Оқу орталығының оқыту тиімділігі сараптамасы және талдау бөлімінің басшысы

«QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
6242

   Конкурс туралы
Міндеттері: 1. Оқу бағдарламаларына, материалдар мен бағалау құралдарына сараптама ұйымдастырады. 2. Білім беру үдерісі мен оқытушылар қызметінің сапасын бағалауды қамтамасыз етеді. 3. Оқытудың тиімділігін бағалауды және оның нәтижелеріне қол жеткізуді ұйымдастырады. 4. Жұмыс орнындағы қызметкерлердің құзыреттіліктерін қолдануды талдауды қамтамасыз етеді. 5. Оқытудың сапасы мен тиімділігінің деректері мен көрсеткіштерін талдайды. 6. Анықталған сәйкессіздіктерді жою және оқытудың тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды әзірлейді және іске асырады. 7. Заңнаманы, өндірістік тәуекелдерді, технологияларды және ЕТҰ қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту мазмұнын өзектендіруді қамтамасыз етеді. 8. Оқытушылар мен мамандардың құзыреттерін бағалауды ұйымдастырады және оларды дамыту бойынша ұсыныстар қалыптастырады. 9. HSE, қауіпсіздік мәдениеті және vision Zero талаптарын білім беру процестеріне біріктіруді қамтамасыз етеді. 10. Бөлімнің қызметіне басшылық жасайды, жоспарлардың орындалуын, қызметкерлердің дамуын және ОО және ЕТҰ бөлімшелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. 11. ОО директорына оқытудың тиімділігі туралы талдамалық анықтаманы(есепті) ұсынады. 12. ЖҚ бөлінісінде оқыту шарттарын орындау бойынша апта сайынғы ақпарат беру Талаптар: Білімі - жоғары білім (бағыттары - Заң, әлеуметтік ғылымдар, демография).  Кәсіптік саладағы жұмыс өтілі-білім беру процестерін басқару бөлігінде кемінде 5 жыл. Басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі-кемінде 3 жыл. Білім және дағдылар: 1.  Қазақстан Республикасының Білім, Еңбек, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамасы;  2.    Салалық және кәсіптік стандарттар, халықаралық стандарттар, мамандарды даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыру саласындағы талаптар (ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрықтары; өзгелері), БТБА; 3.    "QazaqGaz" ҰК АҚ мен ОО-ның оқытуды ұйымдастыруды, өткізуді, сапасы мен тиімділігін бағалауды регламенттейтін корпоративтік нормативтік құжаттары; білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, құзыреттерді бағалауға, деректерді талдауға және оқытудың тиімділігіне заманауи тәсілдер. 4.    Қызметкерлерді кәсіптік оқытуды, даярлауды және олардың білімін тексеруді реттейтін нормативтік құқықтық актілер; сапа және қауіпсіздік менеджменті саласындағы халықаралық және ұлттық стандарттардың талаптары; 5.    Оқытылатын мамандықтар бейіні бойынша жұмыстың негізгі технологиялық процестері мен тәсілдері. 6.    Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын оқыту және білімін тексеру бөлігінде; 7.    "Азаматтық қорғау туралы"заң 8.    Мұнай-газ қызметін реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер 9.    "Самұрық-Қазына" АҚ тобындағы заңнамаға және нормативтік актілерге сәйкес корпоративтік басқару бойынша білім мен дағдылар 10.    Ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау дағдылары 11.    ISO 9001 стандарттары ("құзыреттілік" бөліміне қойылатын талаптар және қабылданған оқыту шараларының нәтижелілігін бағалау) 12.    Оқытудағы сапа стандарттары  13.    Аналитикалық және ұйымдастырушылық жұмыс дағдылары 14.    Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары Шарттар: 5 күндік жұмыс аптасы сыйлықақылар, сыйақылар әлеуметтік.пакет