Тарифтік реттеу басқармасының бас маманы (қызметкердің уақытша болмау кезеңіне)

«ҚазТрансОйл» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
155

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Қоғамның инвестициялық бағдарламасын қалыптастыруға, сүйемелдеуге және іске асыруға қатысу, оның ішінде негіздеме материалдарын, бастапқы бухгалтерлік құжаттарды, есептеулерді және өзге де қажетті ақпаратты жинау мен талдау;

    Қоғамның инвестициялық бағдарламасын бекіту және өзгерту туралы өтінімдерді дайындау, жолдау және сүйемелдеу, олардың уәкілетті мемлекеттік органдарда қаралуына және қорғалуына қатысу, сондай-ақ сарапшылармен өзара іс-қимыл жасау;

    Инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептілікті дайындау және сүйемелдеу, оның ішінде деректерді жинау мен талдау, есептерді қалыптастыру, оларды жолдау, қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл;

    Инвестициялық бағдарламаның орындалуын жинақтау, жүйелеу және мониторинг жүргізу, оның іске асырылуына талдау жасау, ауытқуларды анықтау және оларды жою бойынша ұсыныстар дайындау;

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттелетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің қызмет тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша тарифтік сметалардың орындалуы, инвестициялық бағдарлама туралы есептерді дайындауға қатысу;

    Тарифтік реттеу және инвестициялық қызмет мәселелері бойынша аналитикалық жұмыс жүргізу, есептеулерді, аналитикалық материалдарды, ұсыныстар мен шешім жобаларын дайындау, сондай-ақ қаралатын бағыттар бойынша Қоғамның құжаттарын әзірлеуге және келісуге қатысу;

    Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен, еншілес және бірлесіп бақыланатын ұйымдармен, мемлекеттік органдармен және сарапшылармен тарифтік реттеу және инвестициялық қызмет мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау және жұмысты үйлестіру, сондай-ақ оған тікелей басшысымен және Қоғамның ішкі құжаттарымен жүктелген өзге де міндеттерді орындау.

Талаптар:

  • Дайындық бағытына сәйкес жоғары білім (экономикалық)
  • мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр