"Әскерилендірілген теміржол күзеті" ЖШС сатып алуды ұйымдастыру секторының бас менеджері

от 561 449
«Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
29

Қаралған саны:
136

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу процесін реттейтін Тәртіпте және жекелеген жергілікті актілерде айқындалған тәртіппен Серіктестіктің мұқтаждары үшін ашық, екі кезеңді (ашық) тендер, баға ұсыныстарын сұрату, бір көзден алу және электрондық дүкен арқылы өткізу тәсілдерімен уақтылы ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету;
  • сатып алу процесін реттейтін Серіктестіктің жергілікті актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстарды қалыптастыру және келісім беру;
  • тәуекелдердің түйінді индикаторларын бақылау және қадағалау, тәуекелдердің қолайлы деңгейінен ауытқу себептерін анықтау, мүдделі тараптарды тәуекелдердің жоғары деңгейі туралы хабардар ету;
  • сектордың шығыстарына қатысты қаржыландыруға өтінімдерді дайындауды ұйымдастыру, филиалдар мен құрылымдық бөлімшелер жолдаған қаржыландыруға өтінімдерді қарау, сондай-ақ сатып алудың бекітілген жылдық/ұзақ мерзімді жоспарына сатып алудың сәйкестігіне мониторинг жүргізу;
  • серіктестіктің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық жоспарын қалыптастыру мен келісуді ұйымдастыру.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: Жоғары кәсіби. Тиісті лауазым бейіні бойынша магистр дәрежесінің болуы (мүмкіндігінше)
  • Мамандығы: Экономика; Менеджмент; Есеп және аудит; Қаржы; Маркетинг; Құқықтану
    Ақпараттық жүйелер, Көлік, көлік техникасы және технологиялары; логистика және / немесе теміржол мамандықтары.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшы лауазымдарда кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр