Болашақ станция ТҚКП вагондар мен контейнерлерге қызымет көрсету операторы

326 111 - 340 351
ВЧД-33 МАНГИСТАУСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ВАГОННОЕ ДЕПО 3 группа Болашақ а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
10

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

9.1 Жұмысқа кіріспес бұрын нысаналы нұсқамадан өтуге, өзінің міндеттері шеңберіндегі бұйрықтармен және нұсқаулармен танысуға.
9.2 Ауысымға кіріскен кезде жолдарда тұрған пойыздардың бар-жоғын және олардың дайындық жағдайын тексеруге.
9.3 Станция бойынша кезекшіден (ДСП) алдағы кезеңдегі пойыздардың жалпы жақындауы туралы, әр пойыздың келу жолы және қай бағыттан келетіні жөнінде ақпарат алуға.
9.4 Пойыз келгеннен кейін вагондарды қарап-тексерушілерге пойызды орталықтандырылған және тасымалды сигналдармен қоршау туралы команда беруге, пойызды қарсы алу кезінде анықталған ақаулар туралы вагондарды қарап-тексерушілерден мәлімет алуға. Қабылдау-жөнелту жолдарында вагондарды техникалық қарап-тексеру кезінде құрамдарды қоршауға, осы жолдарға маршруттардың қойылуын болдырмауға. Қашықтан орталықтандырылған қоршаумен жабдықталған 5П, 61, 71, 81, 91, 10П жолдарында белгіленген тәртіппен қоршауды ұйымдастыруға.

Құрамдарды қоршауды сұрату және қоршауды алу үшін ПТО операторының бөлмесінде дербес компьютер орнатылған. ПТО АРМ-ының жүйе серверімен байланысы бөлінген цифрлық байланыс желісі арқылы TCP/IP протоколымен жүзеге асырылады. Жолды қоршау кезінде ПТО операторы «ПСЕЗГ» батырмасын басып, қоршауға сұрау береді. Бұл ретте ПТО операторының пультінде сұратылған жолдың шамы жыпылықтап жанады, ал ДСП мониторында осы жолды қиып өтетін ақ түсті төртбұрыш жыпылықтайды. ДСП барлық жұмыстар технологиялық процеске сәйкес аяқталғаннан кейін ғана «СЕГ» командасымен жолды қоршайды. ПТО операторындағы шам тұрақты жарықпен жанады, ал ДСП мониторындағы төртбұрыш қызыл түске боялады; осы сәттен бастап жол қоршалған болып есептеледі. Құрамды қарап-тексеру аяқталғаннан кейін ПТО операторы «ПСЕОГ» батырмасын басу арқылы жолдың қоршауын алады, содан кейін ДСП-ға қоршаудың алынғанын және алынған уақытын хабарлайды. 1, 2, 3, 4-жолдар орталықтандырылған қоршаумен жабдықталмаған, бұл жолдар тасымалды сигналмен қоршалады.
9.5 Пойызды техникалық қызмет көрсетуге ұсынуға және вагондарды қарап-тексерушілерге пойыздың жүріс үстінде КТСМ-02 көрсеткіштері бойынша анықталған ақаулар туралы ақпарат беруге.
9.6 Пойыз станцияға келген кезде компьютер арқылы №118 анықтамасын алып, мерзімі өтіп кеткен вагондар және олардың ақаулары туралы ақпарат алуға.
9.7 №204 сұрау салуы бойынша пойыздың толық натурлық парағын алуға.
9.8 Вагондарды қарап-тексерушілерден қарап-тексеру нәтижелері және құрамға техникалық қызмет көрсетудің аяқталғаны туралы ақпарат алуға.
9.9 ВУ-23М хабарламасын толтыру және 1353 хабарламасын қалыптастыру үшін ақпарат қабылдауға, сондай-ақ ВУ-26 нысаны негізінде вагондар мен контейнерлерді жөндеуге арналған 1352 хабарламасын енгізуді қамтамасыз етуге.
9.10 Пойыз құрамында сары және қызыл шекті белгілері бар вагондардың бар екендігі туралы вагондарды қарап-тексерушілерге хабарлауға.
9.11 Вагондарды тиеуге ұсыну кезінде №2610, №2612 анықтамаларын сұратуға және вагондарды қарап-тексерушілерге вагонның жөндеуаралық нормативі туралы ақпарат беруге.
9.12 ПТО ауысымының жұмыс кестесін жүргізуге және пойыздар қозғалысын «Пойыздардың орындалған қозғалыс кестесінде» тіркеуге.
9.13 Ауысым барысында тұрақты түрде дауыс зорайтқыш байланыс арқылы ПТО қызметкерлеріне теміржол жолдарында болған кездегі қауіпсіздік шаралары туралы хабарлауға.
9.14 Пойыздың дайын екендігі туралы мәліметтерді станция бойынша кезекшіге беруге.
9.15 Хабарлау радиобайланысы арқылы пойыздың жөнелтуге толық дайын екендігін жариялауға.
9.16 Жол бөлімшесінің диспетчерімен байланыста болып, жөнелтілген пойыздардың кепілдік учаскелерінде, оның ішінде КТСМ-02 көрсеткіштері бойынша кідіріп қалу жағдайлары туралы ақпарат алуға.
9.17 Пойыздарды қабылдауға жауапты ОВС-тің растауынан кейін ғана техникалық қызмет көрсетудің аяқталу уақытын көрсете отырып, пойыздың дайындығы туралы ДСП-ға баяндауға.
9.18 ПТО вагондарды қарап-тексерушілерінің талабы бойынша компьютер арқылы ВЦ-дан 2612, 2610 хабарламалары бойынша ақпарат беруге.
9.19 Әр ауысым сайын «Болашақ – Өзен», «Болашақ – Серхетяка» учаскелеріндегі пойыздар қозғалысы туралы ақпарат жинауға және ВЧПО-ға, ВЧД-33 диспетчеріне баяндауға.
9.20 Келіп түсетін және жөнелтілетін хат-хабарларды бақылауға.
9.21 Таратылатын пойыз жақындағанға дейін ДСП-дан немесе ИВЦ-ға сұрау салу арқылы пойыз құрамында жоспарлы жөндеуді қажет ететін вагондардың бар-жоғы туралы ақпарат алуға, вагондарды қарап-тексерушілерге пойыз құрамында сары және қызыл шекті белгілері бар вагондардың бар екендігі туралы хабарлауға.
9.22 Әрбір 4–5 сағат сайын компьютер арқылы пойыздардың жақындауы туралы №92 анықтамасын алып, ауысымдағы барлық қызметкерлерге ақпарат беруге.
9.23 Вагондарды тиеуге берген кезде ИВЦ арқылы вагонның жүріс нормативінің орындалуы туралы ақпарат сұратуға.
9.24 Вагондарды қарап-тексерушілерден вагонды жөндеуге арналған нарядты қалыптастыру үшін ақпаратты және 1353 хабарламасы бойынша вагонды жөндеуге ағыту туралы мәліметтерді алуға; ВУ-26 нысанындағы ілеспе парақ толтырылған сәттен бастап 15–20 минут ішінде 1352 хабарламасын енгізуге. 1352 хабарламасын қалыптастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қажетті сұрау салуды орындауға. Жөндеуден шыққан кезде 1354 хабарламасын ВУ-36М хабарламасын бере отырып, тек «4634» хабарламасынан және вагонды жинақтау есебі парағы қоса берілгеннен кейін ғана беруге.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: арнайы дайындық курсы 
  • Еңбек өтілі:  еңбек өтіліне талаптар қойылмаған 

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру