«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Қызылорда 1 класс стансасының парк бойынша кезекшісі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
1. Жұмысқа уақытында, демалған күйде және белгіленген нысанды киіммен (ЖҚҚ) келуге, өзімен бірге қызметтік куәлігін, еңбекті қорғау және электр қауіпсіздігі бойынша куәлігін, ПТЭ, ИСИ, ИДП бойынша куәліктерін алып жүруге міндетті.Кезекшілікке кіріскенге дейін нұсқама журналында қол қою арқылы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша мақсатты нұсқамадан өту үшін ДС әкімшілік ғимаратына сағат 08:40/20:40-та келуге міндетті.
2. Теміржол жолдарында болған кезде және технологиялық жұмыстарды орындау барысында еңбекті қорғау және жеке қауіпсіздік талаптарын сақтайды, жұмыс орнын, өзіне сеніп тапсырылған техникалық құралдарды және жұмыс беруші берген арнайы киім мен жеке қорғаныш құралдарын (ЖҚҚ) тиісті жағдайда ұстайды.
3. Кезекшілікті қабылдау кезінде станцияның ТРА-сына сәйкес станциялық жолдардың бекітілуінің сенімділігін, тежеуіш башмактарының жарамдылығын, курбельдердің пломбаларының болуын, сөрелердің сенімді жабылуын тексереді.
4. Пайдалануындағы мүліктің, сондай-ақ басқа қызметкерлердің мүлкінің сақталуын қамтамасыз етеді.
5. Жолаушылар және жүк пойыздарын өз бекетінің жанында белгіленген жерде қарсы алады және шығарып салады. Маневрлік жұмыстарға қатысқан кезде пойыздарды олардың орналасқан жері бойынша қарсы алады және шығарып салады.
6. ДСП немесе ДСЦ нұсқауы бойынша пойыздан вагондарды ағытып алады, станциялық жолдарда тепловозсыз қалдырылған пойыз құрамдарын немесе жекелеген вагондарды қажетті мөлшердегі тежеуіш башмактарымен бекітеді және станцияның ТРА-на сәйкес ДСП нұсқауы бойынша оларды уақытылы алып тастайды.
7. ДСП-ның нұсқауы бойынша локомотив машинистеріне жасыл және диагоналі бойынша қызыл жолағы бар ақ түсті бланкілерді, жол жазбаларын, хабарламаларды (ДУ-50, ДУ-54, ДУ-64 және т.б.) береді. Станциялық жолдарда вагондарды бекітуге арналған тежеуіш башмактары мен құрылғыларды нөмірлік есепке алу жөніндегі ДУ-67 нысанындағы журналды жүргізеді.
8. Көрсетілген маршрут бойынша бағыттамаларды курбельмен ауыстырады, СЦБ құрылғылары орталықтандырылған жүйеден ажыратылған немесе олардың қалыпты жұмысы бұзылған жағдайда бағыттамаларды аспалы құлыппен бекітеді.
9. Пойыздарды қабылдау және жөнелту кезінде, сондай-ақ маневрлік жұмыстар жүргізу барысында соқтығысудың алдын алу мақсатында маршрутты бөгде адамдар мен малдан қорғауды қамтамасыз етеді.
10. СЦБ және байланыс құрылғылары істен шыққан жағдайда жолдың бос болуын және пойыздарды қабылдау мен жөнелту үшін маршруттың дайындалуын тексереді.
11. Қатаң есепке алынатын құжаттардың, мүкәммалдың және құрал-саймандардың сақталуын қамтамасыз етеді.
12. СЦБ құрылғыларының жұмысындағы ақаулар, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіретін жұмыс жағдайының күрделенуі немесе штаттан тыс жағдай туындаған кезде ДСП-ға немесе ДСЦ-ға дереу хабарлайды және ДСЦ немесе ДСП нұсқауы бойынша авариялық немесе штаттан тыс жағдайды жою жөнінде шаралар қабылдайды.
