Сатып алулар жөніндегі инженер
«Үлбі-ЖБҚ» ЖШС Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымдық жауапкершілік:
«Үлбі-ЖБҚ» ЖШС бөлімшелерін тауарлармен, жұмыстармен және қызметтермен (бұдан әрі мәтін бойынша - ТЖҚ) уақтылы қамтамасыз етеді. ТЖҚ сатып алуға өтінімдерді келісуге қатысады. Жылдық сатып алу жоспарын қалыптастыру кезінде: Тәртіп нормаларына сәйкес сатып алу тәсілін анықтайды; Сатып алу рәсімдерін өткізу мерзімін анықтайды; ТЖҚ жеткізу мерзімін анықтайды. Сатып алу тобының басшысына сатып алу жоспарын сатып алу тәсілі, бағасы, сатып алу рәсімдерін жүргізу мерзімдері, ТЖҚ жеткізу мерзімдері бөлігінде түзету қажеттілігі туралы ақпарат береді. Бағалар жөніндегі Сарапшы ұсынған бекітілген маркетингтік қорытындылар негізінде тиісті жылға Серіктестіктің тауарларын, жұмыстарын және қызметтерін сатып алу жоспарын қалыптастырады және (немесе) түзетеді. ТЖҚ сатып алуға тендерлік құжаттаманы және ТЖҚ тапсырыс беруші бөлімшемен бірге шарт жобасын дайындайды (Тәртіпке №5 қосымшаға сәйкес Тапсырыс берушінің бөлімшесінен қызметтік жазбаны, келісілген техникалық ерекшелікті және келісілген шарт жобасын алады), содан кейін оларды келісу үшін сатып алу тобының басшысына жібереді. Тендерлер өткізуге қатысады. Ішкі бөлініске және сатып алу тобындағы міндеттерге сәйкес ТЖҚ сатып алу процесін орындайды және жүргізеді. Бұл ретте лауазымдық міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін дербес жауапты болады. Сатып алуды ұйымдастырушы бола отырып, Тәртіп нормаларына сәйкес сатып алу рәсімдерін жүргізеді, комиссия мүшелерінің хаттамаға (ашу, рұқсат беру, қорытындылар) уақтылы қол қоюын және бекітуін, сондай-ақ олардың жариялануын бақылайды. Бір көзден алу тәсілімен сатып алу кезінде тиісті өкімді дайындайды. Сатып алудың осы тәсілі қолданылған жағдайда, B-F-PS-30-004 сатып алуды басқару стандартының 4.1.14 тармағының талаптарына сәйкес тәуекелдер және комплаенс жөніндегі офицермен келісімнің болуын қадағалайды. ТЖК сатып алуға арналған шарттарды ресімдеу және қызмет көрсету жөніндегі орындаушы болып табылады. Шарт жасасу кезінде Сатып алулар тәртібінде көрсетілген мерзімдерді сақтайды. Келісу комиссиясының құрамына тәуекелдер және комплаенс бойынша офицерді қосу міндетті болып табылады, сатып алу жөніндегі инженер: а) контрагенттің комплаенс-тексеруі туралы есепке; б) комплаенс-шарттардың болуына (өнім берушінің әдеп кодексі туралы, тапсырыс берушінің біржақты бас тарту құқығы туралы, комплаенс-тексеру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы бөлім, санкциялық ескертпе, контрагенттің сауалнамасы туралы) жауапты. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ анықтаған ақпараттық жүйеге жасалған келісімшарттар бойынша ақпаратты уақытылы орналастырады. Сатып алу жеңімпазы танылғанға дейін және шартқа қол қойылғанға дейін, егер шарттың сомасы 300 мың АҚШ долларынан аспаса және егер контрагент резидент болса, сатып алу жөніндегі инженер комплаенс-тексеру жүргізеді. Тексеру жүргізілгеннен кейін сатып алу жөніндегі инженер комплаенс-тексеру нәтижелері туралы есепті тәуекелдер және комплаенс жөніндегі офицерге жібереді. Тауарды жеткізу кезінде Тапсырыс берушіге, өндірісті дайындау және жабдықты пайдалану қызметінің басшысына, қоймашыға орын алған жеткізу туралы және келіп түскен тауарды қабылдауды жүргізу және кейіннен «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС-ға кірістеу қажеттілігі туралы хабарлайды. Шарт орындаушысының өкілдері мен оның көлік құралдарын «ҮМЗ» АҚ, «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС күзетілетін аумағына кіргізу үшін қажетті құжаттарды дайындайды және оларды «ҮМЗ» АҚ қауіпсіздік бөлімшесіне тиісті өтінімді ресімдеу үшін кешенді қауіпсіздік жөніндегі менеджерге береді. Комиссия құрамында қоймалардағы қалдықтарды талдау жұмыстарына қатысады, тапсырыс берушіге ТЖҚ қабылдау қажеттілігі туралы хабарлайды, «Үлбі – ЖБҚ» ЖШС қоймасына кіріске алу үшін құжаттар пакетін береді. ТЖҚ қоймаға кіріске алынғаннан кейін ТМҚ-ны өндіріске босатуға құжаттарды ресімдеуге қатысады Сатып алу бөлімі басшысының нұсқауы бойынша тауарларды түгендеу жөніндегі комиссияларға, менеджмент жүйесіне аудит жүргізуге қатысады. Экономика жөніндегі директордың қызметіне беру үшін тапсырыс берушімен құжаттар пакетін (жүкқұжат/АВР, қол қойылған шарт және шарт талаптарына сәйкес басқа да құжаттар) келіседі. ТЖҚ сатып алу процесінде дебиторлық, кредиторлық берешекті өтеуге қатысады. «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС бөлімшелерімен бірлесіп, ТМҚ өтімсіз қорларына мониторинг жүргізіп, оларды төмендету бойынша шаралар қабылдайды. Сатып алынатын өнімнің сапасы, шарттық міндеттемелерді орындау мәселелері бойынша жеткізушілермен іскерлік хат алмасуға қатысады, жеткізушілерге менеджмент жүйесінің талаптарын жеткізеді. Өндірістік мәселелер бойынша сатып алу тобының басшысына есеп береді: өндірістерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету, менеджмент жүйесінің рәсімдерін орындау, сондай-ақ басшылықтың ережелерімен, нұсқаулықтарымен және нұсқауларымен анықталған басқа есепті құжаттаманы уақтылы ұсынады. Жұмыстарды қалыпты орындау үшін қажетті құжаттаманың жоқтығы немесе толық еместігі туралы сатып алу тобының басшысын уақтылы хабардар етеді. Тапсырмаларды орындауды регламенттейтін құжаттаманың барлық түрлерін жетілдіру бойынша ұсыныстар береді. «Сатып алу» процесінің тиімділігін және жұмыс сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды талқылауға, әзірлеуге және іске асыруға қатысады. Сатып алу тобының басшысы мен менеджмент жүйелері жөніндегі уәкілдің жолдаған құжаттамасымен уақтылы танысады. Жұмыс берушінің тиісті актісі негізінде «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС-да белгіленген тәртіппен персоналды оқытуды жүзеге асырады. Жоғары басшылықтың бұйрықтары мен өкімдерін орындайды. Өзінің тікелей басшысының нұсқаулары мен қызметтік тапсырмаларын орындайды. «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС жұмысшыларының еңбек тәртібі ережелерін сақтайды. Құпиялылық режимі, рұқсат беру және объектіішілік режим, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияны сақтау, ақпараттық қауіпсіздік, еңбек және өндірістік тәртіп талаптарын сақтайды. Өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндіріс мәдениеті, жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтайды. Сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі талаптарды сақтайды. Лауазымдық міндеттерді орындау кезінде пайдаланылатын материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді.Білім:
Білімі: кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (ЖОО кейінгі) білім: (техникалық/ экономичкалық/ менеджмент).Дағдылар:
Пайдаланушы деңгейінде ЖК және басқа да ұйымдастыру құралдарын меңгеру; 1С:Кәсіпорын-дағы жұмыс дағдылары: Іскерлік жазу және іскерлік қарым-қатынас дағдылары.Қосымша:
Жұмыс және демалыс режімі: - қалыпты еңбек жағдайларында аптасына 40 (қырық) сағаттан аспайтын 8.00-ден 17.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі. Еңбек жағдайларының сипаттамасы: қалыпты еңбек жағдайы; Даярлығы: - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; – экономика, менеджмент, еңбекті ұйымдастыру және еңбекақы төлеу негіздері; – менеджмент жүйелерінің негіздері; – құжаттау және құжаттаманы басқару ережелері; – сатып алу-сату, жеткізу шарттарының үлгілік нысандары, тиісті құжаттаманы ресімдеуге қойылатын талаптар; - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының сатып алуды жүзеге асыру тәртібінің нормалары; – есеп пен есеп берудің қолданыстағы нысандары; – өз міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде кеден ісі мен экспорттық-импорттық бақылау негіздері; - мемлекеттік сатып алулар немесе «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және қордың еншілес ұйымдарының сатып алулары саласында оқудан/біліктілігін арттырудан өткені туралы құжаттың болуы.Білетін тілдер:
-Ұқсас вакансиялар
Вахта емес_Сервистік орталықтың 3-4 разрядты тігінші ( өтінім 02.09.2026 жылғы № 48-12-10 / 3458 ) -1 бірлік, Өскемен қ.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
24.09.2026 | 225
Вахталық жұмыс емес — Қызмет көрсету орталығының түптеушісі (4–5-разряд) (Өтінім № 48-12-10/3689, 24.09.2026 ж.) — 1 орын, Өскемен
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
24.09.2026 | 33
ВАХТА ЕМЕС_Қойма шаруашылығының 5-разрядты поездарды құрастырушы (өтінім № 60-02-05 / 2763 18.09.2026) - 1 бірлік, Өскемен қаласы.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
24.09.2026 | 21