Өндірістік бақылау жөніндегі маман (аутстаффинг)
«Өріктау Оперейтинг» ЖШС Ақтөбе қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Міндеттері:
- Қауіпті өндірістік объектілерде (ҚӨО) өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайын тұрақты тексерулерді (жедел, мақсатты және кешенді) ұйымдастыру және жүргізу, оның ішінде мұнай, газ-конденсат және айдау ұңғымаларының қоры, мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғылары (МКДҚ, МКДГ), резервуарлық парктер, компрессорлық станциялар және құбырлар.
- Техникалық куәландыру, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы, қысым астында жұмыс істейтін ыдыстарды (бөлгіштер, ресиверлер), технологиялық құбырларды және бекітуші/реттеуші арматураны техникалық диагностикалау және жөндеу кестелерінің сақталуын бақылау.
- Техникалық куәландыру, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы, қысым астында жұмыс істейтін ыдыстарды (бөлгіштер, ресиверлер), технологиялық құбырларды және бекітуші/реттеуші арматураны техникалық диагностикалау және жөндеу кестелерінің сақталуын бақылау.
- Мұнай өндіруде, ілеспе мұнайлы газды және газ конденсатын жинауда технологиялық регламенттердің сақталуын бақылау, оның ішінде белгіленген жобалық қысым және температура параметрлерінің асып кетуіне жол бермеу.
- Мұнай және газ өндіру цехтарының (МГӨЦ) персоналының газ-мұнай-су көріністері (ГМСК), ашық фонтандар және басқа да авариялық жағдайлар туындаған кезде әрекет етуге дайындығын бақылау.
- ҚӨО-да жұмыстарды орындайтын қызметкерлердің тиісті біліктілік куәліктерінің болуын, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бойынша оқытудан, нұсқамадан және білімін тексеруден уақытылы өтуін бақылау.
- Бұрғылау, ұңғымаларды күрделі және ағымдағы жөндеу (ҰКЖ/ҰАҶ), сондай-ақ мердігердің келісімшарттық аумағында жабдыққа техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындайтын мердігер ұйымдардың қызметін инспекциялық тексерулерге қатысу.
- Мердігер ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлігінде жобалық құжаттама талаптарын, жұмыстар өндірісі жоспарларын (ЖӨЖ), технологиялық регламенттерді және жасалған шарттардың талаптарын сақтауын бақылау.
- ҚӨО үшін аварияларды жою жоспарларын (АЖЖ) әзірлеуге және өзектендіруге қатысу, оқу-жаттығу сабақтарын, оқу дабылдарын және персоналмен практикалық жаттығуларды өткізуін ұйымдастыру және бақылау.
- Жұмыс орындарында қауіптіліктерді сәйкестендіру және кәсіби тәуекелдерді бағалау, авариялар мен инциденттер тәуекелін төмендетуге бағытталған кешенді іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу.
- Қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу, оларды мемлекеттік ҚӨО тізілімінде уақтылы тіркеу және қайта тіркеу үшін қажетті құжаттарды дайындау.
- Өндірістік бақылау жағдайы туралы ақпаратты жинау және талдау, жыл сайынғы есептілікті дайындау және оны белгіленген тәртіппен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына ұсыну.
- Кәсіпорын объектілеріндегі инциденттер мен авариялардың себептерін тергеу жөніндегі комиссия жұмысына қатысу, инциденттерді есепке алу, түпкі себептерді талдау (RCA), түзетуші және ескертуші іс-шараларды әзірлеу және олардың орындалуын бақылау.
- Жұмыс беруші ұсынған жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын қолдану талаптарының қызметкерлер өздерінің функционалдық міндеттерін орындау кезінде сақталуын бақылау.
- Өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған орта талаптарының бұзылуы анықталған жағдайларда жұмыстарды тоқтата тұру жөнінде шаралар қабылдау, бұл қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре алатын болса, сондай-ақ алкогольдік, есірткілік немесе өзге де уытты масаю жағдайындағы тұлғаларды берілген өкілеттік шегінде жұмыстарды орындауға жібермеу.
- Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен жедел өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, авариялық-құтқару қызмет көрсетуге арналған шарттардың орындалуын бақылау.
- Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттардың, ережелер мен нұсқаулықтардың өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы талаптарына қатысты жазбаша нұсқамалар, тапсырмалар және ұсынымдар дайындау және беру.
- Жобалық құжаттаманы қарастыруға, оны келісуге, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлігінде жобалық шешімдерді жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындауға қатысу.
Талаптар:
- жоғары техникалық білім, жұмыс өтілі кемінде 3 жыл
Шарттар:
- вахталық жұмыс әдісі 15/15
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Орташа)
- Орыс тілі (Орташа)
Ұқсас вакансиялар
"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "магистральдық желінің Павлодар бөлімшесі"филиалының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология қызметінің жетекші инженері
Павлодарское отделение магистральной сети | Еңбекпен толық қамтылу
| Павлодар облысы
25.09.2026 | 376
409 129 - 423 515
Өндірістік бақылау, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау қызметінің 2-санатты инженері-негізгі қызметкер болмаған уақытқа уақытша бос орын
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Қарағанды» магистральдық газ құбырлары басқармасы | Еңбекпен толық қамтылу
| Қарағанды қ.
22.09.2026 | 938
Кезекші емес_ Тау-кен байыту кешеніне санатсыз еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау инженері (17.06.2025 ж. No 76-17-17/1202) Курчатов қаласы – 1 бірлік.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
17.09.2026 | 2052