«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің жетекші бухгалтері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- 1С ақпараттық дерекқорына деректерді енгізеді, деректерді өңдеу кезінде қолданылатын анықтамалық және нормативтік ақпаратты қалыптастырады және оған өзгерістер енгізеді;
- БҚ (первичные документы) бухгалтерлік есепке қабылдайды, оның ішінде: БҚ-ны жасайды (ресімдейді) және қабылдайды; шаруашылық операциялардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру мақсатында БҚ-ны тексереді; БҚ нысаны бойынша деректемелердің дұрыстығы мен толықтығын тексереді, атап айтқанда, құжатты жасаған тұлғалардың қолдарының түпнұсқалығын анықтайды;
- Құжат нысанында көзделген барлық міндетті деректемелер мен акцептінің болуын анықтайды, түзетулер мен қателерді (жойылмаған немесе дұрыс енгізілмеген түзетулерді) анықтайды және т.б.;
- БҚ-ға арифметикалық тексеру жүргізеді, есептеулердің, қорытындылардың, пайыздардың дұрыстығын тексереді және т.б.; дұрыс ресімделмеген және түзетуді қажет ететін БҚ-ны оларды жасаған және қол қойған тұлғаларға қайтарады; қолданыстағы заңнама мен белгіленген тәртіпке қайшы келетін операциялар бойынша БҚ-ны қайтарады;
- Есеп учаскесі бойынша барлық көзделген БҚ түпнұсқаларының болуын қамтамасыз етеді, оларды істерге жинақтап, кейін архивке өткізеді;
- Бухгалтерлік есеп объектілерін ақшалай өлшеуді және шаруашылық қызмет фактілерін ағымдағы топтастыруды жүзеге асырады; оның ішінде бухгалтерлік есепте НМА (материалдық емес активтер), НҚ (негізгі құралдар) және ААҚ (аяқталмаған құрылыс), қорлар бойынша операцияларды көрсетеді; бухгалтерлік есеп объектілерін қайта бағалау нәтижелерін, шетел валютасындағы активтер мен міндеттемелер құнын теңгемен қайта есептеуді жүргізеді; шаруашылық қызмет фактілерін қорытындылайды: бухгалтерлік есеп шоттары бойынша айналымдарды жабады; талдамалық есеп деректерінің синтетикалық есеп шоттары бойынша айналымдар мен қалдықтарға сәйкестігін бақылайды;
- Есепті кезең бойынша бухгалтерлік есеп регистрлерін жүйелендіреді және қалыптастырады; есептілікті жасайды: айды жабу жөніндегі регламенттік операциялардан кейінгі деректерді тексереді, есеп учаскесі бойынша ведомстволық есептіліктің кестелері мен түсіндірмелерін қалыптастырады; өзара байланысты деректерді салыстырады; қаржылық есептіліктің құрамына кіретін есептердің сандық көрсеткіштерін қалыптастырады; есептердің дұрыс қалыптасуын есептік және логикалық тұрғыда тексереді; қаржылық есептілікке түсіндірмелер дайындайды;
- Статистикалық есептілікті Статистика департаментіне ұсыну үшін (1-ТС, 11 нысандары) қалыптастырады; НМА, НҚ және ААҚ есебін жүргізеді, оның ішінде: НМА, НҚ және ААҚ бойынша операцияларды бухгалтерлік және салық есебінде шынайы және уақтылы көрсетеді; НҚ мен НМА-ны сату кезінде және салық заңнамасында көзделген өзге жағдайларда ҚҚС бойынша операцияларды есепте көрсетеді; ААҚ объектілерін қалыптастыруды талдайды; ай сайынғы амортизация есептегеннен кейін НҚ мен НМА-ның баланстық құнын талдайды; 1 қазанға НҚ мен НМА бойынша жыл сайынғы талдау жұмыстарын бастамалайды; олардың пайдалану мерзімі қайта қаралған жағдайда 1С базасында НҚ мен НМА пайдалану мерзімдерін енгізеді; келіп түскен негізгі құралдар мен материалдық емес активтер бойынша құқық белгілейтін және растайтын құжаттар топтамасын қалыптастырады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Бухгалтерлік есеп және аудит; Экономика және қаржы
- Жұмыс тәжірибесі: бухгалтерлік есеп жүргізу саласында кемінде төрт жыл жұмыс өтілі.
Қосымша талаптар:
Құзыреттері:
-
Мамандандырылған бухгалтерлік бағдарламамен және ақпараттық-анықтамалық құқықтық жүйелермен, ұйымдастыру техникасымен жұмыс істеу; бастапқы құжаттарды (БҚ), оның ішінде электрондық құжаттарды жасау (ресімдеу); БҚ-ға кешенді тексеру жүргізу; деректерді екіжақты жазу әдісімен және жай жүйе бойынша тіркеу және жинақтау; шетел валютасында көрсетілген активтер мен міндеттемелер құнын теңгемен баламада есептеу; Қоғамның жұмыс шоттар жоспарына сәйкес бухгалтерлік жазбаларды жасау.
Дағдылары:
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп саласындағы заңнамалық актілерін, салық заңнамасын, сондай-ақ атқарылатын жұмысқа қатысты өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу;
Қоғамның есептік және салықтық саясатын білу;
Бекітілген учаске бойынша есеп жүргізуге қажетті бөлігінде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын білу;
Бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын білу;
Шоттар жоспары мен шоттар корреспонденциясын білу;
Қоғам қызметінде туындайтын операцияларды құжаттамалық ресімдеу және бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету тәртібін, құжат айналымын білу;
Тауар-материалдық және өзге де құндылықтарды қабылдау, кіріске алу, сақтау және жұмсау тәртібін білу;
Сенімхаттарды, кіріс және шығыс жүкқұжаттарын ресімдеу тәртібін білу;
Қойма есебін жүргізу және тауар-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу тәртібін білу;
Өзара есеп айырысулар есебін жүргізу және салыстыру актілерін жасау тәртібін білу;
БҚ ресімдеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасын қолдану тәжірибесін білу;
БҚ-ны жасау, сақтау және архивке тапсыру тәртібін реттейтін Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарын білу;
Бухгалтерлік есепті жүргізуге арналған компьютерлік бағдарламаларды білу.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр