Күрделі құрылыс және күрделі жөндеу департаментінің технологиялық жабдықтар жөніндегі жетекші инженері

«Karabatan Utility Solutions» ЖШС Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
26

Қаралған саны:
3914

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • күрделі құрылыс жоспарларының орындалуын ұйымдастырады, монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық және техникалық құжаттаманың уақтылы берілуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ жұмыстардың мерзімдері мен орындалу сапасына, олардың бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға, жұмыс сызбаларына, құрылыс нормаларына, стандарттарға, еңбекті қорғау техникасы нормаларына, өндірістік санитария талаптарына, еңбекті ұтымды ұйымдастыру талаптарына сәйкестігіне қадағалауды жүзеге асырады;
  • технологиялық жабдықтың техникалық құжаттамасын, жабдықты монтаждау процесі мен реттілігін тексереді;
  • монтажға келіп түсетін технологиялық жабдықтың паспорттық деректеріне және жобалық шешімдерге сәйкестігін бақылауды, тексеруді жүзеге асырады;
  • жабдықтың бар-жоғын және қозғалысын есепке алу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, техникалық және есептік құжаттаманы жасау мен ресімдеуді қамтамасыз етеді;
  • құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын бақылайды; технологиялық жабдықты монтаждау кезінде қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасауға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және енгізуге қатысады;
  • күрделі құрылыс пен жөндеу жұмыстарының құжаттамасы және орындалу барысы бойынша есептілікті ұсынады.

Талаптар:

  • кадрларды даярлау бағытына сәйкес жоғары білім
  • мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл

Шарттар:

Қажетті қабілеттер

  • Организация капитального и текущего ремонта технологического оборудования
  • технологическое оборудование