Ақтоғай сигнализация және байланыс дистанциясы Шөлқызыл, жақсыбұлақ, Лепсі-Қаратас телімінің КТСМ аға электр механигі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Өзінің қызметтік міндеттері шеңберінде бекітілген құрылғылардың тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін, сондай-ақ тексерілген құрылғылардың белгіленген мерзім ішінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге жауапты.- Цехқа бекітілген құрылғыларды теориялық және практикалық тұрғыдан білуге, КТСМ құрылғыларына ГТП-ға сәйкес қажетті жөндеу, монтаждау жұмыстарын жүргізуге, өлшеулер мен реттеулерді орындауға тиіс.
- Бекітілген КТСМ құрылғылары бойынша білімін үнемі жетілдіруге, ақаулардың туындауының алдын алуға, телеграфтық нұсқауларды уақтылы әрі мүлтіксіз орындауға тиіс.
- Жылдық және басқа да комиссиялық тексерулерге, сондай-ақ мамандандырылған бригадалар жүргізетін КТСМ құрылғыларын кешенді тексерулерге қатысуға. Құрылғылардың жай-күйін комиссиялық немесе жеке тексеру нәтижесінде анықталған және актілерде, журналдарда және басқа да құжаттарда көрсетілген ескертулерді уақтылы әрі сапалы жоюға тиіс.
- Демалыс күндері түнгі уақытта КТСМ аппаратурасының көрсеткіштері бойынша жұмыс жүргізу қажет болған жағдайда, электромеханик байланыс диспетчерінен нысаналы нұсқама алуға тиіс.
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).Мамандығы:
Теміржол көлігіндегі автоматтандыру және басқару;
Теміржол көлігіндегі радиотехника, электроника және телекоммуникациялар;
Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс.
Жұмыс өтілі: сигнализация және байланыс дистанциясының электромеханигі лауазымында кемінде 1 жыл.
Қосымша талаптар:
- КТСМ құрылғыларының қысқы жағдайларда жұмыс істеуге және көктемгі су тасқынын өткізуге дайындығын уақтылы тексеруге тиіс.Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж