Комплаенс жөніндегі офицер
«Семей Энерго» ЖШС Семей қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеуші талаптар мен үздік халықаралық тәжірибеге тұрақты мониторинг жүргізеді.
- Қоғамның комплаенс тәуекелдерін бағалау әдіснамасын өзектендіруге және енгізуге қатысады.
- Қоғамның негізгі бизнес-процестерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейімділігін бағалауға, оның ішінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органымен бірлесіп қатысады.
- Комплаенс тәуекелдерін бағалау туралы есепті және оларды барынша азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындауға қатысады. Комплаенс тәуекелдерін бағалау нәтижелері туралы ақпараттың жария түрде ашылуын қамтамасыз етеді.
- Қоғам компаниялар тобының үшінші тұлғаларына тексеру жүргізеді, оның ішінде Қоғамның әкімшілік-басқарушылық лауазымдарына кандидаттарды тексереді.
- Әдеп және комплаенс мәселелері бойынша Қоғамның түрлі құрылымдық бөлімшелерімен, оның ішінде Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен, Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау департаментімен, Ішкі аудит қызметімен, Қауіпсіздік департаментімен белсенді өзара іс-қимыл жасайды.
Біліктілік талаптары:
Білімі:
Экономика, құқықтану немесе жүктелген функцияларды орындауға қажетті өзге де бағыттар бойынша жоғары білім.
Жұмыс тәжірибесі:
Жалпы еңбек өтілі кемінде 5 жыл. Комплаенс функциясын жүзеге асыру саласындағы, комплаенс бағдарламасының негізгі элементтерінің көпшілігін іске асыру тәжірибесінің болғаны құпталады.
Қосымша талаптар:
- Халықаралық және ұлттық кәсіби комплаенс ұйымдары беретін, біліктілік емтиханын тапсыруды көздейтін қолданыстағы кәсіби сертификаттардың (мысалы, ICA Advanced Certificate in Business Compliance немесе осы деңгейдегі ұқсас сертификаттардың) болғаны жөн.
Еңбек жағдайлары:
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмысқа ресімдеу.
- Бес күндік жұмыс аптасы (дүйсенбі–жұма), сенбі және жексенбі – демалыс күндері.
- Әлеуметтік пакет.
- Еңбекақыны уақтылы төлеу.
- Кәсіби даму және оқыту мүмкіндігі.
Қажетті қабілеттер
- - опыт комплаенс