4-ші разрядты ЖКҚ машинисті

«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
153

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

• Компрессорлық қондырғының оңтайлы жұмыс режимін орнатуды және өз деңгейінде ұстап тұруды бақылау; • Жылжымалы компрессорлық қондырғының жұмысын өз бетінше басқару; • Технологиялық ұңғымаларды айдау кезінде қосалқы жұмыстарды жүргізу; • Сеніп тапсырылған техника мен жабдықтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету; • Технологиялық ұңғымаларды айдауға байланысты монтаждау-бөлшектеу жұмыстары; • Айдалатын ұңғымалардан ерітінділерді магистральдық құбырларға беруге арналған уақытша құбырларды монтаждау және бөлшектеу; • ЖҚКЖ учаскесі шеберінің тапсырмасы бойынша ұңғымаларды айдаумен байланысты емес жұмыстардың басқа түрлерін орындау (желілер мен құбырларды сығымдау, үрлеу, сондай-ақ суасты сорғыларын көтеріп түсіру жөніндегі операцияларға қатысады) ; • Ерітінділерді ағартуға арналған сыйымдылық "Құмның" механикалық суспензияларынан тазартуды уақтылы жүргізу; • Жылжымалы компрессорлық қондырғылар мен ерітінділерді және жылыту пунктін ағартуға арналған сыйымдылықтарды тасымалдауға қатысу; • ЖҚКЖ учаскесі шеберінің тапсырмасы бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары кезінде қолданылатын жабдықты пайдалануға және қызмет көрсетуге байланысты емес басқа жұмыстарды орындау. • Жабдықтың жұмысындағы ақауларды жоюға көмек көрсету; • Тікелей бастығы, Бас директордың, және қажетінше жедел, өндірістік, өзге кеңестердің және Серіктестіктің басқа басшыларының жеке тапсырмалары мен қойылған міндеттерін өз уақытында орындау; • Өз құзыреті аясында жеке басының жұмыс беруші актілерін, саясаттар, ережелер, нұсқаулықтар және жұмыскердің еңбек қызметіне қатысты Серіктестіктің басқа құжаттарын орындауын қамтамасыз ету; • Еңбек, ұжымдық шарттар, осы лауазымдық нұсқаулық, жұмыс беруші актілері және де Серіктестіктің өзге бақыланатын құжаттарына сәйкес қойылған мақсаттарды, еңбек міндеттерін адал, уақтылы және сапалы орындау (тиісті көлемде және мерзімінде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, немесе сұрақтар туындаған жағдайда жұмыскер тікелей бастығына хабарлауы тиіс және қажет болса, міндеттердің, тапсырмалардың және т.б. орындау мерзімін создыруға тиіс); • Еңбек шартын бұзу/тоқтату барысында Серіктестікке тиесілі құжаттар, материалдар және т.б. меншікті еңбек шарты талаптарына сәйкес және бекітілген тәртіпте тапсыру (қажет болған жағдайда); • Демалысқа шықпас бұрын, вахтааралық демалысқа, жұмыс берушімен еңбек қатынастары тоқтатылғанға дейін және т. б., орындаудағы істерді және/немесе материалдарды QMS 00-00-01 нысаны бойынша ауысымшы қызметкерге немесе ауысымшыны алмастыратын қызметкерге не тікелей басшыға беру; • Серіктестіктің Бас директорына және/немесе комплаенс жөніндегі офицеріне және/немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ң «Жедел желісіне» дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық туралы кез келген ақпаратты хабарлау; • Тікелей басшыға 4-ші разрядты ЖКҚ машинистінің лауазымдық міндеттеріне теріс әсер етуі мүмкін барлық ықтимал тәуекел оқиғалары туралы хабарлау.

Білім:

арнайы орта (техникалық)

Дағдылар:

Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері; • Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар; • Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері; • Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері; • Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары; • Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары; • Жабдықтар мен сызбаларға арналған құжаттарды, оның ішінде технологиялық сызбаларды, диаграммаларды және жұмыс сызбаларын оқи және талдай білу; • Компрессорлық қондырғылардың құрылысы, жұмыс принципі, пайдалану дағдылары; • Ішкі жану қозғалтқыштарының құрылымы және жұмыс принципі; • Технологиялық ұңғымалардың конструкциясы; • Технологиялық ұңғымаларды эрлифтілі айдау әдістемесі; • Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды пайдалану ережесі; • Орындалып жатқан жұмыс мәселелеріне тиісті Қазақстан Республикасының заңнамасын (оған қоса, бірақ онымен шектелмей, конституция, кодекстер, заңдар, қаулылар, бұйрықтар, нұсқаулықтар); • Орындалып жатқан жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар; • Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздерін; • Жер асты қойнауын және қоршаған ортаны қорғау ережелерінің негізін; • Қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғаныс ережелері мен нормаларын; • Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік ережелері мен нормаларын; • Ұжымдық және еңбек шарттарын; • Еңбек тәртіптемесі ережелерін; • Жұмыс берушінің актілерін, орындалып жатқан жұмыс мәселелеріне тиісті Серіктестіктің саясаттарын, өзге ішкі құжаттарын;

Қосымша:

• жүргізуші куәлігі – категориялар: В, C, С1, (ВE, СЕ, С1Е артықшылық беріледі) • кемінде 3 жылдық жүк автокөлігін жүргізу тәжірибесі

Білетін тілдер:

• қазақ тілін меңгеру – бастапқы деңгей; • оры тілін меңгеру – еркін;