Турбиналық жабдықтар бойынша обходшы-машинист, 5-разряд, ТЭЦ-3 өндірістік департаменті
«Алматы электр станциялары» АҚ Өтеген батыр а.Міндеттері:
- Машзалдағы жұмыс орындарында жарықтандырудың ақаусыз және жеткілікті болуын қадағалау, турбин цехының ауысым бастығынан ақауларды уақтылы жоюды талап ету;
- Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерінің ақаусыздығын қадағалау, олардың көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеру, ЦТАиИ цехының ауысымдық шеберінен оларды уақтылы жоюды талап ету;
- Цех бастығы жасаған кезекшілік кестесі бойынша жұмысқа шығу міндетті, кестені бұзуға тыйым салынады. Ерекше жағдайларда цех бастығының арнайы рұқсатымен бір машинист-айналып шығушыны (обходчик) цехтың басқа машинист-айналып шығушысымен ауыстыруға жол беріледі;
- Турбин жабдығы бойынша машинист-айналып шығушы ауысымды қабылдағанда міндетті түрде: турбиналардың қосалқы жабдығын аралап өту, сызбалармен танысу, жұмыс орындарының тазалығын, жабдықтың жай-күйін, өртке қарсы мүліктің (инвентардың) жағдайын және т.б. тексеру; №№ 4,3,2,1 турбиналарын аралап өту және турбин жабдығы бойынша машинист-айналып шығушыдан рапорт қабылдау, тапсыратын ауысымнан алдыңғы ауысым кезінде жабдықтың жұмысы барысында орын алған барлық өндірістік қалыптан ауытқулар туралы білу, өз кезекшілігі уақытында қандай ауыстырып-қосулар (переключения) жасалатынын анықтау, жөндеу жұмыстары қай жерде және қандай жабдықта жүргізілетінін анықтау, өз вахтасының персоналынан бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматика мен қорғаныстың, жұмыс орындарындағы жарықтандырудың жай-күйі туралы ақпарат алу; ауысым бастығына рапорт тапсырып, турбин жабдығы бойынша машинист-айналып шығушы ауысымды қабылдауға нұсқау алады;
-
Жұмыс орындарын жүйелі аралау арқылы жабдықтың жұмысын бақылау, барлық қосалқы жабдықпен және бақылау-өлшеу аспаптарымен бірге турбиналардың дұрыс әрі қауіпсіз жұмысын бақылау- тексеру;
-
Аралау кезінде турбиналардың параметрлерін қадағалау, қалыпты параметрлерден болған барлық ауытқулар туралы турбин машинисіне хабарлау;
Бақылау-өлшеу аспаптарының дұрыс жұмыс істеуіне ерекше назар аудару, ең аз ауытқу байқалғанда турбин цехының ауысым бастығына хабарлау және ЦТАиИ ауысымдық шеберін шақырып, ақауларды жоюды талап ету;
Ауысым бастығының нұсқауы бойынша турбинаны резервке (жөндеуге) іске қосу және тоқтату;
Ауысым бастығының нұсқауы бойынша немесе онымен келісу арқылы кесте бойынша резервтік жабдыққа ауысуды орындау. Деаэраторлық бактардағы сақтандырғыш клапандарды, үздіксіз үрлеудің кеңейткіштерін, РОУ /100/13, РОУ /100 /1,5, қоректендіру сорғаларын іске қосу және тоқтату, айналмалы сорғаларды, оларды жөндеуге шығару, сондай-ақ жөндеуден кейін жұмысқа енгізуді тексеру;
Сызбалардағы күрделі ауыстырып-қосуларды ауысым бастығының немесе аға машинистің бақылауымен орындау;
Жабдықта ақаулар анықталған жағдайда турбин жабдығы бойынша машинист-айналып шығушы бұл туралы ауысым бастығына хабарлауға міндетті.«Самұруқ-Энерго» АҚ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты, ішкі құжаттары, ISO 37001 стандарттары және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптарды сақтау, оларды сақтаудың мүмкін еместігі туралы тікелей басшыға хабарлау.
Нөлдік төзімділік қағидаты бойынша жасалған немесе жоспарланған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы белгілі болған жағдайда, дереу Қоғам басшылығына, «Комплаенс» қызметіне хабарлау немесе сенім телефонына (hot line) жүгіну, мүдделер қақтығысына жол бермеу.
Талаптар:
- Орта жалпы білім және энергетика ұйымдарында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі, құрылымдық бөлімшенің бейіні бойынша жұмыс өтілі болғаны дұрыс
Шарттар:
- Әлеуметтік пакетінің болуы
- Арнайы киім мен ЖҚҚ (жеке қорғану құралдарын) беру
- Персоналды тасымалдау (жеткізу)
Қажетті қабілеттер
- Знание оборудования ТЭС
Ұқсас вакансиялар