Жоба менеджері

«Семей Энерго» ЖШС Семей қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
181

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Жобаны басқару жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады, жобаның іске асырылу барысын бақылайды, жобаны іске асыру кезеңдерін келісу бойынша корпоративтік рәсімдердің сақталуын қамтамасыз етеді.
  • Мамандандырылған жобалау және консалтингтік ұйымдарды тарта отырып, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеуді ұйымдастырады, материалдардың сапалы әрі уақтылы дайындалуын қамтамасыз етеді.
  • Жоба бойынша шығындар тізбесі мен жоспарын қалыптастырады, Серіктестіктің бюджеттік қажеттіліктерін жоспарлауға қатысады.
  • Жобаны іске асыру мәселелері бойынша акционермен, серіктестермен, мердігерлермен, кредиторлармен, мемлекеттік және уәкілетті органдармен, сондай-ақ сыртқы консультанттармен және өзге де мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
  • Жоба бойынша қаржылық модельдерді қарайды, келіседі және мониторинг жүргізеді, енгізілген болжамдар мен параметрлердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.
  • Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шарттардың жобаларын дайындайды, техникалық тапсырманы (техникалық ерекшелікті) әзірлейді, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің сипаттамалары мен талаптарын айқындайды, қажет болған жағдайда техникалық параметрлерді келіседі.

Біліктілік талаптары

Білімі:
Экономика, қаржы, жобаларды басқару, инженерия, бизнес және басқару бағыттары бойынша жоғары білім. MBA дәрежесінің болуы артықшылық болып табылады.

Қосымша талаптар:
Жобаларды басқару саласындағы халықаралық сертификаттың болуы міндетті, деңгейі IPMA Level D-ден төмен болмауы тиіс.

Жұмыс тәжірибесі:
Кемінде 2 (екі) жыл.

Еңбек жағдайлары

  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмысқа рәсімдеу.
  • Бес күндік жұмыс аптасы (дүйсенбі–жұма), сенбі және жексенбі – демалыс күндері.
  • Әлеуметтік пакет.
  • Жалақының уақтылы төленуі.
  • Кәсіби даму және оқыту мүмкіндігі.

Қажетті қабілеттер

  • Менеджер проекта