Орталық химиялық зертханасының меңгерушісі (уақытша бос орын)

«ҚазТрансОйл» АҚ Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Қызметкер болмаған кезде, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
110

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1) нормативтік құжаттарға (бұдан әрі – НҚ) сәйкес қабылданатын, тасымалданатын және жеткізілетін мұнайдың сапасын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында химиялық зертхананың қызметін ұйымдастыру, сынақ нәтижелерінің дұрыстығын, объективтілігін және талап етілетін дәлдігін қамтамасыз ету;

    2) зертхана қызметкерлеріне басшылық жасау, зертханалық жабдықтың және қызметкерлердің жұмыс орындарының жай-күйін бақылау, бар кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдау;

    3) бақылау-өлшеу аппаратурасының жай-күйі мен жұмысын бақылауды ұйымдастыру, оны уақытылы мерзімді мемлекеттік калибрлеуге (поверкаға) ұсынуды қамтамасыз ету; химиялық реактивтерді, зертханалық жабдықты қабылдау кезінде кіріс бақылауын жүзеге асыру, мұнайдың арбитраждық сынамаларын және химиялық реактивтерді сақтау; жабдық, материалдар жеткізуге өтінімдер қалыптастыру, химиялық реактивтердің, химиялық ыдыстың қалдықтарын есепке алу, пайдаланылған тауарлық-материалдық құндылықтарды уақытылы есептен шығару;

    4) белгіленген құжат айналымын қамтамасыз ету, зертханалық журналдарды жүргізуді ұйымдастыру және талдау мен сынақ нәтижелерін уақытылы ресімдеу;

    5) өндірісте зертханалық бақылаудың жаңа әдістерін әзірлеуге және енгізуге қатысу, сондай-ақ қолданыстағы әдістерді жетілдіру;

    6) Басқарманың зертханаларын аттестаттауға, жабдықтар мен материалдарды сертификаттауға ұйымдастыру және қатысу, персоналды оқыту;

    7) өндірісті бақылау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жақсарту жөнінде ұсыныстар дайындау: оларды жүргізуге еңбек шығынын қысқарту мақсатында, сондай-ақ мұнай мен судың сапасына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік-техникалық құжаттаманы жетілдіру;

    8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерінің және жұмыс берушінің еңбек қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі, санитария және гигиена бойынша актілерінің талаптарын орындау. Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерінің және жұмыс берушінің еңбек қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, жол қозғалысы қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, санитария және гигиена бойынша актілерінің талаптарын сақтай отырып зертханалардың жұмысын ұйымдастыру;

    9) зертхана қызметкерлерінің еңбек және өндірістік тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;

    10) прекурсорлар топтарына жататын заттарды пайдалану, сақтау, есепке алу ережелерінің сақталуын бақылау, олардың есебі мен есептілігін жүргізуді бақылау, еріткіштерді қолдануды бақылау, сондай-ақ олардың шығыны бойынша есептерді уақытылы Басқарманың тауар-көлік қызметіне ұсыну;

    11) қауіпсіздік және еңбек қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау немесе электр қауіпсіздігі саласындағы ережелер мен нұсқаулықтардың бұзылуы қызметкерлердің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіруі мүмкін жағдайларда жұмысты тоқтата тұру;

    12) алкогольдік немесе есірткілік масаю күйіндегі қызметкерлерді жұмысқа жібермеу;

    13) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер ететін жағдайлар өзгерген жағдайда, соның ішінде жаңғырту жағдайларында, ОПБОТ және ОС-ға қауіпті өндірістік объектілер туралы мәліметтерді уақытылы ұсыну;

Талаптар:

  • Химиялық технология бойынша жоғары білім
  • Химик-технолог инженері мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі
  • Конкурс негізінен Маңғыстау облысының тұрғындары арасында өткізіледі. Жергілікті еңбек нарығында лайықты үміткерлер болмаған жағдайда екінші кезекте басқа өңірлердің үміткерлері қарастырылады.

Шарттар:

  • Конкурс негізінен Маңғыстау облысының тұрғындары арасында өткізіледі. Жергілікті еңбек нарығында лайықты үміткерлер болмаған жағдайда екінші кезекте басқа өңірлердің үміткерлері қарастырылады.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр