Павлодар мұнай құбыры басқармасының өндірістік қызмет көрсету базасындағы технологиялық жабдықты жөндеу және баптау учаскесінің бастығы (вахтасыз)
«ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар қ.Міндеттері:
-
1)учаскенің өндірістік-шаруашылық қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
2)өндірістік тапсырмалардың орындалуын, дайын өнімнің шығарылуын, негізгі және айналым қаражаттарының пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
3) өндірісті ұйымдастыруды, оның технологиясын, өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыруды жетілдіру, ақаудың алдын алу және бұйымдардың сапасын арттыру, барлық ресурстар түрлерін үнемдеу, жұмыс орындарын аттестаттау және рационализациялау, еңбек өнімділігін арттыру және өндіріс шығындарын төмендету резервтерін пайдалану бойынша жұмыстар жүргізеді;
4)ағымдағы өндірістік жоспарлауды, есеп жүргізуді, учаскенің өндірістік қызметі туралы есептілікті құрастыруды және оны уақтылы ұсынуды ұйымдастырады;
5)жабдықты және басқа да негізгі құралдарды техникалық дұрыс пайдалануды, оларды жөндеу кестелерінің орындалуын, еңбек үшін қауіпсіз және салауатты жағдайларды, сондай-ақ жұмыс істейтіндерге еңбек жағдайлары бойынша жеңілдіктерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді;
6)учаске инженерлерінің жұмысын үйлестіреді;
7)кадрларды іріктеуді, олардың орналасуын және мақсатты пайдаланылуын жүзеге асырады;
8)қызметкерлердің қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өндірістік және еңбек тәртібі, ішкі еңбек тәртіп ережелерін сақтауын бақылайды;
9)цех қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
10)қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау немесе электрқауіпсіздік саласындағы ережелер мен нұсқаулықтардың бұзылуы қызметкерлердің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіруі мүмкін жағдайларда жұмысты тоқтатады;
11)алкогольдік немесе есірткілік масаю күйінде жүрген қызметкерлерді жұмысқа жібермейді;
Талаптар:
- Сәйкес бағыт бойынша кадрларды даярлау (мұнай-газ, технологиялық машиналар және жабдық және т.б.) саласындағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім
- кәсіби салада кемінде 3 жыл жұмыс өтілі
Шарттар:
- 5 күндік жұмыс аптасында 8 сағаттық жұмыс күні, еңбек үшін қалыпты жағдайлар
- Жұмыс орны: Павлодар қ., Солтүстік өнеркәсіп аймағы, 263-үй
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Орташа)
- Орыс тілі (Орташа)