сату бөлімінің бастығы
АФ АО «Казпочта» «Алматинский почтамт» Алматы қ.Міндеттері:
- бөлімше басшысының және «Қазпошта» АҚ басшылығының тапсырмаларын адал, уақтылы және тиімді орындау;
- Қоғам Жарғысының және ішкі құжаттарының, жұмыс беруші актілерінің талаптарын сақтау;
- еңбек міндеттерін, оның ішінде «Қазпошта» АҚ Іскерлік әдеп кодексінің талаптарын тиімді орындау;
- тиісті деңгейдегі басшылықтың назарына кез келген операциялық проблемаларды, кәсіби әдеп нормаларының сақталмау жағдайларын немесе рәсімдердің өзге де бұзушылықтары мен теріс пайдалану фактілерін уақтылы жеткізу;
- алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа, өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл талаптарын сақтау, сондай-ақ алаяқтық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының фактілерін болдырмауға және анықтауға бағытталған іс-шараларды орындау;
- тәуекелдерді басқару бойынша мынадай функцияларды жүзеге асыру:
а) процестердің тәуекелдерін уақтылы сәйкестендіру және бағалау, сондай-ақ туындаған жағдайларды ерте анықтау және оларға уақтылы ден қою жүйесін енгізуге қатысу;
б) құрылымдық бөлімше қызметкерлерін «Қазпошта» АҚ Тәуекелдерді басқару саясатының және «Қазпошта» АҚ Тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау қағидаларының талаптары бойынша оқыту және хабардар болуын қамтамасыз ету мәселелерін үйлестіру;
в) өз құрылымдық бөлімшесі шеңберінде тәуекел оқиғалары туралы ақпаратты Тәуекелдер бойынша инциденттер базасына толық әрі уақтылы жинауды, тәуекелді/оқиғаны сәйкестендіруді, бағалауды және ұсынуды қамтамасыз ету;
г) туындаған тәуекел оқиғасы, оның туындау себептері және тәуекелдердің өзгеруі туралы ақпаратты Қоғамдағы тәуекелдерді басқару процесін ұйымдастыруға жауапты бөлімшеге толық әрі уақтылы жинауды және ұсынуды қамтамасыз ету;
д) өзінің құрылымдық бөлімшесінің бизнес-процестері шеңберінде тәуекелдерді азайту/басқару жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
е) Қоғамның қызметіне сыни және елеулі әсер ететін, жауапты бизнес-процесс иесі болып табылатын тәуекелдерді азайту/басқару жөніндегі іс-шаралардың орындалу мәртебесі туралы толық және дұрыс ақпаратты Қоғамдағы тәуекелдерді басқару процесін ұйымдастыруға жауапты бөлімшеге уақтылы жеткізу;
- Қоғам басшылығының хаттамалық тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау;
- Трансформация жобаларына және өзге де жобаларға қатысу;
- оқыту іс-шараларын әзірлеуге қатысу;
- ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысу;
- еңбек міндеттерін орындау кезінде заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік органдардың және үшінші тұлғалардың өтініштерін қарау;
- заңнамада және Қоғамның құжаттарында белгіленген есептілікті ұсыну;
- ішкі және сыртқы коммуникациялар үшін ақпарат ұсыну;
- қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша филиалдармен өзара іс-қимыл жасау;
- корпоративтік басқаруды жетілдіру жоспарлары мен бағдарламалары шеңберіндегі іс-шараларды орындау;
- қызметтің жетекшілік ететін бағыттары шеңберінде Қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету;
- бюджеттік және орта мерзімді жоспарлау рәсімдеріне қатысу;
- сатып алу мен жабдықтауды жоспарлау және ұйымдастыру рәсімдеріне қатысу;
- бухгалтерлік есепті тиісті түрде жүргізу үшін барлық қажетті бастапқы құжаттарды ұсыну;
- кеңестерді, конференцияларды, дөңгелек үстелдерді және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу;
- бөлімше жетекшілік ететін шығыс баптары бойынша бюджетті жоспарлау;
- қызметкердің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;
- Қоғам басшылығының функционалдық міндеттер шеңберіндегі өзге де функциялары мен тапсырмаларын орындау.
Талаптар:
- жоғары кәсіби қаржылық және/немесе экономикалық білім;
- жалпы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
- кәсіби саладағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
- лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білімдерді білу;
- дербес компьютерде және қажетті бағдарламаларда жұмыс істеу негіздерін білу (MS Office: Word, Excel, PowerPoint, Outlook; интернет-браузерлер: MS Internet Explorer, Adobe Acrobat Reader, WinRAR, Google, құқықтық ақпараттық базалар және т.б.);
- мемлекеттік және орыс тілдерін білу.
Еңбек жағдайлары:
5 күндік жұмыс аптасы, 09:00-ден 18:00-ге дейінгі 8 сағаттық жұмыс күні.
Түскі үзіліс: 13:00-ден 14:00-ге дейін.