13. Теміржол көлігі объектілерінен жүктер мен материалдық құндылықтардың ұрлану жағдайлары анықталған кезде, сондай-ақ станциялық жолдарда, құрамдардың жанында немесе теміржол көлігінің басқа объектілерінде күдікті бөгде адамдар болған жағдайда тікелей басшысына дереу хабарлайды.
14. Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік органдардың актілерін және Компанияның қызметіне қатысты өзге де құжаттарды, еңбек шартының талаптарын, корпоративтік басқару кодексін және Компанияның (жұмыс берушінің) өзге де жергілікті актілерін қатаң сақтайды.
15. Жұмыс орнында қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын қатаң сақтайды.
16. Өз жұмыс орнында халықаралық ISO 9001:2008, ISO 14001:2004, ISO 45001, ISO 50001, OHSAS 18001:2007, ISO 50001 стандарттарының талаптарына негізделген интеграцияланған менеджмент жүйесінің талаптарын енгізуді, сақтауды және оның жұмыс жағдайында болуын қамтамасыз етеді.
17. Техникалық құралдарды дұрыс пайдалану арқылы еңбек өнімділігін және өндіріс тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдайды.
18. СЦБ және байланыс құрылғыларының қалыпты жұмысы бұзылған жағдайда маневрлік жұмыстарды жүргізу процесіне қатысады.
19. Тежеуіш башмактарының, құжаттардың, мүкәммалдың және қатаң есепке алынатын құрал-саймандардың сақталуын қамтамасыз етеді.
20. Пойыздың толық құрамда келгенін, пойыздың соңғы вагонында белгіленген сигналдың болуын бақылайды, сондай-ақ ұзын құрамды пойыздарды кейін шегіндіру кезінде шегіндірілетін маршруттың дұрыстығын және оның қорғалуын тексереді.
21. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Филиалдың басқа құрылымдық бөлімшелерінің жауапты тұлғаларымен өзара іс-қимыл жасайды.
22. Жоспарлы және жоспардан тыс техникалық сабақтарға қатысады.
23. Вагондарды кейін шегіндіруге команда беруге, тиісті рұқсат алмай және қозғалыс бағыты бойынша бірінші вагонда болмай тұрып, ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Біліктілік талаптары:
Білімі:Міндетті: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) немесе орта (техникалық және кәсіптік) білім.
Міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерін, теміржол көлігіндегі кәсіпорындардың экономикалық, өндірістік-шаруашылық қызметін реттейтін Қоғамның жергілікті актілерін, қозғалыс қауіпсіздігі, экологиялық, өнеркәсіптік және электр қауіпсіздігі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, Компанияның, Қоғамның теміржол көлігіндегі құрылымдық бөлімшелердің қозғалыс қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған қызметін реттейтін жергілікті актілері мен нұсқаулықтарын, сондай-ақ функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де нормативтік-құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттамаларды білу.
Қалаулы: мемлекеттік және ағылшын тілдерін білу, коммуникабельділік, іскерлік қасиеттер, ұжымда әріптестік қарым-қатынасты қолдай білу.
Мамандығы:
Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім бойынша – тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі);
Орта (техникалық және кәсіптік) білім бойынша – көліктегі тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару (салалар бойынша); теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару.
Жұмыс тәжірибесі*
Қызмет бағыты бойынша:
пойыз құрастырушы, вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуші, бағыттамалық қосын кезекшісі, тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор, сигнал беруші, станция бойынша кезекші жанындағы оператор, орталықтандыру қосынының операторы, сұрыптау дөңесінің операторы лауазымдарында кемінде 1 жыл;
пойыз құрастырушы, вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуші, бағыттамалық қосын кезекшісі, тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор, сигнал беруші, станция бойынша кезекші жанындағы оператор, орталықтандыру қосынының операторы, сұрыптау дөңесінің операторы лауазымдарында кемінде 3 жыл.
Қалаулы: магистр дәрежесінің немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің болуы.
Басшылық лауазымдағы жұмыс тәжірибесі: талап етілмейді.
