Жаңаөзен стансасының кезекшісі 2 класс - «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ «Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі» филиалы

441 349 - 456 889
Мангистауское отделение магистральной сети Маңғыстау облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
28

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

- станцияның жұмысын бекітілген технологиялық процеске, пойыздар қозғалысының кестесіне, пойыздарды қалыптастыру жоспарына және вагондарды тиеу, түсіру және бос тұрып қалуы бойынша ай сайынғы техникалық нормативтерге сәйкес ұйымдастырады, техникалық құралдардың тиімді пайдаланылуын, жылжымалы құрамның бір жүк операциясы кезіндегі бос тұрып қалуын қысқартуды қамтамасыз етеді;

- станцияның пайдалану жұмысын технологиялық процестің, қозғалыс қауіпсіздігі және маневрлік жұмыстарды жүргізу талаптарының, ПТЭ және басқа да нормативтік актілердің қатаң сақталуы негізінде ұйымдастырады;

- магистральдық желі бөлімшесінің жоспарлы тапсырмаларына сәйкес жүк және пойыз жұмыстарының орындалуын қамтамасыз етеді;

- «Жолдарды, бағыттамалы бұрмаларды, СЦБ, байланыс және түйіспелі желі құрылғыларын тексеру журналына» енгізілмеген жазбаларды бақылайды;

- СЦБ құрылғыларының қалыпты жұмыс істеуі бұзылған кезде пойыздарды қабылдау және жөнелту маршруттарының дұрыс дайындалуын тексереді;

- жолаушылар және жүк пойыздарын қабылдау мен жөнелту жұмыстарын басқарады;

- маневрлік жұмыстардың жүргізілуіне басшылық етеді;

- ТРА станциясының 3.10-тармағына сәйкес белгіленген нормалар бойынша келген құрамдарды тежегіш башмактармен уақтылы бекітуді қамтамасыз етеді және осы жолға қойылған тежегіш башмактардың саны мен нөмірлерін ДУ-67 журналында тіркейді. Пойыз жөнелтілер алдында оларды құрам астынан алуды қамтамасыз етеді және алынған тежегіш башмактардың саны мен нөмірлерін осы жол бойынша ДУ-67 журналында жазылған деректермен салыстырады;

- барлық жолдардағы тежегіш башмактардың орналасқан жерін ДУ-67 журналы бойынша тұрақты есепке алады;

- кірме жолдарға вагондарды беруді және жинауды жүзеге асырады;

- кезекшілікті қабылдау кезінде қолданыстағы жедел өкімдермен танысады, олардың орындалуын бақылайды;

- пойыздық құжаттамаларды жүргізеді: ДУ-46 нысанындағы жолдарды, бағыттамалы бұрмаларды, СЦБ, байланыс және түйіспелі желі құрылғыларын тексеру журналы; ДУ-58 нысанындағы диспетчерлік өкімдер журналы; ДУ-47 нысанындағы пойыз телефонограммалары журналы; ДСП өкімдері журналы; ДУ-67 нысанындағы тежегіш башмактарды есепке алу кітабы; дрезиналарды, мотовоздарды және автомотрисаларды жөнелтуді тіркеу журналы;

- құрамдарды екіжақты парк ішілік байланыс арқылы техникалық және коммерциялық қызмет көрсетуге ұсынады, қызмет көрсетудің аяқталғаны туралы хабарлама алады;

- ауысымның және пойыздарды қабылдау, жөнелту және өңдеуге байланысты басқа қызметтердің қызметкерлерінің жұмысына біртұтас басшылық қағидаты негізінде басшылық етеді;

- пойыз диспетчерінен станцияның 3 сағаттық жұмыс кезеңіне арналған жоспарын алады;

- жолаушылар пойыздарының келуі мен жөнелтілуі туралы вокзал бойынша кезекшіні телефон арқылы алдын ала хабардар етеді;

- өңделетін пойыздың тұратын жолының қоршалуын және оны өңдеу аяқталғаннан кейін қоршаудың алынуын бақылайды, кезекшілікті тапсырар алдында ВУ-14 журналында тиісті белгі қояды;

- кезекшілікті тапсырар алдында ауысымдық тапсырманың орындалу қорытындысын шығарады және оның нәтижелері туралы станция бастығына немесе оның орынбасарына баяндайды.

Біліктілік талаптары:

- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).

- Саласы бойынша мамандығы: Көлік саласындағы тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі).

- Жұмыс өтілі: 4–5-сыныпты станция бойынша кезекші, пойыз құрастырушы, станция операторы, бағыттамалы пост бойынша кезекші, парк бойынша кезекші лауазымдарында кемінде 1 жыл.

 немесе

 - Білімі: орта (техникалық және кәсіптік).

- Саласы бойынша мамандығы: Көлікте тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару (салалар бойынша); Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару.

- Жұмыс өтілі: 4–5-сыныпты станция бойынша кезекші, пойыз құрастырушы, станция операторы, бағыттамалы пост бойынша кезекші, парк бойынша кезекші лауазымдарында кемінде 2 жыл.

Қосымша талаптар:

2 жылда 1 рет – техникалық нормативтік актілерді білу бойынша аттестаттаудан (сынақтан) өту.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Колледж