ННП «Шагыр» Шымкент НУ үшін Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау (ЕҚжЕҚ) инженері (дұмбақ: «ОТ» нақты «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» ма?)

«ҚазТрансОйл» АҚ Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
15

Қаралған саны:
181

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1) объектілерде, жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жағдайын кезеңдік тексерулерді жүзеге асыру және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жедел шаралар қабылдау, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайын тексеру журналына тіркеу;

    2) өндірістік учаскелердің мамандары мен басшыларына әдістемелік көмек көрсету, нұсқаулықтарды, нұсқама беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысу және жұмысшыларды қауіпсіз жұмыс әдістеріне оқытуды жүргізу;

    3) Объект қызметкерлерінің еңбек заңнамасын, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша қауіпсіздік стандарттары мен өзге де нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауын, сондай-ақ Қоғамның, Басқарманың шешімдерінің, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының нұсқамаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

    4) наряд-рұқсаттар, рұқсаттамалар бойынша персоналды жұмыстарды орындауға жіберудің белгіленген тәртібін қамтамасыз ету;

    5) объект қызметкерлерінің білімін тексеру жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру, қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жұмысшылардың білімін тексеру кестелерін жасау, комиссия жұмысына қатысу, білімді тексеру нәтижелерін құжаттық ресімдеу;

    6) өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдайларда жекелеген учаскелерде, машиналарда, механизмдерде жұмыстың орындалуына тыйым салу, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын бұзуға жол берген жекелеген тұлғаларды жұмыстан шеттету (тиісті өндірістік учаскелердің басшылары арқылы) және объект басшысына хабарлау

    7) ішкі бақылау комиссиялары және мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдары анықтаған қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру;

    8) мердігер ұйымдардың қызметкерлерінің жұмыс орындарындағы қауіптермен танысу, объектіде жұмыстар жүргізетін мердігер ұйымдарға олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын орындауға қатысты қажетті рәсімдер мен іс-шараларды орындау бөлігінде бақылауды жүзеге асыру;

    9) қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау немесе электр қауіпсіздігі саласындағы ережелер мен нұсқаулықтардың бұзылуы қызметкерлердің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіруі мүмкін болған жағдайларда жұмысты тоқтата тұру;

    10) алкогольдік немесе наркотикалық масаю күйіндегі қызметкерлерді жұмысқа жібермеу;

Талаптар:

  • Тиісті бағыт бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім кадрларды даярлау ("Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау", "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау" және т.б.)

Шарттар:

  • вахталық жұмыс режимі
  • жұмыс орны: Түркістан облысы, Арыс ауданы, Монтайтас с/о, Шағыp ауылы

Қажетті қабілеттер

  • Уверенное владение компьютерной и оргтехникой
  • • практическое применение нормативно-правовых актов;
  • организации и обеспечения выполнения задач;
  • работы со служебными документами;
  • квалифицированное и эффективное планирование служебного времени

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр