"ҚТЖ" ҰК "АҚ - "магистральдық желінің Семей бөлімшесі" филиалының Өскемен-1 тобы станциясының өрт сөндіру поезы қарауыл бөлімшесінің бастығы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттері:
- Кезекшілік барысында объектіде қалыптасатын жағдайды білу және күзетілетін объектіде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қарауылдың қызмет атқаруы бойынша өрт поезының бастығы әзірлейтін іс-шараларды орындау;
- Өрт сөндіру поезын, өрт техникасын, жабдықтарды, байланыс және өрт дабылы құралдарын, өрт гидранттарын, жанармай құю гидроколонкалары мен су айдындарын ақаусыз күйде ұстау, ғимараттар (құрылыстар) мен су көздеріне баратын жолдар мен кіреберістер, ақаулар анықталған кезде оларды жою жөнінде дереу шаралар қабылдау және өрт сөндіру поезының бастығына дереу баяндау;
- Қарауыл басшысының өрттерге, аварияларға, дүлей зілзала орындарына шығуы, өрт сөндіру поезының бастығы немесе ӨСБ аға келгенге дейін өрттерді сөндіруге немесе қарауылдың жеке құрамының авария мен дүлей зілзалаларды жою жөніндегі жұмысына басшылық жасау;
- Қарауылдың жеке құрамымен өрт-саптық даярлау және жауынгерлік өрістетуді жүргізе отырып, өрт-тактикалық міндеттерді шешу бойынша сабақтар өткізу.
- Жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) шығынын және өрт техникасының жұмысын есепке алу.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: орта (техникалық және кәсіптік), өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы дайындық
- Мамандығы: өрт қауіпсіздігі, темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету; Автоматтандыру және басқару, Автоматика, телемеханика және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару; темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, Көлік, көлік техникасы және технологиялары; электрмен жабдықтау.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Колледж