Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика слесары (уақытша бос орын)
«ҚазТрансОйл» АҚ Ақтау қ.Міндеттері:
-
1) жөнделетін аспаптардағы типтік ақауларды анықтау және жою;
2) қарапайым тораптардың бөлшектерін слесарлық өңдеу және тісті және құртты іліністерді жинау;
3) қосылыстардың қарапайым сызбаларын құрастыру және монтаждау;
4) ақаулы ведомостарды жүргізу және аспаптарға арналған паспорттарды, аттестаттарды толтыру;
5) өз мамандығы бойынша қарастырылған өндірістік нұсқаулықтарды, АСУТП кешенінің техникалық және бағдарламалық құралдарын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды, АСУТП кешенінің техникалық және бағдарламалық құралдарымен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды зерделеу;
6) еңбек тәртібін және еңбек кестесінің (ішкі еңбек тәртібінің) ережелерін сақтау; жұмыс орнында қауіпсіздік және еңбекті қорғау, жабдықты пайдалану, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын білу және сақтау;
7) ауысымды қабылдау және тапсыруға байланысты жұмыстарды орындау, жұмысты уақтылы бастауға дайындық және өз жұмыс орнын, жабдықты, құралдарды, саймандарды жинастыруды жүргізу және оларды тиісті күйде ұстау;
8) жабдықтың, саймандардың, құралдың және аспаптардың жарамдылығына бақылау жасау; жұмыс орнын таза ұстау, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бейімдемелерді дұрыс қолдану;
9) арнайы киім мен басқа да қорғаныс құралдарын қолдану; қауіпсіз еңбек тәсілдерін пайдалану, осы кезде қауіпсіздік және еңбекті қорғаудың барлық талаптарын сақтау; басқа қызметкерлердің мінез-құлқына, олардың жеке қауіпсіздік шараларын орындауына назар аудару, оларға қауіпсіз еңбек тәсілдерін қолдану, қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын орындау қажеттігін ескерту;
10) жұмыстарды қауіпсіз әдістермен және тәсілдермен орындау бойынша оқытудан өту, қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нұсқама алу, жұмыс орнында тағылымдамадан өту және қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша білімін тексеруден өту; міндетті алдын ала (жұмысқа қабылданған кезде) және мерзімді (еңбек қызметі барысында) медициналық тексерулерден (қарап-тексеруден) өту;
11) жұмысты тоқтату және адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін туындаған жағдай туралы тікелей басшыға хабарлау, оны әрі қарай талдау және ескерту әрі түзету іс-қимылдарын әзірлеу мақсатында инциденттерді тіркеу журналына тіркеу;
12) нақты тапсырма алғаннан кейін ғана жұмысқа кірісу, жұмыстарды нарядпен немесе жұмыстар жетекшісінің ауызша өкімімен ресімдеу, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқамадан өту. Жауапты ИТР-сыз бастамау және жоғары қауіпті жұмыстарды, газ қауіпті, отты жұмыстарды наряд-рұқсаттар бойынша орындамау;
Талаптар:
- бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика бойынша слесарь біліктілігі туралы біліктілік куәлігінің болуы;
Шарттар:
-
Қосымша хабарлаймыз: конкурс негізінен Маңғыстау облысының тұрғындары арасында өткізіледі. Жергілікті еңбек нарығында лайықты үміткерлер болмаған жағдайда екінші кезекте басқа өңірлердің үміткерлері қаралатын болады.
Қажетті білім дәрежесі
- Орташа білім
- Техникалық және кәсіптік білім беру
Ұқсас вакансиялар