Маркетинг жөніндегі бас менеджер

«Семей Энерго» ЖШС Семей қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
775

   Конкурс туралы

Біліктілік талаптары

Білімі:

Экономика, қаржы немесе маркетинг бағыттары бойынша жоғары білім. Электр энергетикасы саласындағы тариф қалыптастыру негіздерін білу.

Жұмыс тәжірибесі:

Маркетинг саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

Білімі мен құзыреттері:

  • жыл сайынғы маркетингтік стратегия мен бюджетті әзірлеу;
  • нарықты, бәсекелестерді және маркетингтік іс-шаралардың тиімділігін талдау;
  • маркетинг негіздерін, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді ілгерілету қағидаттарын, маркетингтік коммуникациялар мен PR негіздерін білу;
  • маркетингтік стратегияны және кешенді маркетингтік іс-шараларды әзірлеу және іске асыру дағдылары;
  • инвестициялық жобаларды бағалау әдістері мен құралдарын (қаржылық модельдеу, тәуекелдерді талдау, сценарийлерді салыстыру, NPV, IRR және басқа көрсеткіштер) жақсы меңгеру.

Дағдылары:

  • компьютерлік сауаттылық және кеңсе бағдарламаларын еркін меңгеру;
  • digital-маркетингті және әлеуметтік желілердегі ілгерілетуді қоса алғанда, жарнамалық науқандарды жоспарлау және жүргізу дағдылары;
  • мердігерлермен, жарнама агенттіктерімен және сыртқы орындаушылармен жұмыс істей білу.

Сертификаттардың болуы:

Жобаларды басқару, қаржылық модельдеу, инвестиция тарту салаларында тиісті курстардан өткенін немесе кәсіби сертификаттарының болғаны құпталады.

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі:

Талап етілмейді.

Еңбек жағдайлары:

  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмысқа ресімдеу;
  • бес күндік жұмыс аптасы (дүйсенбі–жұма), сенбі және жексенбі – демалыс күндері;
  • әлеуметтік пакет;
  • жалақының уақтылы төленуі;
  • кәсіби даму және оқыту мүмкіндігі.

Қажетті қабілеттер

  • главный менеджер маркетинга