Атырау электромен жабдықтау дистанциясының Атырау стансасы механикалық шеберхана цехының автокөлік жүргізушісі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын мүлтіксіз сақтауға;жұмысқа шығу мүмкін болмаған жағдайда және оның себебін тікелей басшысына алдын ала хабарлауға;
тікелей басшысының өкімдеріне сәйкес Қоғамның барлық іс-шараларына қатысуға;
автокөлікті апатсыз пайдалануды қамтамасыз етуге;
жанар-жағармай материалдарын үнемді жұмсауды қамтамасыз етуге;
жол жүру құжаттарын белгіленген тәртіппен ресімдеуге;
күн сайын жолға шығар алдында автокөліктің техникалық жай-күйін тексеруге;
медициналық куәландырудан уақтылы өтуге;
қозғалыстың оңтайлы бағыттарын таңдауға;
автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға жол бермеуге;
тікелей басшысының келісімінсіз бөгде адамдардың автокөлікті басқаруына және жөндеуіне жол бермеуге;
жанар-жағармай материалдарын сатып алуға берілген ақша қаражатының есебін жүргізуге және тікелей басшы белгілеген мерзімдерде есеп беруге;
Қосымша талаптар:
барлық оқиғалар, шабуыл жасау, ұрлық және т.б. жағдайлар туралы тікелей басшысына дереу баяндауға;жолаушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ететін, сондай-ақ автокөліктің техникалық жарамды жай-күйін сақтауға мүмкіндік беретін көлікті дұрыс әрі кәсіби басқаруды қамтамасыз етуге;
аса қажеттілік болмаса, дыбыстық сигналдарды қолданбауға және алдында келе жатқан автокөліктерді күрт басып озуға жол бермеуге;
авариялық жағдайдың туындауын болдырмайтын қозғалыс жылдамдығы мен арақашықтықты таңдауға;
автокөлікті қысқа уақытқа болса да, оны ұрлау немесе автокөліктің ішіндегі қандай да бір заттарды ұрлау мүмкіндігі туындайтындай көзден таса жерде қараусыз қалдырмауға;
автокөліктен шыққан кез келген жағдайда міндетті түрде дабыл жүйесін қосуға; қозғалыс кезінде және тұрақта тұрған кезде автокөліктің барлық есіктері бұғатталған болуы тиіс; автокөліктен шыққан (отырған) кезде ықтимал қауіптің жоқтығына көз жеткізуге;
автокөліктің техникалық жай-күйін бақылауға, оны қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстарды (пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес) өз бетінше орындауға, сервистік орталықта техникалық қызмет көрсетуден және техникалық қарап-тексеруден уақтылы өтуге;
қозғалтқышты, шанақты және автокөлік салонын таза ұстауға, олардың тиісті беттеріне арналған арнайы күтім құралдарымен қорғауға;
жұмысқа шығар алдында және жұмыс барысында алкогольді, психотроптық, ұйықтататын, антидепрессанттық және организмнің зейінін, реакциясын және еңбекке қабілеттілігін төмендететін басқа да құралдарды қолданбауға.
Қажетті қабілеттер
- уверенные навыки вождения автотранспорта
Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Кәсіби)