Дағдылары
Міндетті: менеджмент және тәуекелдерді басқару жүйесінің құралдарын меңгеру, даму жоспарларын әзірлеу мен іске асыруды ұйымдастыру, Қоғамның еңбек ресурстарына қажеттілігін есептеу, қойылған міндеттердің ерекшеліктерін ескере отырып, жетекшілік ететін департаменттердің жұмысын жүйелі түрде жоспарлау, ұзақ мерзімді жұмыс жоспарларын іске асыру және өз жұмысында басымдықтарды дұрыс белгілеу, сондай-ақ жұмыс уақытын ұтымды бөлу.
Қалаулы: әртүрлі көзқарастар арасында консенсус таба білу және сындарлы диалогты белсенді жүргізу; командада жұмыс істеу, көшбасшылық және коммуникация дағдыларын, көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдыларын меңгеру.
Қосымша талаптар:
Еңбек шартында көрсетілген міндеттерден басқа, қызметкердің міндеттеріне мыналар жатады:
1) еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау;
2) Серіктестік басшылығының және тікелей басшысының тапсырмаларын орындау;
3) іскерлік әдеп нормалары мен корпоративтік мәдениетті сақтау;
4) құпиялылық нормалары мен Серіктестіктің және Компанияның жергілікті актілерін бұзбай, шынайы ақпаратты уақтылы ұсыну;
5) пайдалануына берілген мүлікке ұқыпты қарау және оның сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;
6) жұмыс орнында қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, комплаенс мәдениетін қалыптастыру, іскерлік беделді нығайту және Серіктестікке деген сенімді арттыру шеңберінде мыналарды жүзеге асыру:
а) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен рәсімдерді қалыптастыруға және іске асыруға белсенді қатысу;
б) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын, сондай-ақ Серіктестіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының қағидаттары мен талаптарын сақтау;
в) жеке мүдделер Серіктестіктің және Компанияның мүдделеріне қайшы келетін жағдайларға немесе мән-жайларға жол бермеу. Мүдделер қақтығысы туындаған немесе оның туындау мүмкіндігі болған жағдайда, бұл туралы ақпаратты тікелей басшыға не Серіктестіктің Комплаенс-бақылаушысына жазбаша түрде хабарлау;
г) Серіктестік қызметкерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны немесе жасап жатқаны туралы өзіне белгілі болған кез келген факті туралы Компанияның «жедел желісіне», не өзінің тікелей немесе жоғары тұрған басшысына және (немесе) Серіктестіктің Комплаенс-бақылаушысына дереу хабарлау;
д) Компанияның қызметкерлердің әдеп нормалары мен мінез-құлқына қатысты ішкі құжаттарының талаптарын сақтау;
е) Компанияның мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі ішкі құжаттарының талаптарын сақтау;
ж) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және Серіктестіктің жергілікті актілерінің талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауына жол бермеу және олардың алдын алу;
з) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен комплаенс саясаты талаптарын құрылымдық бөлімше жетекшілік ететін процестерге енгізу;
8) учаскелерде өзіне сеніп тапсырылған негізгі құралдарға, материалдарға және басқа да мүлікке материалдық жауапкершілік атқару;
9) Серіктестіктің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау корпоративтік жүйесі шеңберінде «Үш қорғаныс желісі» моделіне сәйкес функцияларды іске асыру;
10) осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген процестер мен операцияларды сапалы және уақтылы орындау;
11) қызметтік құжаттарды қарау және шешімдер қабылдау кезінде бюрократизм көріністеріне жол бермеу, бюрократизм фактілері анықталған жағдайда Серіктестіктің жергілікті актілерінде белгіленген мерзімдерде қажетті шараларды қабылдау;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасы, мемлекеттік органдардың, Жалғыз акционердің актілері және Серіктестіктің қызметіне қатысты өзге де құжаттардың нормалары мен талаптарын сақтау;
13) еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау.Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
Ұқсас вакансиялар