Теміржол станциясының кезекшісі Тараз станциясы (санатсыз) Магистраль желісінің Жамбыл бөлімшесі ЖАҚ «ҚТЖ ҰК» – «Магистраль желісі дирекциясы» филиалы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
1. Теміржол станциясындағы пойыз қозғалысына басшылық етеді, теміржолдардың техникалық пайдалану ережелерінен (әр. – ПТЭ), пойыз қозғалысы мен маневрлік жұмыстар жөніндегі нұсқаулықтан (әр. – ИДП), сигнал беру нұсқаулығынан (әр. – ИСИ), станцияның техникалық тарату актісінен (әр. – ТРА) және станция жұмысының технологиялық процесінен белгіленген талаптарға сәйкес қозғалыс қауіпсіздігі мен маневрлік жұмысты қамтамасыз етеді;2. Станцияның қабылдау-жіберу жолдарында пойыздарды қабылдау, жіберу және маневрлік жұмыстарға басшылық етеді;
3. Пойыз қозғалысы жағдайын және станциядағы нақты ахуалды бағалайды, қалыптасқан жағдайды ескере отырып, пойыз қозғалысы мен маневрлік жұмысты ұйымдастыру бойынша оңтайлы шешімдер қабылдайды;
4. Пойыздарды қабылдау, жіберу, өткізу және маневрлік қозғалыстарға арналған маршруттарды стрелкалар мен сигналдардың электрлік централизациялық басқару пульті арқылы дайындау операцияларын орындайды немесе парк дежурларына маршруттарды дайындау туралы нұсқау береді;
5. Берілген нұсқаулардың орындалуын басқару құралдарының көрсеткіштері мен орындаушылардың есептері негізінде, сондай-ақ станция жолдарындағы вагон құрамдары мен вагондарды станцияның ТРА-да белгіленген тәртіп пен нормаларға сәйкес тежегіш құрылғылармен бекітуін бақылайды;
6. Пойыз диспетчерінің пойыз қозғалысын ұйымдастыру бойынша нұсқауларын орындайды; көршілес станциялардың дежурларымен, локомотив машинашыларымен және станция аумағындағы мен оған тіркескен аралық бөліктердегі басқа да қимылды құрамдармен байланыс орнатады;
7. Қабылдау-жіберу жолдарының иелігі жөнінде нақты есеп жүргізеді; 1-сыныпты жарылғыш материалдармен жүктелген вагондары бар пойыздардың орналасуын есепке алып, олардың бақылауды жүзеге асырады (ән. – ВМ);
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары (немесе магистратура/аспирантура), орта (техникалық және кәсіптік).Мамандығы: Тасымалдауларды, қозғалысты ұйымдастыру және қозғалысты басқару (салалар бойынша); Тасымалдауларды ұйымдастыру және теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару.
Жұмыс тәжірибесі: жоғары білімі болғанда – кемінде 2 жыл, соның ішінде: станциялық электрлік централизация (ЭЦ) постының кезекшісі / парк кезекшісі / 2-3 санаттағы станция кезекшісі / 4-5 санаттағы станция басшысы / сұрыптау төбесінің кезекшісі, пойыз құраушысы, станция операторы лауазымдарында жұмыс өтілі; орта (техникалық және кәсіптік) білімі болғанда – кемінде 3 жыл, соның ішінде жоғарыда көрсетілген лауазымдарда жұмыс тәжірибесі.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру