жол мастері жол бригадирі

403 731 - 420 816
Бескольская дистанция пути Алматы облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
56

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

- Өз жұмыс бөлімшесі шегіндегі жолдың барлық элементтері мен ерекшеліктерін; бағыттамалы бұрмаларды, жасанды құрылыстарды, жер төсемін және жол құрылғыларын егжей-тегжейлі білу; олардың жағдайын жүйелі түрде тексеру және жолды күтіп-ұстау жұмыстарының орындалуын қамтамасыз ету, жол ақауларын олар пайда бола бастаған сәттен-ақ жоюға ықпал ету, жол мен құрылыстардың ақауын тудыратын себептерді зерттеу және жою, жұмыстарды жүргізу кезінде бағынышты қызметкерлердің қауіпсіздік техникасы ережелерін сөзсіз сақтауымен пойыздардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету;

- Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жол бригадирінің жанында қажетті өлшеу құралдары, қол сигналдарының жиынтығы, жолды, құрылыстарды және жол құрылғыларын тексеру нәтижелерін жазу кітабы (ПУ-28), ал бөлімшеде бағыттамалы бұрмалар болған жағдайда - бағыттамалы бұрмалар мен саңырау қиылысуларды тексеру нәтижелерін жазу кітабы (ПУ-29) болуы тиіс;

- Жолды, бағыттамалы бұрмаларды және жол құрылғыларын күтіп-ұстау бойынша жұмыстарды өз бетінше орындай білу, жұмыстардың сапасына қойылатын талаптарды білу;

- Жол жұмыстарына арналған нормалар мен бағаларды білу және қолдану;

- Белгіленген нысандар бойынша жұмыс күшін пайдалану, материалдар, құрал-саймандар мен мүкәммал айналымы бойынша есеп пен есептілікті жүргізу;

- Ағымдағы жолды күтіп-ұстау жұмыстарында қолданылатын механизмдерді, агрегаттарды, жабдықтар мен құралдарды пайдалана білу;

- Қатаң есептегі құралды ПУ-80А қатаң есептегі құралды беру және қабылдау журналына сәйкес сақтау, жол өлшеу құралын уақтылы жол дистанциясының шеберханаларына тексеруге тапсыру, құрал-саймандардың, мүкәммал мен материалдардың бар-жоғын есепті деректермен мерзімді түрде салыстырып тексеру;

 

*Біліктілік талаптары:*

 

*Білімі:* орта (техникалық және кәсіптік)

*Саладағы мамандық:* Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы; Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Көлікте тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару (салалар бойынша)

*Жұмыс өтілі:* кемінде 1 жыл

 

*Қосымша талаптар:*

 

- Филиал директоры белгілеген күндері, айына төрт рет жолды және бағыттамалы бұрмаларды жол табанының ені мен деңгейі бойынша тексеру және қарау, электрлі рельстік тізбектердің оқшаулағыш элементтері мен рельстік жалғағыштарының жағдайын қарау, сондай-ақ жер төсемінің барлық құрылыстарын, өткелдер мен басқа да жол құрылғыларын қарау, ақауларды және олардың пайда болу себептерін анықтау және оларды жою жөніндегі жұмыстарды белгілеу. Бұл ретте тексерулердің бірі жол шеберімен бірлесіп жүргізіледі. Сонымен қатар, жол шеберінің басшылығымен белгіленген мерзімде рельстер мен бекітпелерге, сондай-ақ бағыттамалы бұрмалардың металл бөліктеріне тұтас қарау жүргізуі тиіс;

- Қажеттілігіне қарай жеке өзі немесе өзі тағайындаған қызметкерлер арқылы жаңбыр, көктемгі су тасқыны, боран, қатты аяз, көмпештердің өсуі мен шөгуі, температураның күрт көтерілуі, жер төсемінің деформациясы кезеңінде жол мен құрылыстарды тексеру.

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж