"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Қостанай магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Құсмұрын сигнал беру және байланыс дистанциясының 1 санатты Инженер-электроншысы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Дұрыс техникалық пайдалануды, үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету және электрондық-есептеу жабдығына техникалық қызмет көрсетуді орындайды;
- перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарлары мен кестелерін, жабдыққа техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді, оны пайдалануды жақсарту, электрондық-есептеу техникасын пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу;
- электрондық есептеу машиналарын жұмысқа дайындауды, техникалық тексеруді жүзеге асыру, Жабдықтың электрондық элементтерінің параметрлері мен сенімділігін бақылау, ақауларды уақтылы анықтау, оларды жою мақсатында тестілік тексерулер жүргізу;
- отын-энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану және үнемдеу бойынша озық тәжірибені зерделеу және жинақтау;
- тоқсанына бір рет антивирустық бағдарламалардың көмегімен дербес компьютерлерді тексеруді орындау;
- электрондық техниканы қосалқы бөлшектермен және материалдармен уақтылы қамтамасыз етуді жүзеге асыру, радиоэлектрондық аппаратураны сақтауды ұйымдастыру;
- техникалық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында қосымша сыртқы құрылғыларды қосу мүмкіндігін зерттеу;
- ДК төлқұжаттарын жасау және жаңарту - үнемі, сөйлеу тіркеушілерінің кестелерін сақтау. Сөйлеу тіркеушілерінің жұмысында іркілістерге жол бермеу, ақауларды уақтылы жою;
- АСУРП (SAP) бағдарламасына қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындайды.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: теміржол көлігіндегі Автоматтандыру және басқару; Теміржол көлігіндегі Радиотехника, электроника және телекоммуникация; Теміржол көлігіндегі Автоматика, телемеханика және байланыс; Ақпараттық технологиялар
- Жұмыс тәжірибесі: II санаттағы ұқсас лауазымда кемінде 2 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр