"Қазпочта" АҚ "Жалпы қызмет көрсету орталығы" филиалы Хатшылық Бас менеджері
«Қазпошта» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
1)Хатшылық құзыреті аясында Басқарма төрағасы мен Басқарманың қызметін ұйымдастырушылық, құжаттамалық және ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;2)Басқарма төрағасының қатысуымен кеңестерді, жұмыс кездесулерін және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру, оларға қажетті материалдарды жинауды және жүйелеуді қамтамасыз ету;
3)Басқарма төрағасының тапсырмалары мен Басқарма шешімдерін жауапты құрылымдық бөлімшелерге жеткізу, олардың есебін жүргізу;
4)Тапсырмалар мен шешімдердің орындалу мерзімдеріне мониторинг жүргізу, олардың орындалу барысы туралы ақпарат сұрату және жауапты орындаушыларға ескертулер жіберу;
5)Тапсырмалар мен шешімдердің орындалу барысы туралы ақпаратты жинақтау, жиынтық және талдамалық есептілікті дайындау, орындалмаған және мерзімі өткен тапсырмалар мен шешімдер туралы Хатшылық басшысын хабардар ету;
6)Хатшылықтың құжаттарының тізілімдерін жүргізу, оларды есепке алу, жүйелеу және сақтау, сондай-ақ белгіленген тәртіппен архивтік сақтауға беруді қамтамасыз ету;
7)Хатшылықтың құзыретіне жататын мәселелер бойынша хаттардың, қызметтік жазбалардың, анықтамалардың, тізілімдердің, есептердің және өзге де құжаттардың жобаларын дайындау;
8)Хатшылықтың қызметін регламенттейтін ішкі құжаттарды әзірлеуге және өзектендіруге, сондай-ақ тиісті бизнес-процестерді жетілдіруге қатысу;
9)Хатшылықтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен және филиалдарымен өзара іс-қимыл жасау;
10)Тікелей басшының және Заң департаментінің тапсырмасы бойынша Хатшылықтың құзыреті аясында өзге де міндеттерді орындау;
11)Қоғамның Жарғысына, Басқарма туралы ережеге және Қоғамның өзге де ішкі құжаттарына сәйкес Басқарма отырыстарын дайындауды және өткізуді ұйымдастыру;
12)Басқарма отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер мен қызметкерлерден материалдарды алуды ұйымдастыру;
13)құрылымдық бөлімшелердің Басқарманың қарауына енгізу үшін ұсынған материалдарының белгіленген рәсімдеу және толықтық талаптарына сәйкестігін өз құзыреті шегінде тексеру;
14)Басқарма отырысының күн тәртібі жобасын қалыптастыру, Басқарма мүшелері мен шақырылған тұлғаларды отырыс туралы хабардар ету, оларға белгіленген мерзімдерде материалдардың ұсынылуын қамтамасыз ету;
15)отырыстардың хаттамаларын жүргізу, хаттамаларды, шешімдерді, үзінді көшірмелерді және бюллетеньдерді рәсімдеу, олардың қол қойылуын және қабылданған шешімдердің мүдделі тұлғаларға жеткізілуін қамтамасыз ету;
16)хаттамалардың түпнұсқаларын және Басқарманың өзге де құжаттарын есепке алуды, жүйелеуді және сақтауды қамтамасыз ету;
17)Қоғамның ішкі құжаттарында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен Басқарманың қызметі туралы есептердің жобаларын дайындау;
18)Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қоғамның Жарғысында, Басқарма туралы ережеде және Қоғамның өзге де ішкі құжаттарында көзделген Басқарма хатшысының өзге де функцияларын жүзеге асыру;
19)лауазымдық міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасының, Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын және белгіленген рәсімдерді сақтау;
20)үшінші тұлғаларға Қоғамның коммерциялық құпиясын құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ лауазымдық міндеттерін орындауға байланысты белгілі болған өзге де құпия ақпаратты жария етпеу;
21)Басқарма жұмысының ұйымдастырылуындағы анықталған кемшіліктер туралы Басқарма төрағасын уақтылы хабардар ету және оларды жою жөнінде ұсыныстар енгізу;
22)Хатшылықтың құзыретіне жататын бизнес-процестерді жетілдіруге қатысу;
23)Ақпараттық қауіпсіздікті және қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
24)Қоғам органдарының қызметін ұйымдастырушылық және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлігінде корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шараларға қатысу.
Талаптар:
- Бейіні бойынша жоғары білім: экономика, және/немесе заңтану, және/немесе гуманитарлық ғылымдар, және/немесе әлеуметтік ғылымдар, және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару саласында.
- Ұқсас бағытта және/немесе заңтану, және/немесе құжаттамалық қамтамасыз ету саласында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы тиіс.
Шарттары:
-
Бес күндік жұмыс аптасы екі демалыс күнімен - сенбі және жексенбі, күнделікті жұмыс (жұмыс күні, ауысым) ұзақтығы 8 (сегіз) сағат апта сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, демалуға және тамақтануға арналған үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-00-ге дейін.
Астана
Ұқсас вакансиялар
«Қазпошта» АҚ-ның «Жалпы қызмет көрсету орталығы» филиалының Пошта тауарларын сату және қорлар басқармасы бас менеджер
«Қазпошта» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
18.09.2026 | 159
SAP BW/BPS бойынша кеңесші / әзірлеуші (BW 7.x + BW/4HANA, BPC Embedded) (аутстаффинг секторы)
«KMG Digital» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
07.09.2026 | 1006
Downstream жобалық кеңсесінің жетекші инженері ҚМГ Инжиниринг ЖШС (HSE ОСС) (аутстаффинг)
ҚМГ Инжиниринг | Жобалық жұмыс
| Астана қ.
03.09.2026 | 1163