"Қазпочта" АҚ Қарағанды облыстық филиалы директоры
«Қазпошта» АҚ Қарағанды қ.Міндеттері:
1) Атқарушы органның, Қоғам басшылығының шешімдері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қоғамның хаттамалық тапсырмаларын уақтылы орындау;
2) Қоғам мүлкін Қоғамның Жарғысына, Жалғыз акционердің және Директорлар кеңесінің шешімдеріне сәйкес пайдаланылуына бақылау жүргізу;
3) Қоғам қызметі туралы ақпаратты заңнама, Корпоративтік басқару кодексі, Жарғы және Қоғамның өзге де ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес ашу және ұсынуды бақылауды жүзеге асыру;
4) Өз құзыреті шегінде Қоғамның жұмыс топтары мен комиссияларының жұмысына қатысу;
5) Қарамағындағы бөлімшелердің қызметкерлері қызметтік міндеттерін орындау барысында өздеріне белгілі болған ақпараттың құпиялылығын сақтауын бақылау;
6) Заңнама мен Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес филиалдың, сондай-ақ бағынысты қызметкерлер мен жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің қызметіне жалпы басшылықты және бақылауды жүзеге асыру;
7) Қоғамның Даму стратегиясын іске асыру шеңберінде әзірленген филиалды дамыту бағдарламаларын бекіту және іске асыру. Қоғамның Даму стратегиясын іске асыруға бағытталған іс-шаралар мен жобалардың орындалуын бақылау және қамтамасыз ету;
8) Филиал қаражатының сақталуын, айналымнан тыс активтердің, көлік құралдарының, еңбек, материалдық және қаржылық ресурстардың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету;
9) Қаржылық, пошталық, агенттік және басқа да қызметтерді көрсетуден түсетін кірістер бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету, белгілі бір қызмет түрінің әлсіз ілгерілеуіне ықпал ететін себептерді анықтау және оларды кейіннен жою; тікелей бағыныстағы бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру және жүргізілген іс-шараларға кейіннен мониторинг жасау. Әлеуетті клиенттерді тартуды және қолданыстағы клиенттерді ұстап қалуды, жалпы өңірде пошта байланысы қызметтерінің сатылымын ұлғайтуды және белсенді сату саясатын жүргізуді бақылау;
10) Берілген өкілеттіктер шеңберінде филиалдың ағымдағы қызметіне қатысты жұмыс берушінің актілерін шығару;
11) Директор орынбасарлары арасында міндеттерді бөлу, филиалдың алқалы органдарының отырыстары мен басшылық құраммен кеңестер өткізу, филиалдың құрылымдық бөлімшелері басшыларының есептерін тыңдау;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білікті, құзыретті қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және филиал қызметкерлерін жұмыстан босатуды жүзеге асыру, ерекшеленген қызметкерлерді көтермелеу және тәртіптік жазалар қолдану;
13) Берілген өкілеттіктер шеңберінде талап-арыздар мен талап қою өтініштерін қарау және ұсыну, сот органдарында талапкер немесе жауапкер ретінде өкілдік ету, талап қою өтініштеріне қол қою, талап қою талаптарынан толық немесе ішінара бас тарту, талап қоюды мойындау, талаптың нысанасын немесе негізін өзгерту, бітімгершілік келісімдер жасасу, сот органдары шығарған актілерге шағым жасау, сот шешімін мәжбүрлеп орындатуды талап ету, сот шешімімен тағайындалған мүлікті алу;
14) Бухгалтерлік есепті, филиалдың дебиторлық берешегін есепке алуды тиісінше жүргізуді ұйымдастыруды бақылау, дебиторлық берешектің өсуіне жол бермеу және оны азайту жөнінде шаралар қабылдау;
15) Құндылықтар мен ақшалай қаражатты сақтау және олармен операциялар жасау бойынша белгіленген қағидалардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету. Филиалдың тиісті құрылымдық бөлімшелерінің сеніп тапсырылған материалдық құндылықтардың қозғалысы мен қалдықтары туралы тауарлық-материалдық есептерді белгіленген тәртіппен есепке алуын және ұсынуын бақылау және осы жұмысты ұйымдастыру. Сеніп тапсырылған құндылықтар мен ақшалай қаражаттың сақталуын қамтамасыз етуге қауіп төндіретін барлық мән-жайлар туралы Қоғам басшылығын уақтылы және толық көлемде хабардар ету;
16) Ұрлау, тонау, қарақшылық, жоғалту және пошта жөнелтілімдеріндегі салымдарды ауыстыру, алаяқтық және сыбайлас жемқорлық көріністерінің фактілерін болдырмауға және жолын кесуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды бақылау және ұйымдастыру. Өндірістік көрсеткіштер жоспарында белгіленген ішкі ұрлық және/немесе пошта жөнелтілімдерін (тауар салынған EMS жөнелтілімдері, сәлемдемелер) жоғалту көрсеткіштерінің шекті нормаларынан асып кетуіне жол бермеу;
17) Филиал қызметкерлерінің заңнама және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтауын бақылау;
18) Уәкілетті орган бекіткен өнім/қызмет бойынша тарифтік кесте шеңберінде жасалатын әрбір шарт бойынша тариф мөлшерін Қоғамның қаржылық мүдделерін және өнімнің/қызметтің кірістілігін қамтамасыз етуді ескере отырып белгілеу;
19) Кәсіпкерлік лицензиялау (франчайзинг) кешені моделін іске асыру шеңберінде сату арналары желісінің жаңа форматтарын енгізу және басқару;
20) Сату арналары желісінің бекітілген стандарттарына мониторинг жүргізуді және сату арналары желісінің тиімді жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асыру: бөлімшелердің орналасқан жерін дұрыс анықтау, бөлімше форматын дұрыс анықтау, бөлімшенің техникалық стандарттарға сәйкестігі, сату арнасы инфрақұрылымының сапасы. Сату арналары желісін дамыту: сату нүктелерін ашуды, жабуды, орнын ауыстыруды және жаңғыртуды бастамашылық ету;
21) Сеніп тапсырылған филиалда пошта жөнелтілімдерін қабылдау/тасымалдау/жеткізу/сақтау процесінің тиісті және сапалы ұйымдастырылуын Қоғамның және оның әріптестерінің ішкі нормативтік құжаттары/регламенттерінің талаптарын ескере отырып бақылауды қамтамасыз ету;
22) Филиал бөлімшелерінде сақтауда тұрған пошта жөнелтілімдерінің (оның ішінде наложенный төлемі бар сәлемдемелердің) нақты санының ақпараттық жүйелердегі (Dashboard, пошта жүйесі және т.б.) деректерге сәйкестігін бақылауды қамтамасыз ету;
23) Филиал жүзеге асыратын бизнес-процестерді бағдарламалық сүйемелдеуді жүргізуді, компьютерлік және ұйымдастыру техникасы мен байланыс арналарының жұмысқа жарамды күйде болуын бақылау және қамтамасыз ету;
24) Ішкі және халықаралық пошта жөнелтілімдерін қабылдау, өңдеу, сұрыптау және жөнелту технологиялық процестеріне тоқсан сайын талдау жүргізуді ұйымдастыру және өндірістік процестің әлсіз буындарын анықтау. Анықталған бұзушылықтар мен сәйкессіздіктер туралы Қоғамның орталық аппаратының бизнес-процестер иелерін хабардар ету. Оларды жою бойынша алдын алу және түзету шараларын әзірлеу және жүзеге асыру;
25) Филиал қызметкерлерінің еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауын қамтамасыз ету. Бағынысты қызметкерлер мен филиалдың жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелерінің Қоғам басшылығының/ОА құрылымдық бөлімшелерінің тапсырмалары мен нұсқауларын уақтылы орындауын, есептілікті уақтылы ұсынуын, сыртқы аудиторлардың, ішкі аудит қызметінің, тексеру топтарының ұсынымдарын орындауын бақылау;
26) Құндылықтарды сақтау, оларды жөнелту, тасымалдау, жеткізу, күзету жөніндегі операциялар туралы, касса бойынша қызметтік тапсырмалар туралы, мемлекеттік, ведомстволық және банктік құпияларды құрайтын ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, құпия ақпаратқа жататын өзге де мәліметтерді жария етпеу;
27) Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды бақылау және ұйымдастыру;
28) Клиенттердің мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) қозғалыссыз шоттары бойынша жұмысты бақылау және ұйымдастыру, қозғалыссыз шоттардан сомалардың уақтылы әрі дұрыс есептен шығарылуын және олардың жабылуын қамтамасыз ету;
29) Филиалдың тиісті құрылымдық бөлімшелерінің тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының (бұдан әрі – ІНҚ) талаптарын сақтауын бақылау, оның ішінде:
а) ай сайын жеткізілетін тауарлардың мәлімделген техникалық ерекшелікке сәйкестігіне іріктеп тексеру жүргізу;
б) ЭСЖ және АСФО жүйелеріне есептіліктің толықтығы мен уақтылы ұсынылуын және енгізілуін бақылау;
в) сатып алу жоспарының орындалуын және сатып алу жоспарының орындалуы туралы есептіліктің уақтылы ұсынылуын бақылау;
30) Күрделі құрылыс және ғимараттар мен құрылыстарды күрделі және ағымдағы жөндеу жоспарларының, жылжымайтын мүлікті сатып алу және иеліктен шығару жоспарларының орындалуын, филиалдың инженерлік-техникалық құрылыстары мен инженерлік жүйелерін тиісті жағдайда ұстауды бақылау;
