Аналитикалық зерттеу тобының техник-лаборанты II Жаманбекова Д. уақытша бала күту демалысы кезінде

"Жоғары технологиялар институты" ЖШС Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
61

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

• Жұмыс журналдарындағы жазбалардың дұрыс жүргізілуін және сақталуын қамтамасыз етеді. • Серіктестіктің ғылыми-зерттеу жұмыстарын химиялық-талдамалық сүйемелдеу бойынша жұмыстарды орындайды. • Нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес сынамаларды қабылдауды жүргізеді, оларды сақтауды және кәдеге жаратуды қамтамасыз етеді. • Әр түрлі күрделіліктегі талдаулар үшін сынама дайындауды жүргізеді. • Сынақ жүргізу үшін қажетті материалдарды, ерітінділерді, қоспаларды, реактивтерді, ыдыстарды дайындауды жүзеге асырады. • Бастапқы жазбаларды, жұмыс журналдарын жүргізеді және нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес сынақтар мен талдаулардың нәтижелерін уақтылы ресімдейді. • Эксперименттік деректерді өңдеуді, қажетті есептеулерді орындауды жүргізеді. • Жабдықты сынақ жүргізуге дайындайды, оны тексеруді және техникалық құжаттамаға сәйкес қарапайым реттеуді жүзеге асырады. • Белгіленген ережелерге сәйкес сынақ жүргізу үшін үй-жайларды күтіп ұстауды және жұмыс орындарында еңбек жағдайларын сақтауды ұйымдастырады. • Серіктестіктен/жұмыс берушіден тиісті сенімхат негізінде шарттардың талаптарына және серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарына қатаң сәйкестікте тауарларды, тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдауды жүзеге асырады; • Біліктілігін арттырады, нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес уақтылы міндетті оқытудан өтеді. • Рационализаторлық және өнертапқыштық қызметке қатысады. • Ақаудың, жұмыс уақытының жоғалуының, материалдардың, электр энергиясының, бүлінудің және аспаптардың істен шығуының алдын алу бойынша шаралар қабылдайды. • Серіктестіктің/жұмыс берушінің атынан шарттық міндеттемелердің талаптарына және/немесе серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды, тауар-материалдық құндылықтарды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қабылдауға жауапты болады; • Жұмыстың барлық түрлерін орындау кезінде БиОТ, ББ, БР және ПрС талаптарын сақтауға жауапты. • Жұмыс орнын, мүкәммал мен жабдықты таза және ақаусыз ұстайды. • Серіктестік басшылығы ЛИАМ-ға жүктеген өзге де функциялар мен міндеттерді, серіктестіктің ішкі құжаттарын, зертхана бастығының нұсқауы бойынша жұмыстарды, өз құзыреті шеңберінде лауазымдық нұсқаулықта көзделмеген өзге де тапсырмаларды орындайды.

Білім:

Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша жоғары/ техникалық - Химия/ Физика/ химиялық технология/ Металлургия/ Стандарттау, сертификаттау және метрология/ Геология / Экология немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы өзге де бейін.

Дағдылар:

Міндетті: • аналитикалық химияны, жалпы химияны білу; • Талдаудың химиялық және физика-химиялық әдістерін білу (гравиметрия, электрохимия, титриметрия, спектрофотометрия және т. б.); • зертханалық жабдықты, оның жұмыс принциптерін, пайдалану ережелерін білу; • өз саласында әртүрлі тапсырмаларды орындауға арналған техникалық білім мен дағдылар; • сапа саласындағы саясат және мақсаттар зертханасында белгіленген ҚР СТ ISO/IEC 17025-2019 ережелері мен талаптарын білу; • сапа менеджменті жүйесінің негізгі принциптерін және оның қызметіне қатысты сапа менеджменті жүйесі құжаттарының талаптарын білу; • тиісті білім саласында Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу; • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін, өрт қауіпсіздігі талаптарын білу. Қалаулы: • ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу дағдылары; • сынақ зертханасында жұмыс тәжірибесі.

Қосымша:

Қалаулы: • басқа қосымша білім/сертификаттау.

Білетін тілдер:

Міндетті: • мемлекеттік және/немесе орыс тілдерін білу (іскерлік хат алмасу, жазбаша және ауызша тіл). Қалаулы: іс жүргізу негіздерін білу