге асыру
  • Департамент құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша құқық қорғау, мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
  • Қоғамның қызметі мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен жұмыс;
  • Департаменттің іс жүргізуді қалыптастыру жұмысының орындалуын қамтамасыз ету, сақтауға жататын құжаттарды Қоғамның архивіне тапсыру;
  • Қоғамда еңбек тәртібін нығайтуға, сондай-ақ Қоғамға оның қызметкерлері тарапынан ұрлық жасау немесе өзге де залал келтіру фактілерін жолын кесуге бағытталған іс-шараларды дайындауға және жүзеге асыруға қатысу.
  • банкроттық және реабилитациялық рәсімдер шеңберінде банкроттық және реабилитациялық басқарушылармен, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу шеңберінде сот орындаушыларымен өзара іс-қимыл жасау. 

Талаптар:

  • жоғары кәсіби білім (Құқықтану, Құқықтану/Құқықтану саласы)
  • Жоғары заңгерлік білім, тиісті бағыт бойынша магистр дәрежесі болғаны [күмән] және мамандық бойынша жұмыс өтілі (ЖОО-да оқу уақытын есептемей) лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде 10 (он) жыл;
  • құрылыс саласында, екінші деңгейдегі банктерде жұмыс тәжірибесі, заңды және жеке тұлғалардан сот тәртібімен берешекті өндіріп алу бойынша тәжірибе, корпоративтік басқару/корпоративтік құқық саласында құжаттарды қарау тәжірибесі [күмән] болғаны жөн.

Шарттары:

  • Астана қаласы, Нұра ауданы, Сығанақ көшесі, 17/10 ғимарат;
  • 5/2, дүйсенбіден жұмаға дейін 09-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін;
  • KPI орындағаны үшін сыйақы төлемдері.