«Жолаушылар тасымалы» АҚ Заң департаментінің ф.б. шағым-талап жұмысы және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл бойынша бас менеджер (17 грейд)

от 652 748
АҚ «Пассажирские перевозки» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
31

Қаралған саны:
112

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Қоғам қызметінде заңдылықтың сақталуын және оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді;
  • соттарда азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істерді қарау кезінде Қоғамның мүдделерін білдіреді;
  • функционалдық бағыт бойынша консультация береді және заңдық түсіндірмелер, қорытындылар береді;
  • Қоғам қызметіне байланысты мәселелер бойынша өтініштерді, сұрау салуларды қарау нәтижелері бойынша жауаптар, қорытындылар дайындайды;
  • жетекшілік ететін бағыттың қызметін жоспарлайды және бағынысты қызметкерлердің жұмысының уақтылы және сапалы орындалуын бақылайды;
  • Қоғамға келтірілген материалдық залалды өтеу жөніндегі жұмысқа құқықтық көмек көрсетеді;
  • ұрлық, пайдакүнемдік теріс пайдалану, жетіспеушілік және өзге де құқық бұзушылықтар туралы тиісті қызметтер дайындаған материалдарды заңдық ресімдеуді жүзеге асырады;
  • уәкілетті мемлекеттік органдарда, оның ішінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының өзге де ұйымдарында Қоғамның мүдделерін білдіреді;
  • талап арыздарды, апелляциялық, кассациялық шағымдарды, оларға қарсылықтар мен пікірлерді дайындайды және сот органдарына береді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Құқық; Халықаралық құқық; Құқықтану; Құқық қорғау қызметі.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшы лауазымдарда кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Ұқсас вакансиялар

Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс орталығының поезддік, станциялық және жөндеу-жедел радиобайланыс құрылғыларын жаңғырту және жөндеу бригадасының (радиобайланыс) электромеханигі
Центральная лаборатория автоматики и телемеханики | Еңбекпен толық қамтылу | Астана қ.
30.09.2026 |  482
от 375 822
Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс орталығының мамандандырылған теміржол автоматика, телемеханика және байланыс жасағының сымды байланыс құрылғыларын жаңғырту және жөндеу бригадасының (байланыс) электромеханигі
Центральная лаборатория автоматики и телемеханики | Еңбекпен толық қамтылу | Астана қ.
30.09.2026 |  473
от 375 822
Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс орталығының мамандандырылған теміржол автоматика , телемеханика және байланыс жасағының КТСМ жөндеу бригадасының 1 топтың (КТСМ) электромеханигі
Центральная лаборатория автоматики и телемеханики | Еңбекпен толық қамтылу | Астана қ.
30.09.2026 |  455
от 375 822