"Атырау" МГҚБ филиалы Индер ЖӨБ жабдықтау тобының қойма меңгерушісі (Уақытша бос орын)
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» магистральдық газ құбырлары басқармасы Индербор к.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- қойма меңгерушісі тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау және босату, қойма алаңдарын неғұрлым ұтымды пайдалануды, қажетті материалдарды, құралдарды және т.б. іздеуді жеңілдету мен жеделдетуді ескере отырып, оларды орналастыру бойынша қойма жұмысына басшылық етеді;
- сақталатын тауарлық-материалдық құндылықтардың сақталуын, сақтау тәртібінің, кіріс-шығыс құжатарын рәсімдеу мен тапсыру ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
- Өртке қарсы құралдардың болуын және дұрыстығын, ғимараттың, қоймадағы жабдықтар мен құралдардың жағдайын қадағалайды және оларды уақытылы жөндеуді қамтамасыз етеді.
- Қоймадағы тиеу-түсіру жұмыстарын нормалар, ережелер және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтарды сақтай отырып ұйымдастырады.
- Тиеу реквизиттерін жинау, сақтау және жеткізушіге уақытылы қайтаруды қамтамасыз етеді.
- тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеуді жүргізуге қатысады;
- қойма операцияларының есебін,белгіленген есептеуді жүргізуді бақылайды.
- Қойма жұмысының тиімділігін арттыру, тауарлық-материалдық құндылықтарды тасымалдау мен сақтау шығындарын азайту, қойма ұйымына заманауи компьютерлік техногоияларды, байланыс және коммуникацияларды енгізу бойынша шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады.
- Қызметтік міндетті тиімді орындау үшін кәсіби деңгей мен біліктілікті үнемі жетілдіру;
Талаптар:
- Орта техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және қойма меңгерушісінің 1 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі немесе есеп және бақылау бойынша 2 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі немесе жалпы орта білім және есеп және бақылау бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі.