"Қрағанды" МГҚБ" филиалы Жезқазған желілік-өндірістік басқармасы ЭСҚ қызметінің 2 санатты инженер-энергетигі

«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Қарағанды» магистральдық газ құбырлары басқармасы Борсеңгір а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
45

   Конкурс туралы

Міндеттері:

2-санатты инженер-энергетик келесі міндеттерді атқарады:

  • Бағынысты персоналдың жұмысын басқарады. Тапсырмалар береді және жұмыстардың қауіпсіз орындалу талаптарын сақтай отырып, олардың орындалуын бақылайды;

  • Өлшеу және сынақ жабдықтарының жұмыстарды орындауға дайындығын тексереді. Техникалық тексеру жүргізеді, жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) тексереді және анықталған ақауларды жою бойынша іс-шаралар жүргізеді;

  • Бөлімшенің электр жабдықтарының тиімді, сенімді және қауіпсіз пайдаланылуын, сондай-ақ уақтылы жөнделуін қамтамасыз етеді. Жұмыс көлемінің ұйым стандарттарына және техникалық және өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіптік санитария, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді;

  • Бөлімшенің өндірістік және әкімшілік-шаруашылық объектілерін электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етеді. Электрмен, жылумен жабдықтау және кәріз жүйелерінің сызбаларын әзірлеуге қатысады;

  • Материалдық құндылықтардың сақталуын және ұтымды жұмсалуын қамтамасыз етеді, электр жабдықтарының бар-жоғын және қозғалысын, ресурстардың кірісі мен шығысын, электрмен жабдықтау жүйесінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есепке алады және ЭВС қызметінің бастығына есептілік үшін мәліметтер ұсынады;

  • Өзінің қызмет бағыты бойынша қызметтің техникалық және есептік құжаттамасын жүргізеді. Бақылаушы органдардың нұсқамалары мен ішкі тексерулер нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жояды және олар бойынша берілген тапсырмаларды уақтылы орындайды;

  • Жоғары қауіпті жұмыстарды жүргізуге наряд-рұқсаттар мен арнайы рұқсаттарды ресімдейді және жоғары қауіпті жұмыстарды, сондай-ақ электрмен жабдықтау, жылумен және сумен жабдықтау, кәріз жүйелерінің объектілеріндегі авариялардың алдын алу немесе оларды жою жөніндегі жұмыстарды АЖЖ-ға сәйкес жүргізеді;

  • Бағынысты персоналды оқытуға өтінімдер жасау үшін қызмет бастығына қажетті мәліметтерді ұсынады;

  • Қызмет бағыты бойынша бекітілген бюджеттік бағдарламалардың (ТОРО, КВиРР, ТРИД және т.б.) іске асырылуын қамтамасыз етеді;

  • Қызмет бағыты бойынша ТОРО-ның жылдық жоспар-кестесін қалыптастыру үшін қажетті мәліметтерді ұсынады;

  • Электрмен, сумен және жылумен жабдықтау, кәріз, желдету және ауаны баптау жүйелерінің өндірістік қажеттіліктеріне қажетті материалдарға, арнайы киімге және қосалқы бөлшектерге ай сайынғы және жылдық өтінімдер жасайды;

  • Электр жабдықтары бойынша ақаулық актілерін жасайды, КВиРР жоспарын қалыптастыру, ақаулық ведомостарын жасау, тауарлық-материалдық құндылықтар (ТМҚ) мен негізгі құралдарды (НҚ) сатып алуға бюджеттік өтінімдер жасау үшін қызмет бағыты бойынша қажетті мәліметтерді, негіздемелер мен есептеулерді ұсынады;

  • Өндірістік бағдарламаның заттай көрсеткіштердегі жылдық жоспарын қалыптастыру және ТМҚ сатып алуға өтінімдер жасау үшін қажетті мәліметтерді, негіздемелер мен есептеулерді ұсынады. Өндірістік бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етеді, есептік құжаттаманы жасау үшін деректер ұсынады;

  • SAP ақпараттық жүйесінде жабдық бірліктерінің деректер базасына мәліметтерді енгізуді және түзетуді жүзеге асырады, қызмет бағыты бойынша жедел құжаттаманы уақтылы жүргізеді;

  • ЭВС объектілерін көктемгі су тасқынына және күзгі-қысқы кезеңде пайдалануға дайындау бойынша іс-шаралар жүргізеді;

  • Электрмен жабдықтаудың резервтік және авариялық көздерінің жұмысқа қабілеттілігін тексереді;

  • Сумен және жылумен жабдықтау, кәріз, желдету және ауаны баптау жүйелеріне қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын орындайтын бағынысты персоналдың жұмысын басқарады. Тапсырмалар береді және жұмыстардың қауіпсіз орындалу талаптарын сақтай отырып, олардың орындалуын бақылайды;

  • Жылумен, сумен жабдықтау және кәріз, желдету және ауаны баптау жабдықтары мен жүйелерінің техникалық тұрғыдан дұрыс әрі қауіпсіз пайдаланылуын және уақтылы жөнделуін қамтамасыз етеді. Жұмыс көлемінің ұйым стандартына және техникалық және өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіптік санитария, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді;

  • Материалдық құндылықтардың сақталуын және ұтымды жұмсалуын қамтамасыз етеді, жылу жабдықтарының бар-жоғын және қозғалысын, ресурстардың кірісі мен шығысын, сумен және жылумен жабдықтау жүйесінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есепке алады және ЭВС қызметінің бастығына есептілік үшін мәліметтер ұсынады;

  • Жылумен және сумен жабдықтау, кәріз, желдету және ауаны баптау жабдықтары мен жүйелерін тексеру бойынша ақаулық актілерін жасайды. КВиРР жоспарын қалыптастыру, ақаулық ведомостарын және ТМҚ мен НҚ сатып алуға бюджеттік өтінімдерді жасау үшін қызмет бағыты бойынша қажетті мәліметтерді, негіздемелер мен есептеулерді ұсынады;

  • Қазандықтардың және ауа қыздырғыштардың жұмысқа қабілеттілігін тексереді;

  • Қазандық жабдықтары мен жылу желілерін жылыту маусымына дайындау бойынша сынақтар жүргізеді;

  • Қызмет істерінің номенклатурасына сәйкес құжаттаманы жүргізеді;

  • Өндірістік бақылаудың 1-деңгейін жүзеге асырады, бақылаушы органдардың нұсқамалары бойынша іс-шаралардың орындалуын, сондай-ақ МГ желілік бөлігі объектілерінде өндірістік бақылаудың 2 және 3-деңгейлерінде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралардың орындалуын бақылайды.

Талаптар:

Біліміне қойылатын талаптар:

  • тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

Жұмыс тәжірибесі:

  • өндірісте кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.