31) Уәкілетті органға субсидияланатын қызметтер бойынша мәлімделген көлемдерді қамтамасыз етуді, сондай-ақ пошта байланысының әмбебап қызметтерінің көрсетілу тәртібін және пошта байланысының ауылдық жерлерде субсидияланатын әмбебап қызметтерінің құнын өтеу шеңберіндегі қызмет көрсету сапасын бақылау және қамтамасыз ету;
32) Филиалдың тиісті құрылымдық бөлімшелерінің аяқталған және пайдалануға берілген объектілер туралы ақпаратты (құқық белгілейтін құжаттарсыз) ұсынуын бақылау және қамтамасыз ету;
33) Заңнама талаптарына және Қазақстан Республикасының ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау және мониторинг жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру;
34) Жеке және ұжымдық еңбек дауларының алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдау;
35) Филиалдың әкімшілік-шаруашылық қызметін бақылау, материалдық және қаржылық ресурстардың тиімді әрі мақсатты пайдаланылуын, олардың ысыраптарын азайтуды қамтамасыз ету;
36) Филиалдың қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізілген кешенді тексерулер бойынша Түзету және/немесе алдын алу іс-шаралары жоспарын белгіленген қызметкерлердің орындауын бақылау және қамтамасыз ету;
37) Шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде сатып алулар бойынша шарттардың уақтылы жасалуына шаралар қабылдау, сондай-ақ контрагенттердің шарттық міндеттемелерді орындауын бақылау;
38) Ресурстарды үнемдеу және материалдық ресурстарды кешенді пайдалану, шикізат пен материалдардың шығыстарын нормалау жүйесін жетілдіру, өндіріс тиімділігін арттыру, тауарлық-материалдық құндылықтардың нормативтен тыс қорларының пайда болуына, сондай-ақ материалдық ресурстардың артық жұмсалуына жол бермеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
39) Күзетілетін объектілерде өткізу және объектішілік режимнің қамтамасыз етілуін, сондай-ақ өртке қарсы іс-шаралардың іске асырылуын бақылау;
40) Құжаттамалық қамтамасыз ету мен іс жүргізудің уақтылы және сапалы ұйымдастырылуын бақылау. Өндірістік объектілерге Қоғамның бұйрықтарын, өкімдерін, нормативтік құжаттарын, ақпараттық хаттарын және т.б. уақтылы жеткізу;
41) Депозитарийдің қаржылық есептілік интернет-ресурсында, қор биржасында орналастырылатын корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты Қоғамның жауапты құрылымдық бөлімшесіне уақтылы беруді қамтамасыз ету;
42) Филиалдың «Жалпы қызмет көрсету орталығы» бухгалтерлік және салықтық есепке алу құрылымдық бөлімшесіне тиісті құжаттардың толық пакетін, оның ішінде сатып алынатын қызметтер бойынша бағалау арқылы есептелген сомалар туралы анықтамаларды уақтылы ұсынуды бақылау;
43) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңнамасының талаптарының, сондай-ақ тіл саясаты саласындағы Мемлекеттік бағдарламалар мен жоспарлардың орындалуын бақылау, мұрағат ісі және құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы талаптардың орындалуын қамтамасыз ету;
44) Қоғамның өндірістік көрсеткіштер жоспарында белгіленген «Пошта-есеп жүйесі» бағдарламалық қамтамасыз етуінде тіркелетін пошта жөнелтілімдері бойынша шекті «ілініп қалған» мәртебелер нормаларының (айырбас пункттері арасында жөнелту кезінде 24 сағат ішінде қозғалыссыз тұрған сәлемдемелер) асып кетуіне жол бермеуді бақылау;
45) Өндірістік көрсеткіштер жоспарында белгіленген пошта жөнелтілімдерінің бүлінуі бойынша көрсеткіштердің шекті нормаларынан асып кетуіне жол бермеуді бақылау;
46) Барлық айырбас пункттерінде көліктің бекітілген кестелерге сәйкес жөнелтілу уақытын сақтауын бақылау;
47) Филиалдардың пошта сұрыптау және тасымалдау учаскесіне барлық пошта жөнелтілімдерінің өндірістік көрсеткіштер жоспарында белгіленген мерзімдерге сәйкес маршруттар бойынша уақтылы өңделуін және жөнелтілуін бақылау;
48) Пошта жөнелтілімдерін қабылдау, өңдеу, сұрыптау, тасымалдау және табыстау кезінде технологиялық процестің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету.
Талаптар:
Шарттары:
- Бес күндік жұмыс аптасы екі демалыс күнімен - сенбі және жексенбі, күнделікті жұмыс (жұмыс күні, ауысым) ұзақтығы 8 (сегіз) сағат апта сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, демалуға және тамақтануға арналған үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-00-ге дейін.
-
Қарағанды
Ұқсас вакансиялар