""ҚТЖ-Жүк тасымалы"ЖШС-"Алматы" филиалының азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу бойынша 1-санатты Инженер

347 984 - 368 664
НОД-7 (Алматинское отделение ГП) Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
40

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Серіктестікпен, ҚР ТЖМ және жергілікті атқарушы органдармен (әкімдікпен)өзара іс-қимыл жасай отырып, азаматтық қорғаныс (ақ), персоналды эвакуациялау, тарату және төтенше жағдайларды (ТЖ) жою жоспарларын уақтылы әзірлеу, өзектендіру және іске асыру;
  • Ведомстволық бағынысты кәсіпорындар базасында азаматтық қорғау құралымдарын құру, жасақтау және тұрақты дайындықта ұстау, сондай-ақ басқару, байланыс және құлақтандыру жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету;
  • АҚ штабының отырыстарын ұйымдастыру және өткізу, уәкілетті мемлекеттік органдар үшін есептілікті дайындау, сондай-ақ АҚ және ТЖ іс-шараларын өткізуге бюджетті жоспарлау және негіздеу;
  • Комиссиялық тексерулерге қатыса отырып, филиал балансындағы қорғау құрылыстары қорының күтіп-ұсталуын, техникалық жай-күйін және құжаттамалық сүйемелденуін бақылау;
  • Бейіндік курстарда, ҚР ТЖМ бөлімшелерінде және ішкі дайындық шеңберінде азаматтық қорғау құрылымдарының басшы құрамын, командирлері мен жеке құрамын оқытуды ұйымдастыру;
  • Филиалдың Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларға және азаматтық қорғаныс бойынша жергілікті жаттығуларға толық қатысуын қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялар; логистика (салалар бойынша); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Автоматтандыру және басқару; экономика; менеджмент; Мемлекеттік және жергілікті басқару; құқықтану; халықаралық құқық; Құқық қорғау қызметі; Ақпараттық жүйелер; Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету және / немесе теміржол мамандықтары;
  • Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талап қоймай.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр